Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысының жаңа әкіміне нақты тапсырмалар берді

14.03.2017
18:13:26
711

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысының активімен кездесу барысында өңірдің жаңа әкімі Ералы Тоғжановқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Б. Сағынтаев бастапқыда облысқа Алик Айдарбаев басшылық еткен кезде өңірдің өмірлік іс-әрекеттің негізгі көрсеткіштері бойынша қандай да бір ауытқуларсыз, серпінді дамығанын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары тұрғысынан дамудың барлық бағыты бойынша жұмысты жандандыру қажет.

Бірінші кезекте цифрлық технологиялар қолданылған жаңа индустрияларға назар аудару керек. Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуына бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасын сапалы әрі уақытылы іске асырумен қамтамасыз ету қажет. Индустрияландыруды экономиканың дәстүрлі салаларын, әсіресе еліміздің мұнай-газ кешенін жаңғыртуға басымдық бере отырып дамыту. Өнеркәсіптік саясат – елімізді үшінші жаңғыртудың маңызды түйіні, деді Премьер-Министр Б. Сағынтаев.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға баса назар аудару керек.

Минералды-шикізат базасын дамыту, облыста өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемін ұлғайту үлкен назарды талап етеді. Бұдан өзге, инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру қажет.

Сондай-ақ, басымдықты салалар ретінде Премьер-Министр «Нұрлы жер» тұрғын-үй бағдарламасын іске асыру және облыста туризмді дамыту міндеттерін айтты.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесіп, өңірдің жаңа әкімі Ералы Тоғжановты таныстырды.

Ақпарат көзі: primeminister.kz.


21.07.2017
17:29:06
222
Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларына  арналған…
18.07.2017
17:47:48
318
Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының бұрынғы президенті Қазақстанға келіп отырғанына қуанышты екенін айтып, оған «ЭКСПО-2017» халықаралық…
17.07.2017
16:20:56
328
Қазақстан Президенті елімізге сапармен келіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Испания павильонының ашылуына қатысқаны үшін А.Пасторға алғыс…
14.07.2017
17:06:24
418
Елбасы Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында құрылыстың заманауи талаптарына сай салынған «Нұрлы жол» саябағында болды.…
06.07.2017
11:11:38
509
Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, зиялы қауымның, іскер топтардың және мәдениет саласының…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz