Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жергілікті бюджетке Маңғыстау кәсіпкерлерінен 21,1 млрд теңге салық аударымы түсті

05.02.2018
10:26:22
1296

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару принциптерін енгізу, ветеринарлық қауіпсіздік сияқты бірқатар мәселелер көтерілді.

Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева баяндама жасады.

Облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 47 015 бірлікті құрайды. Бұл 2017 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8 мың бірлікке артық. ШОБ-пен қамтылған  қызметкерлер саны – 112 249 адам.Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 519,455 млн. теңгеге өнім шығарды.

Өткен жылы жергілікті бюджетке 124,4 млрд. теңге салық аударымдары түсті.  Оның 17% немесе 21,1 млрд. теңгесі ШОБ тарапынан түскен түсімдер.

2018 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Бірыңғай бизнесті қолдау және Бизнесті дамыту бағдарламасы аясында облыс орталығының жобалары 27%-ды құрайды, ал қалған бөлігі (73%) - Жаңаөзен қаласының және облыстың кәсіпкерлерінің жобалары.

«Біздің алдымызда 2018 жылға дейін кәсіпкерлік қызметті арттырудың үш тапсырмасы тұр. Қаржыландыру көлемі 2,7 млрд. теңге «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасын іске асыру және 1% мөлшермен несие беру; Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін «Кәсіпкер боламын» пилоттық жобасын жүзеге асыру; Сондай-ақ, еңбек нарығының трансформациясы шеңберінде бұрынғы мұнайшыларды шағын және орта бизнеске тарту», - деді Венера Мұстапаева.

Аймақтарды цифрландыру туралы цифрландыру кеңсесінің басшысы Әлібеков Елдан Шарапатұлы мәлімдеді. Бүгінгі күні «Ақылды қала» концепциясы аясында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде алдыңғы қатарлы және тиімді технологияларды енгізу арқылы бірқатар жобалар іске асырылуда: Қауіпсіз аула, Қауіпсіз қала, «е-КСК» мобильдік қосымшасын енгізу, «Zu1u Thermo» бағдарламасы - «Жылу жүйесіндегі гидравликалық жұмыс режимінің жылуын модельдеу», коммерциялық электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін іске қосу (АСКУЭ), «InfoBus.kz», «CZ Aktau», мемлекеттік қызметтердің ресми тұғырнамасын, «MTravel» мобильді қосымшасы мен «Электрондық туризм веб-платформасын» енгізу.

Маңғыстау облысындағы цифрландырудың пилоттық жобасы Білім беру саласына бағытталады.Осылайша, Маңғыстау облысының жол картасын жүзеге асыру шеңберінде 5 жоба басталды: «Электронды мектеп», Маңғыстау облысының инновациялық экожүйесі, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына электронды кезекке тұру, T-HUNTER,1-сыныпқа арналған электронды жазба.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі 


25.05.2018
16:54:45
223
Елорданың 20 жылдығына орай Астананың шығармашылық ұжымдары  Маңғыстау облысына  концертік бағдарламасын тарту етеді. 26-28 мамырда…
23.05.2018
17:41:00
417
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері,Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі VII-XI …
23.05.2018
11:19:21
458
Өңір басшысы Ералы Тоғжанов  Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты  «Оңалту және әлеуметтендіру…
22.05.2018
17:15:39
525
Маңғыстау облысының мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің  кәсіби мерекесі қарсаңында жоғары марапатқа ие болды. Өнер…
22.05.2018
12:09:17
586
Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов  Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау  басқармасының жаңа басшысын…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz