Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ұлт жоспарын іске асыру ҚР ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік береді
Добавлено: 02.08.2017
Изменено: 02.08.2017
Просмотров: 909

Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер Qazaq Organic Food, Halal Kazakhstan және Kaz Meat үш шатырлы брендтері аясында әлемдік нарықтарға шоғырландырылып шыға алады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Алик Айдарбаев хабарлады.

А. Айдарбаев Ұлт жоспарын іске асыру аясында отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік нарықтарда ілгерілету үшін Qazaq Organic Food, Halal Kazakhstan және Kaz Meat үш шатырлы бренді анықталды.

«Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері бізде зор әлеуетке ие, біз оны толық пайдаланбаймыз. Осындай шатырлы брендтердің арқасында отандық өндірушілер оны пайдаланып, өз өнімдерін шетелде ілгерілете алады», – деді А. Айдарбаев.

Сондай-ақ, ол аталған брендтерді одан әрі дамыту және жарнамалау бойынша Тұжырымдама мен Жол карталары әзірленгенін атап өтті.

Бұдан өзге, А. Айдарбаев сондай-ақ Ұлт жоспары аясында жаңа экспорттық тауарлар құру үшін қайта өңдеу секторына он ТҰК тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады.  

Бұдан өзге, шет елдерде фронт-кеңселермен Kazakh Invest ұлттық компаниясы құрылды, Ұлттық инвестициялық стратегия жобасы әзірленді, ол таяу арада ұсынылады. Сонымен бірге, Инвестжобалардың көп деңгейлі картасы және инвесторларды сүйемелдеу ақпараттық-мониторингтік жүйесі бойынша жұмыс жүргізілуде.  


«www.primeminister.kz» 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы