Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті – Отан үшін 25 жыл

13.07.2017
18:30:30
1999

   Ақтау қаласының облыстық драма театрында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты мереке өтті. Іс-шарада ҰҚКД ардагерлері мен қызметкерлері алғысхат пен медальдармен марапатталды.

   1992 жылдың 13 шілдесінде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің арнайы қызметін - Ұлт­тық қауіпсіздік комитетін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

   Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов барлық ҰҚК қызметкерлерін құттықтап, сөз сөйледі.

- Құрметті Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің ардагерлері мен қызметкерлері! Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызмет­керлері күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бүгін - Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін сақтауға ел алдында адал ант берген азаматтардың кәсіби мерекесі болып саналатын ұлы күн. Елбасымыз айтқандай: «Ор­тақ үйіміздің ты­ныш­тығын көздің қа­ра­шығындай сақтау – сіздердің қасиетті  па­рыздарыңыз!» Соңғы 26 жылда еліміз қалыптасу кезеңдерін басынан өткізіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғырып, орасан зор жетістіктер мен мол табыстарға қол жеткіздік.Еліміздің тыныштығын қорғау – игі іс, асқақ абырой! Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп  облыс әкімі Ералы Тоғжанов құттықтады.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы Ерлік Тайжанов қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

- Бүгін, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік Комитетінің құрылуына және мемлекеттік арнаулы орган ретінде қалыптасуына 25 жыл толуын мерекелеуде. Өткен жылдарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Маңғыстау облысы бойынша Департаменті ортақ күш-жігердің нәтижесінде, Отанға деген адалдыққа, кәсіби біліктілікке және ұжымдық жұмысқа негізделген өзіндік қағидалары мен құндылықтары түзелген еліміздің арнаулы қызметінің заманауи кәсіби аумақтық органы ретінде танылды.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрылуының 25-жылдығы қарсаңында арнаулы қызметтің жұмыс нәтижесін қорыта келе, ҰҚК-мен соңғы 10 жылда 100-ге жуық террористік сипаттағы күштеу акцияларының алды алынғанын атап өтті. Халықаралық террористік ұйымдардың тарапынан Қазақстанға ұмтылыстарына тосқауыл қойылды. Серіктес арнаулы қызметтермен бірлесе отырып, ондаған террористер мен экстремистер құрықталып, экстрадицияланды.

   Сондай-ақ, Маңғыстау аумағында жүзеге асырылған «Виктория» қарсы барлау операциясы арнаулы қызметтің тарихында өшпес ізін қалдырды. 

   Департаменттің қарсы барлау басқармасымен маңызды міндеттер орындалуда. Шетелдік арнаулы қызметтердің құпия ақпараттарға қол жетуге бағытталған жоспарларына тосқауыл қойылды, -деді  Ерлік Тайжанов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


21.04.2018
14:45:03
548
Ақтауда «Н.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі, Каспий маңы елдерінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық аспектілері» атты халықаралық…
20.04.2018
10:49:27
668
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркіменстанның Балқан уәлаятына барды.Делегация құрамында құрылыс индустриясы, азық-түлік,…
14.04.2018
01:16:57
1038
Бүгін Астана қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Маңғыстау аңыздары» атты 4 тілде (қазақ,…
12.04.2018
17:34:13
1130
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Космонавтика күні қарсаңында «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК»АҚ вице-президенті, ғарышкер, Халық қаһарманы,…
09.04.2018
17:20:48
1464
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік,…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz