Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Президенті Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

12.04.2017
17:47:10
261

Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы мен армия алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы Күштерді жасақтау қарқынды жүргізіліп келе жатқанына тоқталып, бұл жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

– Қыста да, жазда да әскери оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Әскеріміздің жауынгерлік қабілеттілігінің деңгейі жоғары. Тәртіп жақсарғаны байқалады, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті әскерді қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерімен қайта жарақтандыру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру, еліміздің аумақтық қауіпсіздігі мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамыту мәселелеріне назар аударды.

С.Жасұзақов Мемлекет басшысына әскердің жауынгерлік қабілеттігі деңгейін, Қазақстан әскері қатарындағы тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау шараларының атқарылу барысы туралы мәлімдеді.

– Бүгінде Қарулы Күштер қатары 93% деңгейінде жасақталды. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл көрсеткіш 2015 жылы 89% болған еді. Қазіргі уақытта офицер, сержант және қатардағы сарбаз құрамдарын жасақтау үшін әскерге келісімшарт бойынша шақыру жұмыстары жүргізілуде. Мерзімді әскери қызмет қатарына алынатындар санын арттырдық. Биыл әскердің барлық түріне 34 мыңға жуық мерзімді әскери қызметшіні шақыру жоспарланып отыр, – деді Қорғаныс министрі.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі: Аkorda.kz.

20.06.2017
11:32:18
266
Екі елдің президенттері Финляндияның ұлттық павильонындағы экспозициялармен танысып, «Нұр Әлем» кешенінде орналасқан Қазақстанның көрме павильонын…
15.06.2017
16:01:08
250
Кездесу барысында Мемлекет басшысына биылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берілді.Нұрсұлтан…
16.06.2017
15:49:38
243
Елбасы дөңгелек үстел жиынына қатысушыларға 10-шы Астана экономикалық форумына келгендері үшін ризашылық білдірді.– Сарапшылармен жүздесіп,…
19.06.2017
13:32:24
343
Мемлекет басшысы Х Астана экономикалық форумы Еуразия кеңістігі үшін тарихи бетбұрысты кезеңде өткізіліп отырғанын айтты.–…
31.05.2017
14:35:57
495
Мемлекет басшысына жолаушылар жүрдек пойыздары қозғалысын дамыту бағдарламасының іске асырылуы жөнінде, сондай-ақ «Вокзал кешені құрылысын…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz