Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Дорис Лойтхардпен кездесті

18.08.2017
18:37:13
3367

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дорис Лойтхардқа «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Швейцария ұлттық күнінің ашылуына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

– Сіздің алғаш рет жаңа елордамызға келіп отырғаныңызға қуаныштымын. Жақында, 1 тамызда Швейцарияның ұлттық мерекесі – Конфедерацияның құрылған күні атап өтілді. Мейрамдарыңызбен құттықтаймын. Бүгін ЭКСПО көрмесінде ұлттық күндеріңізді аштыңыз. Сізге ұнады деген үміттемін. Біз үшін ЭКСПО көрмесіне келуіңіздің маңызы зор, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында қалыптасқан ынтымақтастыққа тоқталып, екіжақты экономикалық және саяси қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

– Швейцария – Қазақстанның Еуропадағы аса маңызды серіктесі. Біз бұл қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз және оны әрі қарай дамытуға ниеттіміз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы артып келеді. Швейцария бизнесінің елімізде дамуына мүдделіміз. Қазір 300 кәсіпорын жұмыс істеуде, олардың саны одан да көп болуы мүмкін. Сіздің сапарыңыз экономикалық және саяси қарым-қатынасымыздың одан әрі нығаюына серпін береді деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президентіне Қазақстанға жасаған сапары барысында аралап көруге болатын Астана қаласындағы сәулетті ғимараттар туралы айтты.

– Соңғы он бес жылда салынған қалаға алғашқы сапарыңыз қызықты болған шығар деп ойлаймын. Біз ЭКСПО нысандарын 3 жылда салып шықтық. Астанада әлемде теңдесі жоқ көптеген бірегей жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, мұнда сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша таңғажайып пирамида салынды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Нұр Әлем» сферасын, «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының ғимаратын, «Нұрлы Жол» жаңа вокзалын, «Астана Опера» опера және балет театрын, сондай-ақ басқа да нысандарды атап өтті.

Кездесуде Дорис Лойтхард Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, «ЭКСПО-2017» көрмесінің табысты ұйымдастырылумен құттықтады.

– Шын мәнінде, «Нұр Әлем» сферасы – таңғаларлық нысан. Онда орналасатын «Астана» қаржы орталығының даму перспективасы өте жақсы болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, бизнес тарапынан қарым-қатынасты нығайтуға зор қызығушылық бар екенін айтуға болады, – деді Швейцария Конфедерациясының Президенті.

http://www.akorda.kz

11.12.2017
12:33:18
498
Қазақстан Президенті Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атсалысқан азаматтармен кездесті. Мемлекет басшысы ЭКСПО конгресс-орталығы ғимаратында…
11.12.2017
12:24:07
485
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда,…
11.12.2017
12:15:09
480
Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың, отандық академиялық қоғамдастықтың, азаматтық…
11.12.2017
12:07:26
497
Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Қазақстан Президентіне Индустрияландыру картасының…
04.12.2017
10:31:11
1246
2017 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан Республикасының үкіметтік делегациясының Астанаға сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz