Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

08.08.2017
10:19:36
519

Кездесу барысында Мемлекет басшысына биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Үкіметтің атқарған жұмысы жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері өсіп келе жатқанын айтып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

– Менің тапсырмам бойынша еліміздің бірнеше өңірін аралап шықтыңыз. Жалпы, тұрақты ахуал байқалуда. Алдымызда егін ору науқаны тұр. Оны тиісті деңгейде жүргізуіміз қажет, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевқа 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың даму барысы және бағдарламалардың аралық нәтижелері жөнінде мәлімделді.

– Экономикалық өсім 4,2%-ды құрап отыр. Өндіріс саласындағы көрсеткіштер мұнай өңдеу деңгейі төмендеген Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан басқа еліміздің барлық өңірінде 100 пайыздық мөлшерден асты. Біз қазіргі уақытта бұл өңірлерге жаңа резерв көздерін жұмылдыру мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Негізгі капиталға инвестиция тарту мәселесі жөнінде. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,7% өсім байқалуда.

Барлық өңірлерде көрсеткіштер жақсы. Инфляция деңгейі биылғы маусым айымен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Азық-түлік бағасы 0,5%-ға төмендегенін атап өткім келеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрап отыр, – деп баяндады Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр индустрияландыру бағдарламасының іске асырылуы жөнінде есеп берді. Оның аясында биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 31 жоба іске қосылды. Б.Сағынтаевтың мәліметіне сәйкес, екінші тоқсанда жаңа 10 мың жұмыс орнын қамтитын 100 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

– Экономиканың өсуіне «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы зор үлес қосып отыр. Биыл автомобиль жолдарының құрылысына 356 миллиард теңге қарастырылған. Сондай-ақ, қазір 600 шақырым жол іске қосылды. Жыл соңына дейін 469 шақырым жол ақылы болмақ. Алғаш рет осындай жүйеге қосылған «Астана-Бурабай» тас жолы жылына 1,5 миллиард теңгеге дейін пайда әкеліп, оның құрылысына жұмсалған қаражатты ақтап отыр. Қазір «Астана-Теміртау» тас жолын осы жүйеге қосу жұмыстары жүргізілуде, – деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу нәтижелері туралы баяндады. Оның аясында биыл 10,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Премьер-Министрдің мәліметіне сәйкес, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5,5 млн шаршы метрді қамтитын құрылыс жұмыстары аяқталған.

Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығындағы бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп беріліп, ел экономикасын несиелендіру жөнінде мәлімет ұсынылды.

Соңында Қазақстан Президенті Үкімет пен әкімдердің алдына қойылған міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырып, бұл ретте өсімнің оң қарқынын сақтаудың және бөлінген қаражатты игерудің маңыздылығына тоқталды.

– Үкімет қызу жұмыс жүргізіп отыр деп есептеймін. Мен жылды жақсы нәтижелермен қорытындылау үшін бәріңізді ұйымшылдықпен жұмыс істеуге шақырамын. Тәуекелді тұстар да жоқ емес. Энергия тасымалдаушыларымызға, шикізат өнімдеріне деген бағаның өзгерісі. Бәлкім, батыстың Ресейге қатысты санкциялары әсер етер. Осыны ескеру қажет, – деді Елбасы.

http://www.akorda.kz

11.12.2017
12:33:18
321
Қазақстан Президенті Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атсалысқан азаматтармен кездесті. Мемлекет басшысы ЭКСПО конгресс-орталығы ғимаратында…
11.12.2017
12:24:07
311
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда,…
11.12.2017
12:15:09
310
Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың, отандық академиялық қоғамдастықтың, азаматтық…
11.12.2017
12:07:26
323
Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Қазақстан Президентіне Индустрияландыру картасының…
04.12.2017
10:31:11
1047
2017 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан Республикасының үкіметтік делегациясының Астанаға сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz