Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

21.04.2017
20:30:03
917

21 сәуір күні Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясы өтті.

Конференцияға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі  мәслихаттардың депутаттық фракциясының мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жас Отан» жастар қанатының  мүшелері қатысты.

Конференцияда бірінші кезекпен облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Қаныбек Жұмашев партия филиалының жұмысын одан әрі күшейтуге  ықпал  етеді  деген сенімін білдіріп,  Ералы Тоғжановқа төраға  куәлігін тапсырды.

Конференцияда ҚР Президенті, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тапсырған жаңа міндеттері талқыланды.

Баяндама бойынша «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев, Маңғыстау облысының құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, партия ардагері, Қайролла Ережепов, партия ардагері, ұстаз, ақын  Сабақбай Тілегенов, Түпқараған аудандық филиалының делегаты, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген «Ақшұқыр» мектеп-лицейінің директоры Қаламқас Тілеубаеваға, сондай-ақ, Болашақ» бағдарламасымен шетелде білімін жетілдірген жастың бірі, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының  қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры Марат Себасов өз пікірлерін білдірді.

-  Баршаңызға белгілі, қазіргі уақытта кейбір облыстарымызда төтенше жағдай туындап, азаматтардың  басына  қиыншылықтар түсіп отыр. Осыған байланысты азаматтарымыз шамасы келгенше қол ұшын беріп, қандастарымызға алдындағы бауырлық міндетін атқарып, көмек беріп жатыр. «Әр қазақ менің жалғызым» деген сөз елдің қамына бей-жай қарамайтын кез-келген азаматтың ұраны. Осындай игі іске барлығымыз бір адамдай үлес қосып, біркүндік еңбекақымызды баспанасыз қалған бауырларымызға аударайық  деген ұсынысым бар, - деді  облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов.

Өңір басшысы «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ардагерлер одағын құруды ұсынды.

  Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының  құрамына өзгерістер енгізілді. Бюро құрамына «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Бақыт Иманбаев кірді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


14.12.2017
19:00:47
78
Тәуелсіздік қарсаңында Мұнайлы ауданында «Керуен» ауыз су өңдеу цехы іске қосылды.  Кәсіпорын 12 адамды тұрақты…
14.12.2017
18:33:50
81
Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бірнеше нысан ашылды. Ел игілігіне берілген жаңа кәсіпорынның…
13.12.2017
20:13:48
205
Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушыны анықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шара Елордамыз Астана қаласының 20…
13.12.2017
19:30:30
224
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 15-сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған өңір бюджетінің жобасы бекітілді. «Осы жылғы…
13.12.2017
14:48:01
205
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  Нидерланды Королдігінің Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы төтенше және өкілетті…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz