Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Кеңес Одағының Батыры Жұмағали Қалдықараевтың жерленген жерінен әкелінген топырақ туған жеріне жеткізілді

19.05.2017
16:59:04
343

Жуырда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қолдауымен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Жұмағали Қалдықараевтың жерленген жері Белорусь Республикасының  Мозырь қаласына арнайы делегация жасақталып автошеру аттанған болатын.

Экспедиция мүшелері мыңдаған шақырым жол жүріп, Курск-Орёл-Брянск-Гомель арқылы Мозырь қаласында болып Жұмағали атамыз жерленген бауырластар қабірінен алынған топырағын туған жерге жеткізді.

 Бүгін Ақтау қаласында батырдың зиратынан алынған топырағы бар капсула Мәңгілік алау жанындағы батырлар рельефіндегі мүсін тақтасына салынды.

Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл ардагерлері,  еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, батырдың ағайын-туыстары және жастар қатысты.  

– Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халыққа жолдаған болатын. Рухты батырларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен елі мен жерін қорғады. Елім деп өткен ерлердің арқасында дүние жүзіне танылған Тәуелсіз Қазақстанның туы көкте желбіреп тұр. Біз бабаларымыздың ерлігін ешқашан да ұмытуға хақымыз жоқ. Жоңғарлармен болған соғыс, «Алаш» қозғалысы, Ұлы Отан соғысы және өзге де тарих толқынында болған  қиын кезеңдерде халқымыз мойымай, шыдамдылықтың, төзімділіктің, ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Аталарының басына барып, ерлігіне тағзым етіп, топырағын туған жерге әкеліп, парызын өтеген батырдың туған-туыстарына, ел азаматтарына алғысымды айтамын. Жастарымыз осындай ерліктен,  өткенге құрмет көрсетуден үлгі алуы тиіс. Бізді әрдайым ата-бабаларымыздың әруағы қолдап жүрсін,– деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев көпшілік алдында Мозырь қаласына сапардың қалай өткенін  баяндады.

– Міне, бүгін батырдың көптен күткен арман-тілегі орындалды. Туған жердің топырағын бауырластар бейітіне салдық. Бейіт басынан әкелінген топырақ мүсін тақтаға қойылды. Сондай-ақ Шопан атаға және Ақкетік қаласына көміледі. Бізге қолдау көрсеткен, сапар барысында жастармен кездесіп, тағылым боларлық шара өткізуге мұрындық болған азаматтарға алғыс білдіреміз. Бүгінгі шара –жоғын іздейтін, батырларын құрметтейтін, ауызбіршілігі мықты халық екеніміздің дәлелі,– деді  Жұмағали Қалдықараевтың туысы Бақдәулет Байдуллаев.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі



19.07.2017
23:09:38
66
Бүгін Маңғыстау облысының әкімдігінде мұнай және газ саласына инвестиция тарту мақсатында облыс әкімі Ералы Тоғжанов…
19.07.2017
22:48:36
62
Маңғыстау облысының әкімдігінде аймақ басшысы Ералы Тоғжанов  Карате-додан Азия Чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар…
18.07.2017
18:38:24
158
Маңғыстау облысының әкімдігінде аймаққа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес отырысы өтті.…
18.07.2017
18:31:29
132
Маңғыстау облысының әкімдігінде аймақтың дамуындағы өңірлік басқарушы орталық - өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.  …
17.07.2017
23:20:01
136
Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz