Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Менің елім» бағдарламасының аясында Маңғыстау облысында 5 жоба жүзеге асырылды
Добавлено: 15.05.2018
Изменено: 15.05.2018
Просмотров: 1163

2017 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры Маңғыстау облысында ауқымды «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске қосты.

«Менің Елім» бағдарламасы Қордың компаниялар тобы бар өңірлерінде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар сериасын біріктірді. Бағдарламаның басты мақсаты – өңірлердегі өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларындағы өмір сүру деңгейіне дейін жоғарылату.

«Менің елім» бағдарламасы бірнеше бағытты қамтиды: азаматтық бастамаларды қолдау арқылы жергілікті қоғамдастықтарды дамыту, әлеуметтік инфроқұрылымды дамыту, тарихи-мәдени мұраны жаңғырту және салауатты өмір салтын дамыту.

Өткен жылы «Samruk-Kazyna Trust» Қоры өңірде 4 маңызды жобаны іске асырды. Атап айтқанда, жалпы білім беру мектептерін спорттық құралдармен қамту бағдарламасының аясында Маңғыстау облысының 50 мектебі 47 жаңа спорттық құрал комплектімен қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек, есту, көру және ойлау қабілеті нашар балаларға арналған 4 түзету мектебі арнайы түзету және дидактикалық құралдармен жабдықталды. Сонымен қатар, осы мектептерде балалардың демалуы үшін жұмсақ және сенсорлы бөлмелер орнатылды.

Маңғыстау облысының әлеуметтік кәсіпкерлері «Менің елім» бағдарламасы бойынша бөлінген 500 мыңнан 2 миллионға дейінгі гранттар арқылы өз жобаларын дамытуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалаларында, Мұнайлы ауданының екі ауылында және Маңғыстау ауданында орналасқан Шетпе кентінде 12 ойын алаңы мен спорт алаңдары ашылды.

2018 жылы Маңғыстау облысында мектеп оқушылары арасында Инновациялық жобалар олимпиадасы өтті. Бас жүлде ағылшын тілін үйрену үшін Ұлыбританияға бір айлық сапар болды.

Анықтама:

2016 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры қайырымдылық қызметінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның басты мақсаты – өңірлердегі инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қауымның өмір сүру сапасы мен әлеуметтік ортаның жоғары стандарттарына, білімге, мәдениет пен спортқа қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға ықпал етуді көздейді.

Бүгінгі таңда Бағдарлама 4 облыста – Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облысында жүзеге асырылып жатыр.

«Менің Елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасының дамуы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі, ең алдымен - Қордың компаниялар тобының қайырымдылық операторы болып табылатын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының міндеті.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы