Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Елбасының төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы кеңес өтті

18.08.2016
11:20:48
2879

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев қатысты.

Іс-шара барысында Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс қорытындылары талқыланып, жер заңнамасының өзгерістеріне мораторийді 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды.

– Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий енгізілген кезден бастап комиссия маңызды жұмыс жүргізді, елдің барлық өңірінде кеңес өткізіп, азаматтардың пікірін тыңдады. Жұмыс барысында олар жақсы ұсыныстар айтты, атап айтқанда, жалға беретін телімдердің шекті көлемін, жерді пайдалану тәсілдері мен оны тиімсіз пайдаланған жағдайда қабылданатын шараларды анықтау туралы ұсыныстар енгізілді. Осылайша, бәрі жерді 49 жылға дейін жалға беру институтын сақтау қажет деген ортақ шешімге келді. Сонымен бірге, әлемдік тәжірибені тағы да зерттеп, қосымша уақыт қажет екені туралы тұрғындарға біліктілікпен түсіндіру керек. Сондықтан Комиссияның мораторийді тағы 5 жылға ұзарту туралы ұсынысын қабылдаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Үкіметтің жер заңнамасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған кезде агроөнеркәсіп саласына қаражат тарту мақсатын басшылыққа алғанын атап өтті.

– Ауылдық жерлерде халықтың шамамен 40%-ы тұрып жатыр, 20%-ы ауылда еңбек етеді. Ауыл шаруашылығын өркендету көптеген салалардың дамуына септігін тигізеді. Ауыл шаруашылығымен айналысатындардың барлығы бұл салаға қолдау көрсету үшін мемлекеттің қандай күш-жігер жұмсағанын жақсы біледі. Жыл сайын аграрлық секторға айтарлықтай қаражат жұмсалады, бірақ ол өзін ақтай бермейді. Нарықтық экономикада олай болмайды. Мұның себебі ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің төмендігінде жатыр, ал оны арттыру үшін қосымша қаражат салу керек. Бүкіл әлем аграрлық секторға инвестиция тарту ісімен айналысуда. Біздің мемлекетіміз де ауыл шаруашылығын дамыту үшін көбірек капитал тартуды қалады. Егер бұл жұмыс түсіндіруден басталып, тек содан соң ғана заңдар қабылданса, онда ахуал басқа болар еді, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, кеңесте республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар қарастырылды.

– Елдің экономикалық дамуы әлемде болып жатқан үдерістер салдарынан зор қысым көріп отыр. Қазіргі қаржылық-экономикалық дағдарыс, сандық экономиканың жаңа парадигмасына көшу бізден мүлде жаңа қадамдар талап етеді. Біз соны таба білуіміз керек, бұл үшін елде ресурстар жеткілікті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз баяндамасында А.Мырзахметов Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған  комиссия Астанада, сондай-ақ бірқатар өңірде жұртшылықтың қатысуымен көшпелі отырыс өткізгенін айтты.

– Азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнаулы сайт ашылып, call-орталықтар құрылды, бүгінде оларға 13 мыңнан астам телефон қоңырауы түскен. Түсіндіру жұмыстары барысында жұртшылықты барынша кеңірек қамту үшін әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестер іске тартылды, халықтың 67 мың өкілімен кездесу өтті, – деді Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі.

А.Мырзахметов комиссияның негізгі ұсыныстары, соның ішінде ауыл шаруашылығы жерін жалға беру институтын сақтап, одан әрі дамыту, жалға берілетін жер телімдерінің шекті көлемін белгілеу қажеттігі жөнінде де айтты. Сондай-ақ халықтың жайылымдар мен шабындық жерлерге қатысты мүддесі мен талаптарын ескеру керектігі, жеке тұрғын үй салу үшін жер берудің нақты ережелері мен тетіктерін анықтау қажеттігі аталып өтті.

Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Ақпарат көзі: Akorda.kz

16.01.2018
18:31:42
13573
Америка Құрама Штаттары, Вашингтон қаласыҚазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ…
16.01.2018
18:08:17
13610
Қымбатты отандастар!Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда.Жүз…
26.12.2017
12:32:11
14814
Келіссөз барысында күн тәртібіндегі екіжақты экономика мәселелері, цифрлық технологияларды пайдалану кезіндегі бірлескен жұмыстардың перспективалары, сондай-ақ…
26.12.2017
12:29:09
14916
Мемлекеттер басшыларының ресми кездесу рәсімінен соң шағын құрамдағы келіссөздер жүргізілді.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келуге…
26.12.2017
12:20:08
12674
Мемлекет басшысы сұхбат барысында биыл елімізде өткен шараларды қорытындылап, журналистердің мейлінше өзекті сауалдарына жауап берді.Атап…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz