Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

15.06.2017
16:01:08
876

Кездесу барысында Мемлекет басшысына биылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүргізіп отырған шаралардың нәтижелеріне тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттілігін атап өтті.

– Жалпы, жағдай жақсарып келеді. Қылмыс жасау 16 пайызға азайды. Оларды ашу көрсеткіші 60-тан 70,2 пайызға көтерілді. 26 мың адамға рақымшылық жасалып, 1200 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды, – деді Қазақстан Президенті.

Ішкі істер министрі Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде Астанадағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап, ішкі істер органдарындағы реформалардың нәтижелері жөнінде айтты.

Елбасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуында тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне ризашылық білдірді.

– Көптеген мемлекеттер басшылары мен қонақтар қатысқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен еліміздің бүкіл полиция қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне және басқа да органдарға алғыс айтамын. Біз көрменің ашылуын ұйымшылдықпен өткіздік, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің айрықша күрделі мәселе екеніне тоқталып, барлық құқық қорғау органдарының жұмысын жоғары бағалады.

– Астанаға облыстардан адамдар жіберілді. Офицерлердің барлығы белгіленген орындарынан табыла білді. Әрқайсысы өзіне тапсырылған іспен айналысты. Барлық салада да кәсібиліктің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді, – деді Қазақстан Президенті.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Источник: akorda.kz

11.12.2017
12:33:18
321
Қазақстан Президенті Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атсалысқан азаматтармен кездесті. Мемлекет басшысы ЭКСПО конгресс-орталығы ғимаратында…
11.12.2017
12:24:07
311
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда,…
11.12.2017
12:15:09
310
Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың, отандық академиялық қоғамдастықтың, азаматтық…
11.12.2017
12:07:26
322
Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Қазақстан Президентіне Индустрияландыру картасының…
04.12.2017
10:31:11
1047
2017 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан Республикасының үкіметтік делегациясының Астанаға сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz