Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Үкіметте 2017-2021 жылдарға арналған АӨК мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың шаралар жоспары бекітілді

28.02.2017
16:51:11
688

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 2017-2021 жылдарға арналған АӨК мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың шаралар жоспары туралы есеп берді.

Қ. Айтуғановтың айтуынша Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген Жоспар Мемлекеттік бағдарламаның 8 міндеті бойынша 134 шарадан тұрады.

«Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қорымен инвестициялық субсидиялар есебінен алғашқы төлемді өтеу арқылы кооперативтерді басым несиелендіру, сонымен қатар ҚҚС бойынша шығындарды өтеуге кооперативтерге субсидиялар бөлу қарастырылуда. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мен әкімдіктер арасында әр жылға өңірлер тұрғысынан алғандағы нақты көрсеткіштері бар үшжақты жоспарларға қол қойылатын болады. 2017 жылы әрекет етуші кооперативтер санын 326-ға дейін жеткізу жоспарда бар», - деді бірінші вице-министр.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, бюджеттің сол көлемі сақталғанда өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту 7,5 есеге ұлғайтылады.  

Су ресурстарын тиімді пайдаланумен қамтамасыз ету үшін, су ресурстарының қажетті көлемін жинақтау үшін республикалық меншіктегі апатты су шаруашылығы жүйелері мен гидротехникалық құрылыстарды қайта құрастыру, жаңа су қоймаларының құрылысы мен жер суландыратын және су сіңіру жүйелерінің инфрақұрылымын қалпына келтіру шаралары іске асырылатын болады. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының  айналымға 600 мыңнан астам гектар жерді жүйелі түрде суландыруды енгізу, олардың ауданын 2021 жылы 2 млн гектарға дейін жеткізу туралы берген тапсырмасын атқаруға мүмкіндік береді, деді бірінші вице-министр.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді техникамен және химияландыру құралдарымен қамтамасыз етуді арттыру, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері пысықталды. Жалпы, 2017-2021 жылдардың шаралар жоспарын іске асыруға шамамен 2,4 трлн теңге қажет, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 1,2 трлн теңге, жергілікті бюджеттен – 852 млрд теңге, ШҚҰ мен шаруашылық субъектілерінен – 306 млрд теңге.

«Биыл 21 ақпанда Жоспар жобасы Республикалық бюджеттік комиссия отырысында мақұлданды, сонымен қатар Президент әкімшілігімен, тиісті министрліктермен және ведомстволармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бекітілді», - деп сөзін қорытындылады Қ. Айтуғанов.  


Ақпарат көзі: Primeminister.kz 


11.12.2017
12:33:18
327
Қазақстан Президенті Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атсалысқан азаматтармен кездесті. Мемлекет басшысы ЭКСПО конгресс-орталығы ғимаратында…
11.12.2017
12:24:07
317
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда,…
11.12.2017
12:15:09
316
Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың, отандық академиялық қоғамдастықтың, азаматтық…
11.12.2017
12:07:26
330
Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Қазақстан Президентіне Индустрияландыру картасының…
04.12.2017
10:31:11
1053
2017 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан Республикасының үкіметтік делегациясының Астанаға сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz