Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Ла Скала» театрының бас директоры және көркемдік жетекшісі Александр Перейрамен кездесті

24.04.2017
18:13:41
401

Кездесудің басында Мемлекеттік хатшы Қазақстан терең әрі жүйелі жаңарулар кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы мықты әрі жауапкершілігі жоғары ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басып, бұқаралық сананы қалай өзгерту керектігі жөнінде міндет қойды. Мұны орындау үшін қажетті басты шарт төл мәдениетті, дербес ұлттық кодты сақтау болып саналады.

Г.Әбдіқалықова Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты жобаның іске асырылатынын айтты. Мемлекеттік хатшы Елбасымыз бізді әлемнің қара алтынмен және сыртқы саясаттағы жобаларымызбен ғана емес, маңызды мәдени жетістіктерімізбен де тануға тиістігі жөнінде міндет қойғанына назар аударды.

Сондай-ақ, кездесуде опера және балет өнері саласындағы ынтымақтастықты дамыту, «Ла Скала» театрының Қазақстандағы және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Италиядағы гастрольдерін өткізу тәжірибесін өрістету мәселелері талқыланды.

Гүлшара Әбдіқалықова халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан елордасында 1-10 қыркүйек аралығында тұңғыш рет Миландағы әйгілі «Ла Скала» театрының толық құрамдағы гастролі өткізілетінін айтты.

Мәдени бағдарлама аясында италиялық ұжым «Астана Опера» сахнасында Джузеппе Вердидің «Фальстаф» операсын ұсынады, сондай-ақ маэстро Зубин Метаның жетекшілігімен Людвиг ван Бетховеннің әйгілі шығармасы – №9 симфония орындалады.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова кездесу соңында А.Перейраға мықты денсаулық, мол игілік және зор  шығармашылық табыс тіледі.

Ақпарат көзі: Аkorda.kz

20.06.2017
11:32:18
94
Екі елдің президенттері Финляндияның ұлттық павильонындағы экспозициялармен танысып, «Нұр Әлем» кешенінде орналасқан Қазақстанның көрме павильонын…
15.06.2017
16:01:08
112
Кездесу барысында Мемлекет басшысына биылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берілді.Нұрсұлтан…
16.06.2017
15:49:38
113
Елбасы дөңгелек үстел жиынына қатысушыларға 10-шы Астана экономикалық форумына келгендері үшін ризашылық білдірді.– Сарапшылармен жүздесіп,…
19.06.2017
13:32:24
157
Мемлекет басшысы Х Астана экономикалық форумы Еуразия кеңістігі үшін тарихи бетбұрысты кезеңде өткізіліп отырғанын айтты.–…
31.05.2017
14:35:57
327
Мемлекет басшысына жолаушылар жүрдек пойыздары қозғалысын дамыту бағдарламасының іске асырылуы жөнінде, сондай-ақ «Вокзал кешені құрылысын…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz