Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ералы Тоғжанов Маңғыстау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

20.03.2017
21:56:22
893

20 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданында болды. Аймақ басшысы «Каспий Цемент» өндірістік базасымен танысып, мифолог-ғалым Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайға барды. 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен салынған мұражай қазақ мифологиясының танымал зерттеушісі тұрған, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында орналасқан.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Маңғыстау ауданының Шайыр елді мекеніндегі әлеуметтік маңызды нысандарды аралап шықты. Облыс әкімі 2013 жылы республикалық бюджет есебінен салынған Шайыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның сапасымен, ондағы медициналық қызметтің қолжетімділігімен танысты. Мұнда күніне 30-ға жуық адамды қабылдайды.

Ералы Тоғжанов Шайыр ауылындағы орта мектептің жанынан меценат демеушілігімен өткен жылы салынған алғашқы спорт кешенінің жұмысымен танысты. Жоба құны – 43 млн.теңгені құрайды, бұл қаржыға заманауи спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды. Бүгінгі таңда дзюдо, күрес, бокс секцияларына 60-тан астам жасөспірім қатысады.

Сондай-ақ, облыс әкіміне Шайыр ауылынан 2016 жылы ашылған газдалған және газдалмаған минералды су өндіретін ««Шетпе сулары LTD» ЖШС цехының жұмысын таныстырды. Демеушілер есебінен салынған кәсіпорыннан 27 жұмыс орны ашылған. Шикізат ретінде тиісті зертханалық зерттеулерден өткізілген жер астынан шығатын табиғи су пайдаланылады. Цех автоматтандырылған құрылғылармен жабдықталған. Дайын өнім 9, 3, және 1,5 литрлік сапалы пластикалық ыдыстарға құйылып, «Шайыр су» атты маркада шығарылады.

Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы Жыңғылды ауылындағы су резервуары құрылысының екінші кезеңімен танысты. Жер астынан жиналған су резервуарға жиналып, барлық үйге жіберіледі. Су құбыры тұрғындардың үйінің қасына дейін жүргізілетін болады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға су құбырын үйге тарту үшін мемлекеттік көмек көрсетіледі. Резервуар құрылысының жұмыстары осы жылдың тамыз айында аяқталып, іске қосылады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


21.04.2018
14:45:03
548
Ақтауда «Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі, Каспий маңы елдерінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық аспектілері» атты халықаралық…
20.04.2018
10:49:27
668
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркіменстанның Балқан уәлаятына барды.Делегация құрамында құрылыс индустриясы, азық-түлік,…
14.04.2018
01:16:57
1038
Бүгін Астана қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде (қазақ,…
12.04.2018
17:34:13
1130
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Космонавтика күні қарсаңында «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК»АҚ вице-президенті, ғарышкер, Халық қаһарманы,…
09.04.2018
17:20:48
1464
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік,…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz