Маңғыстаулық делегация БАӘ-де маңызды 4 меморандумға қол қойды
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстаулық делегация БАӘ-де маңызды 4 меморандумға қол қойды
Добавлено: 13.03.2018
Изменено: 13.03.2018
Просмотров: 2094

11 наурызда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегацияның Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары басталды.

БАӘ инвесторларымен іскерлік кездесулердің нәтижесінде 35 қабатты көпфункционалды кешен, логистикалық және индустриялық парк құрылысы, жаңа Fly Dubai әуе желісінің ашылуы, «Каспий» ӘКК мен Абу-Даби өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.

Бірінші меморандум – Маңғыстау облысының әкімдігі мен Abu Dhabi Investment Authority Егеменді қоры арасында «Көп қабатты көпфункционалды кешен құрылысы» жобасын жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім. Ақтау қаласында тұрғын үй кешені, бизнес орталықтар мен қонақ үйді қамтитын 35 қабатты ғимарат салынады. Құжатта көрсетілгендей, құрылыс жобасындағы жұмыстар цифрлық технология элементтерін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға көмектеседі. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін қазақстандық құрылыс компаниялары мен құрылыс материалдарын өндірушілер де тартылады.

Екінші келіссөз «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Абу-Даби Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту бойынша өтті. Тараптар екі елдің кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға келісті және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, экономикалық әртараптандыру арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, Маңғыстау облысына шетел инвестицияларын, жаңа технологиялар мен ресурстарды тарту жоспарланып отыр.

Ақтау әуежайы мен «Fly Dubai» авиакомпаниясы және Маңғыстау облысы әкімдігі арасында үшінші меморандумға қол қойылды.Құжатта Маңғыстау облысы мен Дубай қаласы / БАӘ арасында байланыс орнату және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау көрсетілген. Fly Dubai 2018 жылдың қазан айынан бастап 2018/2019 маусымына жоспарланған жаңа Дубай-Ақтау-Дубай рейсін ашады. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ тиісті әуежай мен жердегі қызметтерді ұйымдастыруға, сондай-ақ тиімді баға саясатына қолдау көрсетеді.

Төртінші меморандумға «Ақтау теңіз порты» АЭА басқармасының төрағасы Бауыржан Қайратов пен PBP Holdings LTD өкілі Марк Ронг қол қойды. Құжатта 60 гектар аумағы бар логистикалық және индустриялық парктің құрылысы және 50 млн. АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция тарту туралы жазылған.

Маңғыстау кәсіпкерлерінің араб инвесторларымен жүргізілген барлық іскерлік келіссөзі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың қаңтар айында БАӘ-ге ресми сапарынан кейін жалғасты. Елбасы сапарында Дубайдағы «Ақтау теңіз порты» АЭА-ны дамыту мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі мен DP World арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. «DP World» – 6 континентте 60 терминалы бар әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі.

Сапар барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және қазақстандық бизнес делегация «DP World» басшылығымен келіссөздер жүргізіп, облыс әкімі нақты ұсыныстар жасады.

«Бастапқы кезеңде ұзарту мүмкіндігімен 12 ай мерзімге шарт жасауды ұсынамыз. Сондай-ақ, ынтымақтастықтың баламалы нұсқасы ретінде «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның суб-аймақтардың бірінде басым бағыттар бойынша инвестицияларды тарту арқылы одан әрі дамыту шартымен жұмыс істеуді ұсынамыз. Сонымен қатар, «Ақтау теңіз порты» АЭА инвестицияларды тарту және жоғары технологиялық өндірістік объектілерді орналастыру аумағы ретінде қарастыру қажет», - деді Ералы Тоғжанов.

Келіссөздер нәтижесінде Маңғыстау облысы әкімдігі мен компания арасындағы меморандум нақтыланып, «DP World»  компаниясы «Ақтау теңіз порты» ААҚ басшылығымен ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниетті екендерін жеткізді.

Облыс әкімі жұмыс тобымен бірге «Jebel Ali Free Zone» АЭА-да болды. «Jebel Ali Free Zone» порты әлемдегі ең үздік 50 контейнерлік теңіз айлағы арасында 9-орынға ие. Бұл – қайта экспорттаудың (транзит) сауда логистикалық жүйесінде маңызды трансшекаралық кешен. БАӘ жыл сайын орта есеппен 1,6 млн. тонна бидай импорттайды. Орта есеппен алғанда, ішкі тұтынуға 1,2 млн. тонна бидай жұмсалса, ал қалғаны қайта экспортталады. «Ақтау теңізінің Солтүстік терминалы» ЖШС және «DPWorld» арасындағы алдын-ала келісімшарттың негізінде бизнес-үдерістерге, маркетингтік қызметке және басқа да қызметтерге толық талдау жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жобалардың жүзеге асуы Қазақстанның көліктік қызмет көрсету нарығында Орталық Азиядағы транзиттік мемлекет ретінде бәсекеге қабілетінің артуына, Жібек жолының бойында жүк тасымалының тартымдылығын қамтамасыз етуге, Парсы шығанағы, Кавказ, Түркия және Оңтүстік Еуропаның нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге көмектеседі.

12 наурызда Абу-Даби мен Маңғыстау кәсіпкерлері арасында әуе тасымалы, ақпараттық технологиялар және мұнай өнеркәсібі салаларында қарым-қатынасты нығайту мақсатында Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян мен аймақ басшысы бастаған Қазақстан-Әмірліктер бизнес форумы өтті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы