Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Елбасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы жөніндегі кеңеске қатысты

21.04.2017
19:19:47
303

Кеңесте елорданың өзекті проблемалары мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық көрмені ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы еліміз бен халқымыз үшін алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтіп, шетелдік қонақтар мен Қазақстанның барлық өңірінен келетін туристерді қабылдауға жан-жақты дайындалу қажет екеніне назар аударды.

– Біз дайындықтың соңғы кезеңіне жеттік, ауқымды жұмыс атқарылды. Елорда көп адамды қарсы алуға дайын болуға тиіс. Инфрақұрылымды, қонақ үйлерді, мәдениет ошақтарын, қалалық қызмет көрсету мекемелерін әзірлеп қою қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы, сондай-ақ әлемнің үздік қаласының біріне айналуға тиіс екенін атап өтті. Осы орайда, Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

– Қаланың басқарудың барлық саласында қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізу қажет. Үкімет Астананы цифрлық технологиялар енгізілетін негізгі алаңға айналдыруы керек. Менің тапсырмам бойынша, «ЭКСПО» аумағында IT-стартаптардың халықаралық технопаркі ашылатын болады, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қаланы Дубай, Гонконг, Сингапур қалаларының үлгісімен дамытуды және онда Еуразия кеңістігі ауқымындағы қаржылық және іскерлік хаб құруды тапсырды.

– Бүгінде Астанада шетелдік 2700 компания жұмыс істейді. Олар қала экономикасына 3,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды. Дегенмен, бұл ретте қолда бар мүмкіндіктер толық пайдаланылмай отыр. Астана арнайы экономикалық аумағының әлеуеті жеткіліксіз пайдаланылуда. Елорданы одан әрі дамыту барысында урбанизация үрдісін ескеруге тиіспіз. 2030 жылға қарай қала тұрғындарының саны тағы 1 миллион адамға өсуі мүмкін. Бұл қала алдына үнемі жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы ел-жұртты еңбекпен қамтамасыз ету міндетін қояды, – Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы тұрғын үй секторын дамыту жайына арнайы тоқталып, Үкіметке мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекте тұрғандардың мәселесімен айналысуды тапсырды.

– Қала жалпы көлемі кем дегенде 2 миллион шаршы метр болатын тұрғын үйлерді жыл сайын пайдалануға беріп отыруы қажет. Бас жоспарда болмауға тиіс заңсыз құрылыстарды, 15 мың бау-бақша учаскелерін сүру жұмыстарын жандандыру керек. Қаланың орталық аудандарын ескірген үйлерден тазарту қажет. Астана әкіміне елорда құрылысын ықшамдап салу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті тұрғын үйді жалға беру жөнінен «көлеңкелі» нарықтың белең алып отырғанына, үлескерлердің проблемаларына тоқталып, заманауи көлік инфрақұрылымын ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

– Туристік орталыққа айналу үшін Астананың әлеуеті жеткілікті. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, елорда туризмін дамыту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмысының кемшін тұстарына тоқталды.

– Қалада салынған көкөніс қоймасы, коммуналдық рынок, сауда павильондары желісі әлі де толық пайдаланылмай отыр. Мәселен, сегіз көкөніс қоймасының екеуі жұмыс істемейді, ал қалғандарының төрттен бір бөлігі ғана толтырылған. Өткен екі жыл ішінде ғана Астанаға құны 42 млрд теңгеден асатын қаражатқа импорттық азық-түлік әкелінген. Олардың көбісі – өзіміз өндіре алатын өнім. Мұның бәрі, түптеп келгенде Астана төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі жұмыстың сәтсіз болғанын білдіреді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қаланың дайындығы мәселелеріне назар аударып, ұлттық компания мен Үкімет алдындағы басымдығы бар міндеттерді анықтады.

– Нысандардың көпшілігінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуге дайын. Сонымен бірге, Конгресс-орталық пен мейрамхананың құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. Олардың уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету керек. Қонақтар алғаш әуежай мен вокзалға келген сәттен бастап-ақ көргенін көңілге түйе бастайды. Барлық инфрақұрылым толық дайын болуы қажет. Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының да әуежайлары резерв ретінде қонақтарды күтіп алуға дайын болу керек, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев автокөлікпен келетін туристерге жол бойында қызмет көрсету ісін ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы көрме өтетін күндері мәдени-көпшілік және ерекше маңызы бар іс-шаралар ұйымдастыруға, ақпараттық жұмысқа, Астана қонақтары мен тұрғындарының қауіпсіздігі мәселелеріне назар аударып, қонақтарды қарсы алуға волонтерлердің дайындық дәрежесі жөнінде сауал қойды.

– Енді көрмені мазмұндық жағынан толтыру мәселесіне келейік. Қатысушы елдер экспозиция жобаларын әлі бекітіп болған жоқ. Барлық шетелдік қатысушылардың өз павильондарын мазмұндық жағынан толтыру процесін тездетуді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен Сыртқы істер министрлігіне тапсырамын. Қазақстанның павильонына да ерекше назар аударылады. Оған отандық 28 әзірлеме, соның ішінде жоғары оқу орындарының жобалары іріктеп алынды. Біздің экспонаттар жәдігерлердің халықаралық экспонаттардан кем түспеуге тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Кеңесте Астана әкімі Ә.Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Есімов, Энергетика министрі Қ.Бозымбаев және Ішкі істер министрі Қ.Қасымов сөз сөйледі.

Ақпарат көзі: Аkorda.kz

26.07.2017
22:30:13
11
   Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов алғаш рет бір топ…
26.07.2017
14:38:32
17
   Облыс әкімдігінің ғимаратында «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов Дүниежүзілік…
21.07.2017
14:47:54
281
Бүгін облыстық маслихаттың кезекті 10-шы сессиясы өтті. Сессияда аймақтағы туризмді дамыту мәселесі талқыланды.    Маңғыстау…
21.07.2017
20:27:25
304
   Маңғыстау облысының әкімі, «Нұр Отан» филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.…
20.07.2017
15:11:05
239
Маңғыстау облысы әкімшілігінде аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Астана банкінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде банктің Ақтау және…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz