Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

21.02.2017
15:36:43
593

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев әскери жаттығу барысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

– Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы елінің нағыз патриоты болып, өз әскери міндетін соңына дейін атқарды. Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан сарбаздардың отбасыларының бәріне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия болған оқиғаның себептерін анықтауда. Мұндай қайғылы жағдай болашақта қайталанбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне мынадай мәселелер шығарылды:

– Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің 2012-2016 жылдарға арналған стратегиясының іске асырылу қорытындылары, жаңа стратегияда белгіленген алдағы кезеңге арналған негізгі қадамдардың таныстырылымы;

– әскери-техникалық саясаттың бірқатар аспектісі;

– «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары.

Елбасы құзыретті мемлекеттік органдардың күш-жігері арқасында өткен кезеңде Қазақстанда сыртқы қауіпсіздік пен ішкі саяси тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

– Әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайына, отандық экономиканың қиыншылықтарына қарамастан, макроэкономикалық көрсеткіштерді тиімді деңгейде ұстап тұра алдық. Ішкі, өңірлік және жаһандық үдерістерге қатысты жүргізілген талдау алдағы кезеңдегі еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал сын-қатерлер мен қауіптерді анықтауға мүмкіндік берді. Қазір елімізде Қазақстан халқына жолдауда көрсетілген мақсаттар мен міндеттер, ұсынылған саяси және конституциялық реформалар талқылануда. Жалпы, олардың дені республика тұрғындарының қолдауына ие болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қазіргі кезде қауіптілігі өзекті болып отырған экстремистік және террористік әрекеттерге қарсы тұру ең әуелгі міндет болып табылатынын айтты.

– Жаңа стратегияда аталған қызмет бағыттарының әрқайсысы бойынша тиісті құрылымдардың әрекет ету шаралары қарастырылған, – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға басқа да салалар мен бағыттарға қатысты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет қойды.

Ақпарат көзі: Akorda.kz

19.10.2017
16:59:44
267
Рәсім барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Кадам Шах…
17.10.2017
16:07:03
437
Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім…
17.10.2017
16:01:14
416
Кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді.Нұрсұлтан…
17.10.2017
15:55:20
436
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрлігіне бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығына…
13.10.2017
10:18:02
777
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары аясындағы келіссөздерді…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz