Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жаңғыру 3.0: инклюзивті болашақ жолында

02.03.2017
16:59:30
331

Бүгінде Қазақстан даму үлгісін ауыстыру міндетін орындауда. «Астана» халықаралық ғылыми орталығының бәсекеге қабілеттілік орталығының басшысы Әнуар Боранбаев алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін саудаға негізделген даму үлгісін барынша тұрақты әрі теңдестірілген түрге өзгерту маңызды деп есептейді. Бұл ел экономикасында қалай көрініс табады және біздің қоғам таяу болашақта өзгереді ме? Осы сұрақтарға сарапшы Рrimeminister.kz тілшісімен сұхбат барысында жауап берді.

Оның айтуынша, өндіріс пен бизнес үдерістерге киберфизикалық жүйелерді жаппай енгізудің күшіне еніп жатқан «Индустрия 4.0» атты әлемдік тренді қоғам өміріне едәуір жан-жақты ықпал етеді. Сонымен қатар экономиканың жаңғыруы әлеумет мен мемлекеттік институттардың жаңғыруынсыз мүмкін емес.  

«Қазақстан-2050» стратегиясы: уақытылы түзетулер

Ә. Боранбаев Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясының тактикалық және орташа мерзімді мақсаттары мен міндеттеріне уақытылы түзетулер ұсынылған деп есептейді. Әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру мақсатына сәйкес, еліміздегі қазіргі таңдағы шынайылықтарға сәйкес түзетулер ұсынылған. «Қазақстан-2050» стратегиясының 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған уақытынан бастап еліміздің сыртқы және ішкі жағдайларында едәуір өзгерістер орын алды.

Сарапшы пікіріне сәйкес, үш маңызды сыртқы фактор «жаңа шынайылықты» қалыптастырады. Біріншісі – шикізаттық суперциклды аяқтау және шикізаттық бағалардың барынша төменгі деңгейлердегі тұрақтандыру аймағына шығу. Ә. Боранбаев орташа мерзімдік кезеңде шикізат бағасының күрт өсуін күтудің қажеті жоқ деп есептейді. Екіншісі – аймақтандыру мен даулылықтың артуына байланысты геосаяси жағдайдың өзгеруі. Үшіншісі – екі қуатты ЕАЭО мен «Бір белдеу, бір жол» интеграциялық жобаларының дамуы. Сондай-ақ, ішкі күн тәртібі де өзгерді – Үкіметтің өсімді қаржылай қолдау мүмкіндігі күрт төмендеді.

Барлық қоғам ұсынылған идеяларды жағымды қабыл алмайды. Осы орайда сарапшы артқа көз тастап, 1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиясының жарияланған кезін еске түсіруді ұсынды. Оның айтуынша, ол кезде де халық тарапынан сенбеушілік орын алған болатын. Алайда, мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланудың арқасында «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі мақсаты - егеменді мемлекет құру мақсаты іске асырылды. Қазіргі өмір сапасы өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасымен салыстыруға келмейді. Бірақ қоғамның айтарлықтай бөлігінде шикізат үлгісіне негізделген өсімнің келеңсіз кездерімен байланысты әділетсіздік сезімі пайда болды: кірістердің тең бөлінбеуі және теңсіздіктің артуы, мемлекеттік аппараттың және сыбайлас жемқорлықтың өсуі, аймақтардың дамуындағы және қоғамдық қызметтерге қолжетімділіктегі айырмашылық.

Ә. Боранбаев бүгінде Қазақстанға шикізат үлгісінен экономика секторларының үздік теңгерімділігіне негізделген барынша тұрақты дамуға кезең-кезеңімен ауысу маңызды деп атап өтті.  

Жаңғырудың үш киті

«Менің ойымша, Жолдауда үш маңызды нәрсе ерекше атап көрсетілген. Экономиканың, әлеуметтің және мемлекеттік институттардың жаңғыруы. Бұл үш бірлікті міндет, мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғам барлық үш бағыт бойынша жаңғыртудан өтуі керек. Экономика жаңғыруы мен технологиялық жаңғыру әлеуметтің жаңғыруынсыз мүмкін емес. Әлеумет пен экономиканың жаңғыруы мемлекеттік институттардың жаңғыруына тәуелді», - деді сарапшы.

Технологиялық жаңғыру тұрғысынан алғанда сарапшы өзінің ойынша тауарлар мен қызметтер өндірісінің үлгісін өзгертетін бірнеше маңызды трендтерді атап өтті. Айта кету керек, «Индустрия 4.0»-дің Қазақстанда ықпал ететін негізгі нысандары шикізат секторының компаниялары болатынын айта кету керек. Сарапшының айтуынша, цифрландыру инфрақұрылымдық монополияларға, мемлекеттік қызметтер мен бизнес үлгілерді ұсынуға едәуір ықпал етеді.

«Біріншіден, Қазақстанда шикізат компаниялары заманауи технологияларды енгізуге мәжбүр болады, онсыз олар жаһандық бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз ететін өндімділікке қол жеткізе алмайды. Нәтижесінде жұмыс күшінің айтарлықтай саны босатылады, бұл моноқалалардың тұрақтылығына әсер етеді және ішкі көші-қонды ынталандырады», - деді Ә. Боранбаев.  

Екіншіден, оның айтуынша, жаңа технологияларды пайдалану мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерісін барынша айқын етеді, бұл сыбайлас-жемқорлық рентасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, заманауи технологияларды пайдалану инфрақұрылымдық компанияларға ұсынатын қызметтер тиімділігін бірден ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, цифрлық технологиялар тұтынушылар әрекетінің өзгерісін ынталандырады және бизнес үлгілердің өзгерісіне ықпал етеді. Бірлескен тұтыну экономикасы (Uber, AirBNB, Carsharing және т.б.), қайта тұтыну экономикасы (ресурстар қайта айналымға түскен кезде), электронды сауда (Amazon, Alibaba және т.б.) және соған қатысты цифрлық платформалар кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұдан өзге, қоғамды жаппай цифрландыру өндіріс үлгісінің өзгерісіне әкеледі.  

Қалалануды жеделдету және экономиканың күрделенуі

«Бастапқыда әлеуметтік тұрақтылық пен жұмысбастылық мәселесі экономикалық тиімділіктен басым болатын. Адамдардың қысқаруына түрлі жолдармен кедергі келтірілетін. Бүгінде ортақ бәтуаға келген: егерде біздің компаниялар, соның ішінде тау-кен өндірісі секторындағы компаниялар өздерін сақтап қалғылары келсе, олар өндіріс үлгісін өзгертуі керек», - деді Ә. Боранбаев.

Жұмыс күшінің қысқаруынан келесі мәселелер туындайды: «Босатылған жұмыс күшімен не істеу керек?», «Кері өзгеріске ұшыраған моноқалалармен не істеу керек?».

Осыған орай, сарапшының пікірінше, Қазақстанда қалалану үдерісінің күрт жеделдеуі және «жалған қалалану» мәселелерінің орын алуы мүмкін.

Ә. Боранбаев бүгінде бұл трендті елдің дамуы үшін пайдаланған маңызды деген пікірді ұстанады. Елдің дамуын ынталандыру кезінде «ядро-периферия» моделін ескерген жөн. Экономикалық қызметтің ең қиын түрлері ірі қалалар мен агломерациялар болып табылатын экономикалық тығыздылық орталықтарына шоғырланған.

«Ядродан периферияға жылжуына байланысты экономикалық қиындық пен аумақтың инвестициялық тартымдылығының экспоненциалдық төмендеуі  болады. Осы тұрғыдан Қазақстан үшін екі кәсіби қызмет көрсету орталық-хабы мен ғылымды талап ететін секторлар, және ірі өңірлік агломерациялар – өңдеу өнеркәсібінің орталықтарын құру маңызды», – деп есептейді А. Боранбаев.

Оның пікірінше, орталықтарда кластерлер құруға және дамытуға және білім ауыс-түйісіне алғышарттар жасалады. Бұдан өзге, ірі қалалар жұмыс орындарын ашудың негізгі көзі болатын микро және шағын кәсіпкерлікті табысты дамытуға мүмкіндік беретін сұранысты қалыптастырады.

Сарапшының сөзінше, Қазақстанға экономиканы күрделендіру үшін қадамдар жасау қажет.

«Менің пікірімше, Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің екі түрінде жақсы мүмкіндіктерге ие: «өңірлік процессинг» және «жергілікті нарықтарға арналған жаһандық инновациялар». Өңірлік процессинг – бұл, мысалға, тамақ, химия, мұнай химиясы және құрылыс материалдары салаларын дамыту, ал жергілікті нарықтарға арналған жаһандық инновацияларды пайдалану мысалдары машина жасаумен байланысты», – деп атап өтті Ә. Боранбаев.

Жергілікті нарықтарға арналған жаһандық инновациялардың айқын мысалы – автомобиль жасау. Бір платформаны пайдалана отырып, әр ел үшін тұтынушылардың артықшылықтары мен пайдалану жағдайының ерекшеліктерін ескеретін модель шығарылады. Қазақстанға келер болсақ, біздің жерге бейімделген күш машиналарына арналаған аспалы жабдық өндірісі осындай мысал бола алады.  

«Сонымен бірге, еліміз үшін өңделген өнім экспортын бастау маңызды екенін ұмытпау керек. Азық-түлік, мұнай химиясы, ал сосын күрделі машина жасау өнімдері экспорттық әлеуетті құрай алады. Бұл экономиканы одан әрі күрделендіруге көмектеседі», – деді Ә. Боранбаев.

Оның айтуынша, негізінен біздің экспорт тауарларымыз тауарлар кеңістігінің перифериясында орналасқан және технологиялық күрделілігі бойынша өте қарапайым. Бізге экономиканы күрделендіруге ұмтылу қажет. Бұл экономиканы әлдеқайда тұрақты және бәсекеге қабілетті етеді, деп есептейді Ә. Боранбаев.

«Орталық-периферия» үлгісі әлдеқайда дамыған ауыл шаруашылығы ірі қалалар маңында орналасқанын көрсетті. Қаладан шалғай болған сайын, соншалық қарапайым, аз күрделі, аз дамыған», – деп атап өтті Ә. Боранбаев.

Агроөнеркәсіптік кешен жеткілікті экономикалық қиындық жағдайында ғана қозғаушы күшке айналады. Сарапшы Голландия, Канада, Австралия, Аргентина, Жаңа Зеландия сияқты елдерді мысал ретінде келтірді. Бұл елдер ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты бойынша көшбасшылар. Оған қоса, бұл – экономикалық күрделілігі өте жоғары және қалаланудың жоғары дәрежесіне ие елдер. Бізде егер ауыл халқының саны қысқарса, аграрлық сектормен айналысатын ешкім болмайды деген стереотип қалыптасқан. Сарапшы бұл стереотиптен арылуды ұсынады.

Күш – бірлікте

Сонымен қатар, сарапшы Қазақстанға мықты қалаларды дамытып, жаһандық қалалардың пайда болуына және оларды дамытуға ұмтылу қажет деген пікірді ұстанады.  

«Бізде мықты қалалар аз. «Жаһандық қала» түсінігі пайда болды және экономикалық биліктің соларға көшу тренді бар. Қазақстанда әзірге бір ғана қала, Алматы, Beta тобына кіреді. Жалпы ірі қалалар, әсіресе жаһандық қалалар адами және әлеуметтік капиталды дамытуға көмектеседі», – дейді Ә. Боранбаев.

Әлеуметтік капитал деп, оның айтуынша, адамдардың бір-бірімен тілдесуі кезінде пайда болатын позитивті құбылыстарды түсіну қажет. Әлеуметтік капитал білім ауыс-түйісі әсерін береді. Сонымен бірге, Ә. Боранбаев Қазақстанға өзінің бастамашыл азаматтарын қолдаумен қатар, басқа елдерден бастамашыл адамдарды тарту қажет деп есептейді. Ол таланттар үшін тартымдылықтың соңғы рейтингісі бойынша Қазақстан 52-ші орында екенін атап өтті. Бұл рейтингте біздің ел Орталық және Оңтүстік Азияда көшбасшы болып табылады.

«Оны пайдалана аламыз ба, жоқ па, ол өзімізге, біздің қоғамның бөтендерді қабылдауға дайындығына байланысты. АҚШ, Канада, Еуропа шетел азаматтарын барынша тартатынын айта кеткен жөн. Кез келген дамыған елде таланттарды тарту бойынша бағдарлама бар», – деді Ә. Боранбаев.

Ол қазақстандық нарыққа шетелдік таланттардың келуіне қарсыласпау қажет дейді. Егер шетел азаматы елімізге келіп қандай да бір кәсіпкерлік немесе ғылыми қызметті бастайтын болса, Қазақстан халқы бұдан тек пайда көреді: жаңа жұмыс орындары ашылады, білім құрылады, ел экономикасына нақты үлес қосылады.

Әлеуметтік жаңғыртудың тағы бір маңызды міндеттерінің бірі – бұл қамқоршыл үлгіден арылу.  

«Бізде адамдардың көбісі әлі күнге дейін мемлекет олар үшін бәрін шешеді деп есептейді. Мемлекет оларды табыспен, жұмыспен қамтамасыз етуі тиіс, кіреберістерде, аулаларда және т. б. тәртіп орнату керек деген пікірде», – дейді Ә. Боранбаев.

Ол бұл тәртіп үлгісінен арылып, елдің дамуына белсене кірісу керек деп есептейді. Бірлесіп күш сала отырып қана Қазақстанның Үшінші жаңғыруындағы мақсаттарға жете аламыз.  


Барлық құқығы қорғалған.

primeminister.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде primeminister.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

primeminister.kz материалдарын пайдалану кезінде:

– басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.primeminister.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

– Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.primeminister.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

Ақпарат көзі: Primeminister.kz

26.04.2017
23:05:00
88
«Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» атты тақырыппен өткен биылғы сессияға 1500-ден астам адам қатысты.…
24.04.2017
18:21:29
94
Кездесуде Мемлекет басшысына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда еліміздің қаржы және фискалдық…
24.04.2017
18:13:41
95
Кездесудің басында Мемлекеттік хатшы Қазақстан терең әрі жүйелі жаңарулар кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтті.…
24.04.2017
18:09:07
85
Кездесу барысында Мемлекет басшысына банктің қызметі, сондай-ақ оның бұдан әрі даму перспективалары мен басымдықтары туралы…
21.04.2017
10:35:29
91
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін арнаулы мемлекеттік органның құрылуының…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz