Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ералы Тоғжанов «МАЭК-Казатомпром» ЖШС басшылығымен бірге энергетикалық кәсіпорынның қызметіне қатысты мәселелерді талқылады

18.04.2017
14:16:19
140

18 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің қызметіне қатысты өзекті мәселелер бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің бас директоры Қайрат Абдрасилов бірқатар шешімін таппаған мәселелерді қозғады.

- Қазір тариф мәселесі өте күрделі болып тұр. Біздің тарифіміз «ҚазТрансГаз» Аймақ АҚ-ның ұлттық операторымен жеткізілетін газдың бағасына байланысты қойылады. Олардың тарифі бойынша мың текшеге 19 мың теңгеден келеді. Газдың жартысын олар «Тенгизшевройлдан» мың текшені 77 АҚШ долларына алады. Бұл қымбат. Біз тарифтік жоспарға су құбырларын жөндеу мен тасымалдау жұмыстарын қоспаймыз, сондықтан оны Ақтау қаласы әкімшілігінің мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының еншілігіне беру жайлы ұсыныс бар. Үшінші мәселе, біздің мемлекеттік бағдарламаларға қатысымыз жайында болмақ. Біз ЖШС болғандықтан, «Нурлы Жол», «Ақбұлақ» бағдарламаларынан қаржы алуға құқығымыз жоқ, - деп хабарлады Қайрат Абдрасилов.

- Сіздің кәсіпорынның тозығы 75 %-ды құрайды. Бұл өте күрделі мәселе. Оның ең соңғы жұмыс жасау мерзімі 2025 жылға келіп тұр. Сол себепті жабдықтарды жаңартудың алғашқы кезеңін 2020 жылға дейін орындау керек. Біз қазірден бастап шара қолдануға, болашақта болатын ресурс тапшылығын шешудің жолдарын қарастыруға қірісуіміз қажет. Мәселені, егер қажет ететін болса, құрылымды жергілікті атқарушы органдарға өткізгенге дейін қарастырыңыздар. Сіздер тарифтің есебіне БН-350-ді қолданасыздар және кәсіпорынның басқа да мәселелерін шешесіздер. Тариф – бұл халықтың ақшасы. Неге қаржыны сырттан алмайсыздар? Мен сіздердің мәселелеріңізді шешемін, алайда сіздер де облыс мәселелерін шешетін боласыздар. Елбасы тұтынушылардың қолданатын ауыз суының көлемін ұлғайту жөнінде сөз қозғады. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының тек 20 %-ы ғана техникалық суды пайдаланады. Судың жартысы бос қалып жатыр. Оны қосымша тазалаудан өткізіп, кейін ағаштарды суаруға және ауыл шаруашылығын дамытуға қолдануға болады. Неге біз кәсіпорынның мүмкіншіліктерін пайдаланбаймыз? Екі  күн ішінде есебін жасап шығарыңыздар, содан соң резерв бар жерлерді қарастырамыз, - деп тапсырды Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар аймақ басшысы «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің қазіргі құбыр желілерінің жағдайын анықтайтын жұмыс тобын құруды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


24.04.2017
21:44:31
33
  22-сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау шекара отрядының мемлекеттік шекара бөлімшелерінде болды.…
24.04.2017
10:46:18
53
22 сәуір күні Ақтау қаласында «Батыр» спорт кешенінде NFC-9 (Naiza Fighting Championchip) ережесіз жекпе-жектен халықаралық…
21.04.2017
20:30:03
185
21 сәуір күні Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Нұр Отан» партиясы…
21.04.2017
20:14:31
94
20 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  «Наурыз мерейі» облыстық қайырымдылық акциясының қорытынды концертіне…
21.04.2017
19:19:47
80
Кеңесте елорданың өзекті проблемалары мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық көрмені ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Мемлекет басшысы еліміз…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz