Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстаулық мәдениет пен өнер майталмандары марапатталды

22.05.2018
17:15:39
1062

Маңғыстау облысының мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің  кәсіби мерекесі қарсаңында жоғары марапатқа ие болды. Өнер майталмандары үшін арнайы концерт ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді. Шараға қатысқан Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бір руханиат жанашырларына төс белгі тағып, диплом мен сыйақы тапсырды. Атап айтсақ, Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен  өнер зерттеуші Айтберген Жаңбыршы, белгілі жыршы Жеткізген Сейтов, Маңғыстау аудандық мәдениет үйінің  әдіскері  Жапырақ Танашева, Жаңаөзен қалалық «Мұнайшы» мәдениет үйі жанындағы «Асыл мұра» халықтық фольклорлық ансамблінің жетекшісі Қаракөз Кемерова марапатталды.

Сондай-ақ  2017 жылдың  қорытындысы бойынша мәдениет  және өнер саласының  үздік қызметкерлері  облыс әкімінің қолынан арнайы диплом және 300 000 теңге көлеміндегі сыйақы алды. Мерекелік шарада сөз алған өңір басшысы Ералы Тоғжанов: «Мәдениет пен өнер – әрқашанда ұлттық руханиятымыздың басты тірегі болып келді және бола береді де. Сондықтан ұлттық болмысымызды сақтау – Сіз бен біздің қасиетті парызымыз.

Ұлт болашағы ең алдымен әдебиетке, мәдениетке, өнерге тікелей байланысты. Қазақ халқының тумысынан бойында қалыптасып, қаны мен жанына сіңген асыл қасиетті қазыналарға негізделетіні де сөзсіз.

Киелі Маңғыстау өңірінің өзінде Өдеріңізге белгілі, Өңірлік төлтума мәдени брендтің бірегейі болған Маңғыстаудың жеті қайқысы мен бес жүйріктерінің өзі осының нақты дәлелі» деді.

Күні бүгінге дейін өнер майталмандарының қатысуымен өткен шаралар аз емес. Мәселен, еліміздің, өңіріміздің мәдени өмірінің әлемге танылуына айтарлықтай ықпал еткен «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің Австрия, Түрікменстан республикаларындағы концерттік сапарларын, облыс өнерпаздары мен қолөнершілерінің  халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі сәтті өнерін, Маңғыстау облысының Түркменбашы қаласындағы мәдени күндерін, жекелеген өнер ұжымдарының шетелдердегі конкурс, фестивальдердегі елеулі табыстарын ерекше атап өтуге болады.

Республикалық деңгейде өткен Отпан таудағы Амал тойы, Есенғали Раушанов, Сабыр Адай және Светқали Нұржан сынды ақындарымыздың  шығармашылық кештері, 11 жылдан кейін өткізілген ақындар айтысы;

 Күні кеше ғана өткен Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының 15 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Бұл шаралар тек аталып қана өткен жоқ, ұлттық рухымызды көтеріп, салт-дәстүрімізді жаңғырта түскені анық.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


22.06.2018
12:27:13
104
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Dubai Port World (БАӘ) ірі порт операторының басқарушы директоры Ризван…
21.06.2018
20:21:50
137
Маңғыстау облысы елді мекендерді байланыс желілерімен қамту бойынша көшбасында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Қазақтелеком»…
21.06.2018
17:44:21
192
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов CSI консалтингтік компаниясының мамандарымен кездесеіп, бірлескен жобаның атқару механизмін қарастырды.  Сарапшылар…
20.06.2018
19:03:14
267
Ақтауда мектеп бітіруші жастарға арналған «Жастүлек  –  2018» салтанатты шарасы өтті Облыс әкімі Ералы Тоғжанов…
15.06.2018
23:42:08
677
Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz