Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда тарихи-мәдени мұралар кешенді экспедициясы басталды
Добавлено: 15.05.2018
Изменено: 15.05.2018
Просмотров: 1007

Маңғыстауда Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 турдан тұратын «Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары»  кешенді экспедициясы басталды. Ресей Ғылым Академиясының Ресей тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, тарих ғылымдарының докторы Вадим Трепавлов бастаған экспедиция мүшелері облыс әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті.

  Экспедиция мақсаты – Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұраларын зерттеу мақсатында шетелден ғалым-мамандарды тарту; Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын ұлттық және халықаралық деңгейде насихаттау, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын аймақ бойынша кешенді ғылыми экспедиция өткізу арқылы баяндау; Сакралды бағыттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу; Облыс тұрғындарының дәстүрлі және тұрмыстық бағыттарын, халық шығармашылығын (фольклор) зерттеу; Эпиграфикалық ескерткіштерге зерттеулер өткізу (фиксация);  Кешенді экспедиция қорытындысы бойынша ғылыми есептер дайындау.

  «Маңғыстау өңірі - өздеріңіз жақсы білетіндей, табиғаты бөлек, тарихы тереңде жатқан аймақ. Ғылыми зерттеулерді талап ететін, ежелгі өркениет елі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, жас ұрпақтың санасына сол қасиетті орындардың ұғымын сіңіруіміз керек. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі»  деген болатын. Міне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өздеріңіздің бірге үлкен ғылыми экспедициясыны қолға алып отырмыз. Сіздердің еңбектеріңіз -  Ұлттық тарих пен таным және патриотизмді қалыптастыруға негіз болатына сенімім мол», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Ғылыми экспедиция өлкенің баға жетпес тарихи мұрасы ұлттық идеологияның бөлігі ету, еліміздің әлемдік брендін жоғарылату, туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен патриотизмді арттыруға бағытталған. Экспедиция барысында ноғайлы кезеңінің ескерткіштері және аймақтың шыңырау-құдықтары зерттеледі. Экспедиция қорытындысы бойынша  «Kazakh TV» арнасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылатын бірнеше сериядан тұратын деректі фильм дайындалады.

«Киелі Маңғыстау жері – ата-бабаларымыздың мекені. Бұл аймақты түркі әлемінің археологиясының орталығына айналдыруымыз керек. Осындай кешенді экспедицияны қолға алып, халықаралық ғалымдарды шақырғандарыңызға рақмет айтамын», - деді Измир қаласындағы (Түркия) Эгей университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Метин Екичи.

Сондай-ақ, жиында Ә.Марғұлан атындағы Археология Институтының антикалық кезең және орта ғасыр археологиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ерден  Оралбай Маңғыстау облысынан Археология Институтының филиалын ашуды ұсынды. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы