Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Форт-Шевченко қаласы және Баутин ауылы бойынша 100 % су жүйесін жүргізу жұмыстары іске асырылуда

09.02.2018
17:43:35
1114

Бүгін Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов тұрғындар алдында есеп берді. Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекмұрат Жүсіпов қатысты.

  2017 жылдың 1 желтоқсанындағы санақ бойынша аудан халқының саны 29 141 адамға жетті. Өткен жылы ауданда 4375,2 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, облыс көлемінің 24,4%-ын құрады. Ауданның өнеркәсіп өнімдерінің ауқымы 521 383,1 млн. теңге (өсім 18,4%), өнеркәсіп өнімдерінің ауқымының индексі-98,7% (өсім 2,8%). Ауыл шаруашылық өнімдерінің  жалпы шығарылымы - 1759,8 млн. теңге, нақты көлем индексі- 107,0%. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 44853,3 млн. теңге, нақты көлем индексі- 92,7%.

Қолданысқа енгізілген тұрғын үй жалпы алаңының көлемі- 45,3 мың шаршы метр, нақты көлем индексі- 102,2%. Құрылыс жұмыстарының көлемі - 16437,6 млн. теңге болды, нақты көлем индексі- 92,9%. Орташа еңбекақы көлемі- 181306,0 теңге /өсім 9,8%/ құрады. 

Аудан бюджетінің 2017 жылға нақтыланған кіріс жоспары 6 129 858,2 мың теңге, орындалысы 100,4 %.

 «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Форт-Шевченко қаласында және Баутин ауылында су құбырын және кәріз жүргізу, түзету, Форт-Шевченко қаласындағы жеке тұрғын үйлерге жүргізілетін су құбыры және су қабылдағыш ұңғымасынан су құбырының жоғарғы станциясының алаңына дейін су таратқыш» жұмыс жобасы қорғалып, 2017-2018 жылдары іске асыру үшін 1434,5 млн. теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Бұрынғы қолданыстағы су желісіне тұрғын үйлердің 45% қамтылған болса, осы жобамен 100% жеткізу жоспарланып отыр.

Ауыл  шаруашылығы саласының нақты көлем индексі мал шаруашылығында-102,7%, егін шаруашылығында-123,8% көрсетті. Аудан бойынша барлығы 157 шаруа қожалығы тіркелген. 2017 жылы 37 шаруа қожалығымен 276,97 га жерге егін егілді, бұл көрсеткіш алдыңғы жылдан 76,7 га артық.  30 шаруа қожалығына 50% жеңілдікпен 94,1 тонна тыңайтқыш алуға 3,2 млн. теңге субсидия төленді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы  аясында  жайылымдық жерлерді  суландыру  бағыты бойынша  су көзіне сұраныс беруші мал шаруашылығы субъектісінің осы мақсатқа жұмсаған шығындарының 80%-ы субсидия түрінде өтеледі. Аталмыш бағдарлама аясында 2017 жылы 17 ұңғыма қазылды.

Шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 2017 жылы 8 %-ға өсіп, 1 781 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1745 болып, 10,7 % -ға артты.

Аудан бойынша 2017 жылы барлығы  4024  жаңа жұмыс орындары құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 31,4%-ға  өсті (2016 жылы-3063).

Аз қамтылған тұрғындарды әлеуметтік қолдау мақсатында 7 отбасының  36 аз қамтылған тұрғынына  аудандық бюджет арқылы 593,7 мың. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек, 18-жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға ай сайынғы балалар жәрдемақысымен 67 отбасының  226 баласы қамтылып, оларға –2066,4 мың. теңге  төленді.

«2017 жылы Ақшұқыр ауылынан 140 орынды, Сайын Шапағатов ауылынан 75 орынды және Таушық ауылынан 100 орынды жеке балабақшалар өз жұмыстарын бастады.Сонымен қатар, бекітілген мектепке дейінгі біліммен қамту аудандық қадамдық жоспарға сәйкес, жеке қаражатқа Таушық ауылынан 100 орынды балабақша, Ақшұқыр және  Сайын Шапағатов ауылдарынан 140 орындық 2 балабақша құрылысын мемлекеттік- жекешілік әріптестік арқылы іске асыру жоспарда бар.Үш ауысымның алдын алу  мақсатында  Сайын Шапағатов ауылы бойынша 600 орынды  мектеп құрылысы басталды, биыл пайдалануға беріледі. Осындай жоба Ақшұқыр ауылы бойынша да жасақталып, қаржыландыруға ұсынылды», - деді Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов.

Ауданда 2017 жылы – 1027 нәресте дүниеге келген /1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 35,0 промиль/. Бала өлімі көрсеткішінде  4 /4,0 промильді құрады. Ана өлімі тіркелген жоқ.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша  2017 жылы 53 маман 8,4 млн. теңге көлемінде біржолғы  көтерме жәрдемақы (70 АЕК) алса,  10 маманға баспана сатып алу үшін 34,0 млн. теңге несие берілді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

25.05.2018
16:54:45
223
Елорданың 20 жылдығына орай Астананың шығармашылық ұжымдары  Маңғыстау облысына  концертік бағдарламасын тарту етеді. 26-28 мамырда…
23.05.2018
17:41:00
417
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері,Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі VII-XI …
23.05.2018
11:19:21
458
Өңір басшысы Ералы Тоғжанов  Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты  «Оңалту және әлеуметтендіру…
22.05.2018
17:15:39
525
Маңғыстау облысының мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің  кәсіби мерекесі қарсаңында жоғары марапатқа ие болды. Өнер…
22.05.2018
12:09:17
586
Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов  Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау  басқармасының жаңа басшысын…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz