Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Елбасы Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

11.04.2017
10:19:12
139

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2016 жылғы қызметінің қорытындылары жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды.

Сондай-ақ, кеңеске Қазақстан Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ә.Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Қаржы министрі Б.Сұлтанов және Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Ұлттық банк пен еліміздің қаржы жүйесі тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

– «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда Үкімет пен Ұлттық банктің алдына әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөнінде міндет қойылды. Ол үшін Оңтүстік Корея сияқты әлемнің бірқатар елдерінің табысты тәжірибесіне сүйену қажет. Бірақ инфляцияны кезең-кезеңімен төмендету 3-4% деңгейінде болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы қаржы секторындағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған, үнемі кездесетін қатерлерге назар аударып, ұлттық экономиканы дамытудың қазіргі қарқыны жеткізіліксіз екенін айтты.

– Бұл мәселені шешу үшін макроэкономикалық тұрақтылыққа, банк секторын сауықтыруға және қор нарығын дамытуға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Қойылған міндеттерді іске асыруда Ұлттық банк басты рөл атқарады, – деді Мемлекет басшысы.

Д.Ақышевтің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 13,6%-дан 8,5%-ға төмендеген. Биылғы наурызда бұл көрсеткіш 7,7% болды.

– 2017 жылдың соңында инфляция деңгейі 7%-ға жетіп, 2018 жылы одан әрі төмендейді деп жоспарлануда. Инфляция қарқыны бәсеңдеп келеді. Айырбас бағамының аздаған ауытқулары орын алып отыр. Бұл ретте ол толығымен негізгі факторларға тәуелді. Ұлттық банк тарапынан былтырғы қыркүйектен бастап интервенция жүргізілмегенін атап өткен жөн, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаевқа 14 млрд АҚШ доллары көлемінде рекордтық мөлшердегі шетел инвестициясы келгені және еліміздің сыртқы қарызы азайғаны туралы мәлімделді.

Д.Ақышев Қазақстан Президентіне Ұлттық банк пен Ұлттық қор резервтерінің ахуалы, монетарлық саясаттың іске асырылу барысы, валюта нарығының жағдайы, банк секторы мен қор нарығының дамуы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк көрсететін қызметтердің цифрландырылуы, сондай-ақ осы саладағы жаңа сын-қатерлер туралы баяндады.

– Еліміздің банк секторын сауықтыру жөнінде шаралар қабылдауды тездету керек. Қажет болған жағдайда, акционерлер өз банктерін нақты ақша арқылы қайта капиталдандыруға тиіс. Сондай-ақ, олар әлсіз банктерді біріктіруге бейімделуі тиіс, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы ипотекалық қарыз проблемаларын қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылу мәселелеріне ерекше тоқталып, азаматтардың қаржылық жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Ақышев ұсынған есепті мақұлдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

– Үкімет пен Ұлттық банкке бұған дейін жүктелген міндеттерді шешу жөнінде келісілген іс-қимылдар әзірлеу тапсырылады. Отандық және халықаралық деңгейдегі былтырғы тәжірибені ескеріп, айырбас бағамы өзгеруінің түрлі жағдайындағы іс-қимылдың нақты алгоритмі пысықталсын. Экономиканы ұзақ мерзімге несиелеу көлемін арттыру мақсатымен шұғыл депозиттерді көбейту шаралары әзірленсін. Қор нарығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандырып, валюталық ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөнінде ұсыныстар енгізілсін, – деді Қазақстан Президенті.

Ақпарат көзі: Аkorda.kz.

24.04.2017
18:21:29
30
Кездесуде Мемлекет басшысына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда еліміздің қаржы және фискалдық…
24.04.2017
18:13:41
32
Кездесудің басында Мемлекеттік хатшы Қазақстан терең әрі жүйелі жаңарулар кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтті.…
24.04.2017
18:09:07
28
Кездесу барысында Мемлекет басшысына банктің қызметі, сондай-ақ оның бұдан әрі даму перспективалары мен басымдықтары туралы…
21.04.2017
10:35:29
30
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін арнаулы мемлекеттік органның құрылуының…
21.04.2017
19:24:15
74
Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И,…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz