Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын қолдану қоғамдық орындарда қылмыстарды азайтуға мүмкіндік берді – ҚР БП
Добавлено: 04.08.2017
Изменено: 04.08.2017
Просмотров: 1611

Құқықтық статистика және арнайы есепке алулар комитеті төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын құру нәтижелері туралы айтты. 

Бағлан Бекбауов атап өткендей, қазір әлемнің көптеген елдерінде қылмыстық істер статистикасы картада бейнеленеді. Дәл осы түрінде бұл ақпаратты қабылдау жеңіл әрі қажетті ақпаратты жылдам алуға, қалалардың, аудандардың қауіпсіздік деңгейін салыстыруға болады.  

«2016 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алулар комитеті осы Картаны жасады, онда еліміздің облыс және аудан орталықтары көрсетілген. Кез келген адам  Комитеттің Qamqor.gov.kz порталына кіріп,барлық қажетті ақпаратты ала алады», - деді Бағлан Бекбауов.

Картаның бірегейлігін оның Сотқа дейінгі тергеулердің Бірыңғай тізілімімен кіріктірілуінен көруге болады. Соның арқасында қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат арыз полицияда тіркелгеннен кейін Картада автоматты түрде пайда болады.  

«Қылмыс жасалған жер, уақыт пен қылмыс түрі көрінеді. Сонымен қатар аймақтағы қылмыс динамикасы көрініс береді. Адамдар сол ауданда қылмыс қаншалықты екенін біліп, аудандарды, көшелер мен үйлерді бір-бірімен салыстыра алады. Яғни, олардың үйлерінде, ауласында немесе ауданында қанша қылмыс жасалғанын білген соң азаматтар учаскелік инспектордан тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді, ал ПӘК-тен – бейнебақылау камераларының, домофондардың, қараңғы жерлерде жарықтың орнатылуын талап етеді», - деп қосты төраға орынбасары.

Сонымен қатар Бағлан Бекбауов полиция жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті полиция қызметі патруль жүргізу бағыттарын құрудан емесе түзетуде Картаны пайдаланатынын атап өтті. Осы уақытқа дейін мұндай 3 мың түзету енгізілген. Басқаларымен кешенді түрде қолданылған бұл тетікқоғамдық орындардағы қылмыстың санын азайтуға мүмкіндік берді. 

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы бизнес үшін де пайдалы. Оған қарап қай жерде дүкен ашу немесе кеңсе жалдау қауіпсіз болатынын білуге болады. Осы Картада полицияға немесе басқа да органдарға тиісті шаралар қабылдау үшін арыз беруге болады», - деп нақтылады Бағлан Бекбауов.


www.primeminister.kz 

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы