Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ақтауда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі жаңашылдықтарды жеткізді

17.03.2017
10:19:12
149

17 наурыз Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймаққа  жұмыс сапарымен  келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңеске қатысты.

  Шараға облыс әкімі қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары және тағы да басқалары қатысты.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мен еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту көзделетін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (әрі қарай – бағдарлама) жүзеге асырылуда. 

  -Бағдарламаның алғашқы бағыты аясында 2,5 жыл оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім беру ұйымдастырылып, бұл жерде бәрінен бұрын, мектепті аяқтаған соң оқу орнына түспеген жастар назарға алынады. Биыл техникалық және кәсіби оқуға 21 мыңнан астам жас қазақстандық ілігеді. Мемлекет, оқуға кететін шығындарды толық жауып, шәкіртақы төлейтін болады. Жол ақысы мен тұру қаражаты да өтеліп, техникалық және кәсіби білім беру нысандарында оқитындарға бір реттік ыстық ас беріледі», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

  Сонымен қатар, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары аясында кәсіби оқытуға арналған қысқа мерзімді курстар өткізілмек (1-ден 6 айға дейін).

  Алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін, мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында арнайы дәрісханалары бар жылжымалы кешендер түрінде, шалғай ауылдық жерлердегі аз сыйымдылықтағы мектептер ауқымында, жұмыс берушілер мүмкіндігін пайдалануда.

Тамара Дүйсенова, Бағдарлама қатысушыларына несие, қалалық жерлерде «Даму» қоры арқылы, ауылда және шағын қалаларды Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы берілетінін хабарлады. Несие сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өскен (18 млн теңгеге дейін) және мерзімі 5 жылға дейін (мал маруашылығы мен ауылшаруашылық кооперативтеріне – 7 жылға дейін). Жылдық мөлшерлемесі – 6% шамасында. Осымен бірге, несие беру кезінде Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген: бастауыш кәсіпкерлерге 85% және кәсібі қызмет етіп тұрған бизнес иелеріне 50% маңайында.

  Бағдарламаның үшінші бағытында жекелеген азаматтар санатын жұмысқа орналастыруда нақты қолдауды күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды көтеру және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту мақсат тұтылуда. 

  -Біз, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар тәрізді жастар мен әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сұранысқа ие құралдарды қолдануды жалғастыратын боламыз. Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру мақсатында, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарды мемлекеттік қолдау көзделуде. Анығырақ тоқталсақ, оларға, жол ақысы мен жүк тасу шығындарын өтеуге арналған және бастапқы бейімдеу қаражаты беріледі. Биыл 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу жоспарлануда», - деп министр хабарлады.

  Осы жылы бағдарламаны жүзеге асыруға арналған бюджет қаржысы 85,3 млрд теңгені құраса, оның ішінде Маңғыстау облысына 2,2 млрд теңге бөлінген. Өңірде бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5,6 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

  Жоғарыда айтып өткенімдей, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің министрлік, ресми статистика мағлұматтарын арқау ете отырып, елді-мекендер бойынша осы санатқа жататын адамдар тізімін жасақтады. Тізімді барлық өңірге тараттық. Ауыл әкімдері қысқа мерзім ішінде олардың мәртебесін анықтау жұмыстарын жүргізіп, яғни аталған адамдардың жұмыссыздар немесе өнімсіз жұмыспен қамтылғандар екенін нақтылауы қажет.  Әр азаматтың мәртебесін анықтау арқылы, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды белсенді жұмыспен қамту шараларына тартып, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарна аударатын адамдар санын нақты анықтап, оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті, Тамара Дүйсенова.

Министр, бұдан тыс, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың көтерілуі жайлы айтты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдауда Қазақстанның бес негізгі даму басымдықтарын белгілеп берді. Аймақта оны жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер бар. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары әрбір елді-мекенді, әрбір тұрғынды қамтып, барлық сұраққа жауап беруі қажет. Маңғыстау облысы экономикасымен бірге, сондай-ақ табиғи өсімі мен ішкі көші-қон жағынан халықтың саны күннен-күнге артып отырған қарқынды дамып келе жатқан өлке екені белгілі. Бүгінде халық саны 700 мың адамға жетіп отыр. Бұл – өте жоғары көрсеткіш, - атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Содан соң Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  және министр Тамара Дүйсенова Ақтау қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ,  «е-Халық»  ақпараттық жүйесінің таныстырылымы және өңірлік «Жаңа серпін» жұмыспен қамту бағдарламасы ұсынылды.

Сонымен бірге, Тамара Дүйсенова Мұнайлы ауданының қамту және халыққа қызмет көрсету орталығына барып, «е-Халық» ақпараттық жүйесін енгізудегі дайындығы бойынша Басқұдық ауылы әкімінің қызметімен танысты.

Жұмыс сапары соңында министрлік басшысы еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру және басқа облыстарға азаматтардың өз еркімен көшуіне ықпал ету бойынша аймақтық «Өркен»  бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатқан  500 орынға арналған жұмысшылар жатаханасының құрылыс жұмыстарымен танысты.

      Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі  


25.03.2017
12:39:25
166
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов айлық санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары аясында Ақтау қаласының…
24.03.2017
20:16:16
143
Ақтау қаласында наурыз айының 23-29 күндері қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада өтеді.…
24.03.2017
20:04:52
123
 Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтаудағы бұрынғы пластикалық массалар зауытыалаңында болды. «Бизнестің жол картасы-2020»…
24.03.2017
10:17:58
158
23 наурыз күні Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен Мұнайлы ауданының активімен отырыс өтті. Кездесу барысында ауданның…
23.03.2017
20:09:08
165
Қазіргі аурухана 1967 жылы 40 төсекті тораптық теміржол ауруханасы ретінде салынған, ал бүгінгі таңда аудандағы…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz