Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ақтауда Өңірлік штаб отырысы өтті

16.03.2017
16:57:31
225

Маңғыстау облысы бойынша Өңірлік штаб басшысының орынбасары, Маңғыстау облысы Индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысының м.а. Гүлжан Байдуллина төрағалығымен және штаб өкілдерінің, мемлекеттік органдардың, сәйкестікті растау органдарының, СО/СЗ, облыстың өндіруші-кәсіпорындары басшыларының және басқа да бизнес-қауымдастық субъектілерінің қатысуымен 2017 ж. 16 наурыз айында Ақтау қаласында техникалық реттеу, сертификаттау сұрақтары бойынша Өңірлік штаб отырысы өтті.

Отырыс Маңғыстау облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткізілді.

2016 ж. 14 желтоқсан айында техникалық реттеу, сертификаттау сұрақтары бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің делегациясының қатысуымен өткізілген кеңейтілген Өңірлік штаб отырысында «Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарға қатысты заң талаптары мен қабылданған нормативті-құқықтық актілерге» қосымша түсінік беру үшін, «Аймақтағы бағалы металдар мен асыл тастарды сынамалау мен таңбалау жүргізу мақсатында, Маңғыстау облысында сынама палатасын құру мүмкіндігі жөнінде» баяндамасымен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының м.а.  Тлектес Атшыбаева сөз сөйледі.

«ЕАЭО «Балық және балық өнімдері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптары жөнінде» ақпаратымен және ЕАЭО ТР-гі стандарттар тізімін таныстыру бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалы директоры Марина Гатитуллина сөз сөйледі.

Тамақ өнімдері кәсіпорнында тамақ өнімдерінің, соның ішінде балық және балықтан жасалған өнімдердің сәйкестігін растау, ХАССП қағидасына негізделген рәсімдерді жасақтау, енгізу және қолдау мәселелері бойынша «ҰСжСО» АҚ Маңғыстау филиалының сәйкестікті растау бөлімі басшысы - Ольга Гришина  түсінік беріп өтті.

«Қазақстанның экспортқа бағдарланған кәсіпорындарын саудадағы техникалық тосқауылдар мен ДСО елдер-мүшелерінің СФС шаралары жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету» тақырыбында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының жетекші маманы  Аида Тастемірова баяндады.

Отырыс соңын «Қазақстан Республикасы «Стандарттау туралы» заң жобасына заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер жобалары туралы» ақпаратымен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының бас маманы Әсел Қонакбаева түйіндеді.

Өңірлік штаб отырысы қатысушы бизнес субъектілері өкілдері, соның ішінде жеке кәсіпкерлер және Заңды тұлғалар мен  жеке кәсіпкерлер бірлестігі «Зергерлер лигасы» өкілдері, мемлекеттік органдар, сәйкестікті растау жөніндегі орган, сынақ орталықтары, салыстырып  тексеру зертханалары мен тамақ өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлер өкілдерімен белсенді түрде өткізілді.

ЕАЭО «Балық және балық өнімдері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті редакциясына, қосымша бөліміндегі анықтамаларға; Өтпелі кезең шешімін орнату бойынша (техникалық регламент күшіне енген күннен бастап, ЕАЭО Техникалық регламентінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын, өнімдерге қатысты берілген және қабылданған құжаттардың сәйкестігін бағалау (растау) жөніндегі жарамдылық мерзімі; бұрын нормативті-құқықтық актілерде орнатылған, міндетті талаптарға сәйкес Еуразиялық одақтың кедендік аумағындағы өнімдердің өндірілуі мен шығарылымының мерзіміне) ұсыныстар, сонымен қатар, 2012-2016 жж. стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңеспен қабылданған және ұсынылған тізімге енгізілген, мемлекетаралық стандарттар қатарының дәрежесін анықтау (Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыру) бойынша ұсыныстар қатысушылармен берілді.

Отырыс нәтижесінде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды Техникалық реттеу және метрология комитетіне, сондай-ақ, мемлекеттік жасақтаушы-орган - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдау туралы шешім қабылданды.

Сәйкестікті растау жөніндегі орган, сынақ орталықтары, салыстырып  тексеру зертханалары басшыларымен алдын ала, өз кәсіпорын базасында сынама палатасын құру жөнінде талдау жасалынды. ӨШ отырысында шақырылған СРО, СО/СЗ өкілдері аса үлкен қаржылық салым салдарынан (бөлме, жабдықтарды сатып алу, сарапшы-аудитор даярлау) және аталған жұмыстың өтемділігінің аздығынан сынама палатасын құру тиімсіз деп есептеді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер тарапынан бастамашылық білдірмеуіне байланысты және қызығушылық танытпауына орай, Маңғыстау облысы аумағында бағалы металдар мен асыл тастарды сынамалау мақсатында уәкілетті ұйым өкілін шақырту мүмкін емес деп есептелінді.

Өңірлік штаб өткізудің мақсаттары бағалы металдар мен асыл тастартар жасалған бұйымдарға қатысты қабылданған нормативті-құқықтық актілер жөнінде аумақтағы қызығушы тараптарға мәліметті жеткізу; аймақтағы бағалы металдар мен асыл тастарды сынамалау мен таңбалау жүргізудің мүмкін жолдары; қызығушы тараптармен ЕАЭО ТР жобаларын, ЕАЭО ТР-гі стандарттар тізімін талқылау; өнімнің сәйкестігін растау бойынша сұрақтарға жауап іздеу екендігі ескерілді.


25.04.2017
19:35:36
23
Кеше облыс әкімдігінде Ералы Тоғжановтың қатысуымен аппарат мәжілісі өтті. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Ш.Лазарқызы республикалық…
24.04.2017
21:44:31
65
  22-сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау шекара отрядының мемлекеттік шекара бөлімшелерінде болды.…
24.04.2017
10:46:18
65
22 сәуір күні Ақтау қаласында «Батыр» спорт кешенінде NFC-9 (Naiza Fighting Championchip) ережесіз жекпе-жектен халықаралық…
21.04.2017
20:30:03
210
21 сәуір күні Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Нұр Отан» партиясы…
21.04.2017
20:14:31
112
20 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  «Наурыз мерейі» облыстық қайырымдылық акциясының қорытынды концертіне…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz