Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экнонмикалық дамуына оң баасын берді

08.06.2018
21:01:26
1400

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экнонмикалық дамуына оң баасын берді

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары Ақтаужағы бірнеше кәсіпорында жалғасын тапты. Атап айтсақ, «Шлюмберже» компаниясының өндірістік базасын және «Aktau Steel» ЖШС металлургиялық зауытын аралады, онда цифрландыру және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу барысымен танысты. Қазақстандағы «Шлюмберже» басшысы М. Разиев цифрландыру барысы туралы баяндады. Ол Шлюмберже «Цифрлық кен орны», «I-invoicing», «Шот ұсыну» жобалары бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, КНОС, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», «Теңізшевройл» ЖШС секілді мұнай өндіруші кәсіпорындарға қызметтер ұсынумен айналысатынын айтты. М. Разиевтің мәлімдеуінше, келешекте кәсіпорын Каспий өңірінде жобаларды іске асыру кезінде қолдау көрсететін тораптық орталыққа айналуға мүдделі.

Сапардың келесі нысаны өнеркәсіптік аймақ аумағында орналасқан және биыл наурызда жаңғыртудан кейін пайдалануға берілген «Aktau Steel» ЖШС металлургиялық зауыты болды. Айта кету керек, реконструкциялау жобасы $22 млн сомасына шетелдік инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылды.

Премьер-Министр әлемдік стандарттарға сай келетін жаңа жабдықтар орнатылған электрлі болат балқыту және илем цехін көрді. Бүгінгі таңда өндірістік қуаттылығы жылына 300 мың тонна шаршы дайындама пен 250 мың тонна құрылыс арматурасы илемін құрайды. Дайын өнім ішкі нарыққа жөнелтіледі, сонымен қатар шетелге экспортқа шығарылады. 

Аралау кезінде «Aktau Steel» ЖШС директоры Р. Мирзаев қазіргі кезде кәсіпорында 150-ге жуық жұмыс орны құрылғанын айтты. Сонымен қоса, зауыт толық қуаттылығына шыққан соң жұмыс орындарының саны екі есеге артпақ. Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, онда кәсіпкерлік туралы жаңа заң аясында қызмет көрсетуге дайындық барысымен танысты. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Н. Қарасаев Орталықтың қызметі және жергілікті бизнесмендерді қолдау шаралары туралы айтып берді. Облыста «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанында 2 КҚКО жұмыс істейді: Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, сонымен қатар облыстың барлық аудандарында КҚКО қызметкерлері бар. 2017 жылы барлығы 22 мыңға жуық қызмет көрсетілген, осы жылдың 5 айында — 9 мыңнан астам қызмет ұсынылған.

КҚКО келесі бағыттар бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсететінін атап өткен жөн: сервистік және консалтингтік қызметтер, кәсіпкерлік негіздері мен «Жаңа серпін» жұмыс кәсіптеріне оқыту, инвестициялық жобаларды, ХҚКО қызметтерін, салық төлеуші терминалын сүйемелдеу. Сонымен қатар мұнда коммуналдық қызметтерге қосылуға өтінімдер цифрлық форматта қабылданады. Үкімет басшысы сапар соңында өңір активімен және жұртшылығымен кездесті. Жиында өңірдің дамуы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары жайында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндады: Облыс экономикасыныңдамуына Президенттің бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде айқындалған іс-шаралар да оң септігін тигізуде. Бірінші кезекте бұл - құрылыс жұмыстарына қатысты. 2018 жылдың жоспары - 916 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру.

Қазіргі таңда облысымызда бір тұрғынның баспанамен қамтылу көрсеткіші 23 шаршы метр. Тұрғын-үйді пайдалануға беру өсімін жыл сайын 10%-ке арттыра отырып, 2025 жылға дейін облыстың әрбір тұрғынын 30 шаршы метр баспанамен қамтимыз. «7-20-25» бағдарламасыбойынша Маңғыстау облысына бір қарыз алушыға несие 25 млн. теңге көлемінде белгіленді. Студенттерді жатақханамен қамтуүшіноблыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы 2600 орындық 6 жатақханасалынады (Ақтауда 1500 орындық 3, Жаңаөзенде 100 орындық 1, университет үшін 1000 орындық 2 жатақхана). Жер телімдері белгіленді деді. Жиын соңында Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң бағасын берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


22.06.2018
12:27:13
106
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Dubai Port World (БАӘ) ірі порт операторының басқарушы директоры Ризван…
21.06.2018
20:21:50
138
Маңғыстау облысы елді мекендерді байланыс желілерімен қамту бойынша көшбасында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Қазақтелеком»…
21.06.2018
17:44:21
193
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов CSI консалтингтік компаниясының мамандарымен кездесеіп, бірлескен жобаның атқару механизмін қарастырды.  Сарапшылар…
20.06.2018
19:03:14
268
Ақтауда мектеп бітіруші жастарға арналған «Жастүлек  –  2018» салтанатты шарасы өтті Облыс әкімі Ералы Тоғжанов…
15.06.2018
23:42:08
679
Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz