Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

 Құрметті маңғыстаулықтар!

08.05.2018
21:04:48
889

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдық мерекесі құтты болсын!

  Жеңіс күні - ортақ тарихымызда мәңгілік өшпестей жазылған Ерлік пен Даңқтың, Азаттық пен Абыройдың, Елдік пен Еңбектің мерекесі!

  Адамзат тарихындағы ең алапат соғыстағы аталарымыз бен әкелеріміздің батырлығы мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі ұрпаққа үлгі-өнеге болды. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ ұлтының өкілдері аңызға айналған ерен ерліктерімен жауға қарсы тұрып тойтарыс берді. Сөйтіп, Жеңіс туы желбіреуіне өлшеусіз үлес қосты. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Қасым Қайсенов пен Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен  Талғат Бигелдиновтың, Рахымжан Қошқарбаев пен Төлеген Тоқтаровтың, маңғыстаулықтар Исатай Сүйеубаев, Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдығараев, Біләл Қалиев  және басқа мыңдаған батыр жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен  жазылды. 

Бейбітшіліктің қадірі мен құнын от пен оқ кеше жүріп жанымен сезінген сұрапыл соғыс сарбаздарының кейінгі ұрпаққа сыйлаған баға жетпес бақытын қастерлеу, Отан үшін қан майданда жан қиғандарды, күн-түн демей тылда ауыр бейнетпен еңбек еткендерді еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай қызмет ету –  парызымыз. Ешқашан да жауынгер ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен ерлік істері  ұмытылмайды. 

Өкінішке қарай,халқымызға бейбіт өмірді әкелген ардагерлеріміздің саны жылдан-жылға азайып барады. Арамызда аман жүрген көзі тірі соғыс куәгерлерін сый-құрметке бөлеп, барлық жағдайын жасауға мемлекеттік деңгейде мән берілген. Қадірменді қарттарымызға денсаулық, отбасыларына амандық, баянды бақыт тілейміз.

  Жеңіс мерекесі құтты болсын! Елімізге ашық аспан, бейбіт те бақуатты өмір, әрбір шаңыраққа мол дастархан, бақ-береке, шуақты күндер нәсіп етсін!

Маңғыстау облысының әкімі   Е.Тоғжанов.


23.05.2018
11:19:21
45
Өңір басшысы Ералы Тоғжанов  Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты  «Оңалту және әлеуметтендіру…
22.05.2018
17:15:39
140
Маңғыстау облысының мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің  кәсіби мерекесі қарсаңында жоғары марапатқа ие болды. Өнер…
22.05.2018
12:09:17
205
Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов  Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау  басқармасының жаңа басшысын…
22.05.2018
11:27:36
151
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Кездесу барысында бірнеше мәселелер қаралды. Орман…
19.05.2018
10:03:56
354
Өңір басшысы Ералы Тоғжанов Ақтау қаласындағы «Хаб-19» автожол құрылысының жұмыс барысымен танысты. Бұл жол шаһардың…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz