Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

2020 жылға дейін 3-тен 6 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды 100% мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету жоспарлануда

09.03.2017
15:56:17
210

2016-2019 жылдарға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге ерекше назар аударылған. Мақсаты – төрт жылдың ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету. Осы орайда қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтып берді.

Оның айтуынша, министрлік жаңа балабақшаларды ашу мақсатында, МЖӘ-ні дамытумен белсенді түрде айналысуда. 2016 жылы 77 мың орынға 825 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Олардың ішінде 600-і жеке балабақша. Осының арқасында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету деңгейі 2%-ға өсті және 85% құрады. БҒМ осы үрдіске бизнес бастамаларды тарту жұмысын әрі қарай жалғастыруды жоспарлайды.  

Министр сондай-ақ, балабақшаға кезекке тұру үдерісін тәртіпке келтіріп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін айтты.

«Кезекке тұру бізде автоматты түрде жүргізіледі, алайда орындарды бөлу білім берудің облыстық бөлімшелерінде қолмен жүргізіледі. Бұл белгілі-бір қиындықтарды туындатып, азаматтар тарапынан көңіл толмаушылықты байқатады», - деді Е. Сағадиев.

Осы орайда ведомство барлық қалалық кезектерді бір үлкен республикалық кезекке біріктіруді жоспарлайды. Сонымен қоса, балаларды балабақшаларға бөлу жүйесі автоматтандырылады. Бүгінде Астана, Алматы, Қарағанды және Костанай әкімдіктері министрлікпен талданатын, өздерінің ішкі бағдарламаларын әзірледі. Олардың ішіндегі ең үздігі республика бойынша таратылатын болады.

«Тапсырма оңай емес, дегенмен жарты жыл, бір жылдың ішінде орындауға болады. Сол кезде бізде бәрі айқын әрі әділетті болады», - деді министр.

Мамандардың сапалы құрамын жақсарту үшін балабақшалардың педагогтеріне арналған бірыңғай даярлық бағдарламасы әзірленді. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап мектепке дейінгі жастағы балаларды дайындайтын бірыңғай бағдарлама әрекет етеді. Сол себепті де мемлекетке сауатты және даярланған тәрбиешілер керек. Министр балабақшалардың тәрбиешілерін дайындау жұмыстары мемлекеттік тапсырыстың жалпы бағдарламасына енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.  

Е. Сағадив бүгінде мектепке дейінгі мекемелерде жаңа санитарлық нормаларды қабылдау қажеттігін айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда жаңа санитарлық ережелер мен нормалар дайын, талқылаудан өткен және көптеген мамандар тарапынан мақұлданған. Наурыз айының соңына дейін жаңа санитарлық ережелер мен нормалар қабылданатын болады.  


Ақпарат көзі: Primeminister.kz


26.04.2017
23:05:00
46
«Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» атты тақырыппен өткен биылғы сессияға 1500-ден астам адам қатысты.…
24.04.2017
18:21:29
62
Кездесуде Мемлекет басшысына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда еліміздің қаржы және фискалдық…
24.04.2017
18:13:41
66
Кездесудің басында Мемлекеттік хатшы Қазақстан терең әрі жүйелі жаңарулар кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтті.…
24.04.2017
18:09:07
57
Кездесу барысында Мемлекет басшысына банктің қызметі, сондай-ақ оның бұдан әрі даму перспективалары мен басымдықтары туралы…
21.04.2017
10:35:29
61
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін арнаулы мемлекеттік органның құрылуының…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz