Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Парсы-араб шығанағы істері жөніндегі мемлекеттік министрі Самер Әл-Сабханмен кездесті

11.05.2017
17:35:15
1172

Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Қазақстан Президенті былтыр күзде Сауд Арабиясы Корольдігіне барған ресми сапарының қорытындысында қол жеткізілген маңызды нәтижелерге назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы 25 жылда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып, тәжірибе алмасу жолға қойылғанын, сондай-ақ кең ауқымды мәселелер жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан алдағы уақытта да бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Сонымен қатар, тараптар күн тәртібіндегі маңызды жайттарды, соның ішінде өңірлік қауіпсіздік, конфессияаралық қақтығыстарды шешу мәселелерін талқылады.

– Өзіңізге мәлім, жақында Астанада Сириядағы қақтығыстар жөнінде кезекті келіссөз өтті. Бұл кездесуге Сирия оппозициясының барлық өкілі қатысқанын атап өткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Самер Әл-Сабхан Қазақстан Президентіне екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, Сауд Арабиясы Королінің сәлемін жеткізді.

– Біз Қазақстанға ислам әлеміне қатысты мәселелерді шешуге қосқан үлесі, соның ішінде Сириядағы қантөгісті тоқтатуға деген ұмтылысы үшін ризашылық білдіреміз. Сауд Арабиясы Корольдігі Сириядағы қақтығыстар саяси тұрғыдан реттеу арқылы шешілуге тиіс деп санайды. Біз бұл мәселені тек бейбіт жолмен шешу жөніндегі Сіздің ұстанымыңызды қолдаймыз, – деді Самер Әл-Сабхан.

Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Президентінің көмекшісі Н.Онжанов, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов және Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази қатысты.

Дереккөз: Akorda.kz


16.01.2018
18:31:42
8271
Америка Құрама Штаттары, Вашингтон қаласыҚазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ…
16.01.2018
18:08:17
8351
Қымбатты отандастар!Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда.Жүз…
26.12.2017
12:32:11
9558
Келіссөз барысында күн тәртібіндегі екіжақты экономика мәселелері, цифрлық технологияларды пайдалану кезіндегі бірлескен жұмыстардың перспективалары, сондай-ақ…
26.12.2017
12:29:09
9676
Мемлекеттер басшыларының ресми кездесу рәсімінен соң шағын құрамдағы келіссөздер жүргізілді.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келуге…
26.12.2017
12:20:08
8191
Мемлекет басшысы сұхбат барысында биыл елімізде өткен шараларды қорытындылап, журналистердің мейлінше өзекті сауалдарына жауап берді.Атап…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz