Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Аракс» кемесіндегі зиянды заттарды жақын арада жоюды тапсырды

14.06.2017
14:31:09
606

Бүгін, 14 маусымда  облыс әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен РФ «Аракс» кемесіне қатысты Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.

Айта кетейік, 2016 жылдың 4 маусымында  Қарақия ауданының құмды мүйісінде шамамен жағадан 100 метр қашықтықта «Аракс» кемесі қайырылып қалған болатын. Көрсетілген мәліметтер бойынша, кемеде 17 қап және 11 дана екі жүз литрлік мазутталған бөшке, сондай-ақ, 130 тонна  ластанған су (мұнай өнімдері) мен 500 тонна балласт табылған.

Маңғыстау облыстық экология Департаментінің басшысы Абай Сафиннің айтуынша, ағымдағы жылдың 9 маусымында танкер мен теңіз ауасының және танкер маңындағы теңіз суының тазалығын тексеру жұмыстары жүргізілген.

Нәтижесінде лас қалдықтардың шекті ұйғарынды концентрациясы мөлшерінен аспағандығы анықталды. Ал танкердегі ауаны тексеру барысында ондағы метан көлемінің 51,4%-ға жоғары екені белгілі болды (одан бөлек күйік иісі де байқалған). Жабық танкердегі метан мөлшерінің көптігі жарылыс қаупін тудыруы ықтимал (жарылысқа ашық от, оның ұшқыны, жоғары температура әсер етуі мүмкін).

-«Транс Каспий» компаниясының қожайынына кемені орнынан алып тастау жөнінде бірнеше рет айтылды. Сондай-ақ, «Аракс» кемесіндегі зиянды өнімдерді қысқа мерзім ішінде жою жөнінде де ұсыныстар тасталды. Дегенмен кеме иесі тарапынан бүгінге дейін нақты шешім айтылмай келеді. Сондықтан «Росмортранспорт» Мемлекеттік Басқармасының көмегіне жүгінуге тура келді.  Қазіргі таңда «Транс Каспий» қожайыны заңдық тұлға болып танылмайды. Махачкаланың кемелер тізімінде бұл кеме «Транс Каспий» иелігінде деп көрсетілген. ҚР инвестициялар және даму министрлігінің жол-көлік оқиғаларын зерттеу департаменті мен РФ зерттеу органдары бірлесуімен «Аракс» кемесіне тексеру жұмыстары жүргізілді, - дейді Ақтау және Баутино теңіз порты әкімшілігінің жетекшісі Нұрбол Ерманов.

Облыс басшысы Ералы Тоғжанов жауапты тұлғалардың мәлімдемесін тыңдаған соң, қысқа мерзім ішінде «Аракс» кемесін лас қалдықтардан  тазартуды тапсырды. Оған Ақтау және Баутино теңіз порты әкімшілігінің басшысы Нұрбол Ермановты жетекші етіп тағайындады.

Облыс орынбасары Ш. Илмұханбетоваға ұсынылған есеп бойынша облыстық бюджеттен қаржы бөлуді тапсырып, ҚР ҰҚК ШҚ «Жағалаулық күзет» басқармасын қажетті техникамен қамтамасыз етуге міндеттеді. Ал Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті кемені тазарту жұмыстары аяқталғанша күзет қызметі өкілдерінің қатысуын, бөгде адамдардың араласпауын назарда ұстайтын болады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


17.08.2017
22:46:06
329
Aстанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде этнографиялық театрландырылған мәдени шара өтті. Оған Маңғыстау…
17.08.2017
10:52:00
268
Астанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында «Шабыт» шығармашылық сарайының Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында ҚР Мемлекеттік…
16.08.2017
17:17:50
357
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан  халқына Жолдауында Қазақстан шетел…
16.08.2017
13:10:19
352
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының мәдени күндері «Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Есіл!»…
15.08.2017
18:13:37
367
Бүгін Елордада Маңғыстаудың мәдениет күндері басталды. Осыған орай, Маңғыстаулық зиялы қауым алдымен, соғыс қаhармандарының руxына…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz