Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау активтері Президенттің бес әлеуметтік бастамасын қолдады
Добавлено: 06.03.2018
Изменено: 06.03.2018
Просмотров: 1432

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі бойынша облыс активімен кездесу өтті.

Кеңейтілген жиынның басты мақсаты – Елбасының бес әлеуметтік бастамасын облыс тұрғындары арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Бірінші бастама – әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру. Өткен жылдың өзінде 18% өсіммен 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 7 мың отбасы үйлі болды. Ағымдағы жылы 916 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі таңда облысымызда бір тұрғынның баспанамен қамтылу көрсеткіші 23 шаршы метр.

«Елбасы атап өткендей, әлі күнге дейін өз баспанасы жоқ қаншама отбасы бар. Бұл біздің өңір үшін де өзекті. Мысалы, облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 18 мың адам тұр, оның ішінде ең көбі: Ақтау қаласында – 9 мың адам (50%); Жаңаөзен қаласында – 4 мың адам (22%); Мұнайлы ауданында – 3 мың адам (17%). Халықты баспанамен қамту мақсатында, тұрғындар үшін ипотекалық несиенің қолжетімділігін қамтамасыз ететін «7-20-25» бағдарламасы қабылданады. Бағдарламаның тиімді және сапалы іске асуын қамтамасыз ету үшін, екінші деңгейлі банктер, құрылыс мекемелері, шағын және орта бизнес өкілдерінен құралған жұмыс тобын құру керек», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Екінші бастама – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек ақысын көбейту үшін олардың салықтық жүктемесін азайту. Маңғыстау облысы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, тұрақты жалақасы бар 250 мың қызметкерлердің  ішінде 22 мыңнан астам адам төмен жалақы алады. Бұл бастама өзін-өзі еңбекпен қамтыған тұрғындардың әлеуетін көтерудің тағы бір жолы.

Үшінші бастама – жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту. Бұл үшін 2018-2019 оқу жылында республикалық деңгейде жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлінеді. Былтыр осы мақсатта облыс бойынша сұранысқа ие әрі өңір экономикасына қажетті жергілікті мамандарды дайындау үшін арнайы 50 грант бөлінді. Биыл тағы да 50 грант бөлінеді. Облыста 26 техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарында барлығы 21 792 студент білім алуда (12 836 - мемлекеттік  тапсырыс  бойынша, 8 956 - ақылы түрде). Жатақханамен қамтылғандар саны 442 (Ақтау қаласы -200 орындық, Қаракия ауданы -200 орындық, Жаңаөзен қаласы – 42 орындық). Ал, жатақхана  қажет ететіндердің жалпы саны – 1 675. Бейнеу политехникалық колледжі жанынан 200 орындық жатақхана салуды қаржыландыру мәселесі Білім және ғылым министрлігіне ұсынылып, министрлік тарапынан қолдау тапты. 

Төртінші бастама - шағын несие беруді көбейту. Маңғыстау облысында 2017 жылы 130 адамға 474 млн. теңге көлемінде шағын несие беріліп, 219 жұмыс орны құрылды. Осы жылға бюджетте 490 млн. теңге қарастырылды. Жақында республикалық бюджетті нақтылау барысында қосымша тағы да 1,5 млрд. теңге бөлінетін болады - барлығы 2 млрд.теңге, шамамен 500 адам несие алады.

Бұл өз кезегінде, ауылдық жерде кәсіппкерлікті дамытуға мол мүмкіндік береді.

Бесінші бастама – елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. Облыстың барлық елді мекені толықтай газбен қамтылған.

«Қазіргі таңда өңірімізде жаңадан тұрғын үйлер салынатын жер телімдерін газбен қамту – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Бұл жұмыстарға бюджет қаржысынан бөлек «КазТрансГазАймақ» компаниясынан да қаржы тартылуда. Мысалы, компания осы жылы Бейнеу ауданы Бейнеу және Боранқұл, Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылдарында құны 1,2 млрд.теңге болатын 9 жобаны іске асырады. Сонымен қатар, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов, Мұнайшы ауылдарының жаңа жер телімдерін, Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарын газбен қамтуға, «Жаңаөзен-Ақтау» магистралды газ құбырының құрылысына республикалық бюджеттен қосымша 3,5 млрд. теңге бөлінетін болады», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы