Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ҚР Үкіметінде өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

08.08.2017
10:47:15
529

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың 2017 жылдың 7 айындағы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы есебі тыңдалды.

Б. Нұрымбетов Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017 жылға 85,3 млрд теңге қарастырылғанын мәлімдеді.

Биылғы жылдың 1 тамызындағы деректер бойынша, Бағдарламаға қатысуға 276,2 мың адам өтініш білдірді, олардың 248,4 мыңы (90%) бағдарлама қатысушыларының құрамына қосылды. Қатысушылардың құрамына қосылғандардың қатарында жұмыссыздар – 200 мың адам (80,5%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 48,4 мың адам (19,5%). Есеп беру күніне 213,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 178,3 мыңында (83,4%) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар. Тұрақты жұмыс орнына жұмыспен қамтылғандардың 56,1% (119,9 мың адам) орналасты.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҰБТ-дан өтпеген және оқу орындарына түспеген мектеп түлектері тегін кәсіби және техникалық білім берумен қамтамасыз етіледі.

21 мыңға жуық жастар 2,5 жылға КжТБ оқуға жіберіледі, олардың оқуларының ақысы әрі шәкіртақысы, жол жүруге жұмсайтын ақшалары төленеді және бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап нарықта сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер бойынша жұмысшы мамандарды қысқа мерзімді кәсіби оқыту жұмыстары басталды. Бүгінде қысқа мерзімдік курстарға 27,7 мың адам бағытталған.

Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Осы мақсаттарда жаңа Бағдарламада шағын несиелендірудің ауқымы кеңейтілген. Несиенің ең көп сомасы 18 млн теңгеге дейін ұлғайтылған, мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығымен айналысу немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға несие мерзімі 7 жылға дейін беріледі. Соңғы қарызгерге несиенің атаулы мөлшерлемесі – жылына 6%-ға дейін беріледі.

Несиелердің қолжетімділігін арттыру мақсатында несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген – істі жаңадан бастап жатқандарға -  85%-ға дейін, ал бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлерге - 50%-ға дейін беріледі. «Ауылда шағын несие беру ережелерінде» шағын несие беруге қажетті құжаттардың саны қысқартылды, жеке тұлғаларға 30-дан 14-ке дейін, заңды тұлғаларға 9 құжатқа дейін азайтылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарға жұмыспен қамтамасыз етілуге көмек көрсету аясында 213 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылды, әлеуметтік жұмыс орындарына – 18 мың адам (жоспардың 109,7%-ы), 61 мың адам (78,5%) – қоғамдық жұмыстарға, 15 мың жас мамандар (88,2%) «жастар тәжірибесіне» қатысуда және шамамен 120 мың адам Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына орналасты.

Еңбекке жұмылдыруды арттыру шаралары аясында, Бағдарламаны іс жүзіне асыру мақсатында, еліміздің жұмыс күші мол аймақтарында солтүстік және орталық өңірлердің жұмыс берушілерінің қатысуымен бес өңіраралық бизнес форумды өткізу жоспарланып отыр. Сонымен, биылғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 442 отбасы көшірілді, олардың 172 отбасысы еңбекке жарамды адамдары мол аймақтардан көшірілген ішкі қоныс аударушылар.

primeminister.kz

11.12.2017
12:33:18
321
Қазақстан Президенті Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атсалысқан азаматтармен кездесті. Мемлекет басшысы ЭКСПО конгресс-орталығы ғимаратында…
11.12.2017
12:24:07
311
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда,…
11.12.2017
12:15:09
310
Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың, отандық академиялық қоғамдастықтың, азаматтық…
11.12.2017
12:07:26
323
Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Қазақстан Президентіне Индустрияландыру картасының…
04.12.2017
10:31:11
1047
2017 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан Республикасының үкіметтік делегациясының Астанаға сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz