Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Маңғыстауға жұмыс сапары

06.09.2017
17:42:03
879

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Мамин бастаған бір топ делегация бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Олар өңірдегі бірнеше ірі кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты.

  Алғашқы нысан, Құрық портындағы паромды кешен. «НұрлыЖол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Құрық портының паром кешенін салудың екінші кезеңі іске асырылып жатыр. Паром кешені жылына 4 млн. тонна жүк жобалық қуатымен халық тұтынатын тауарларды: астық, мұнай өнімдерін, СКСГ-ның (сұйытылған көмірсутекті газдар), тыңайтқыштарды, химикаттарды және басқа да жүктерді тиеуге бағытталған.

  2017 жылдың басынан порт коммерциялық қызметін бастады, осыған дейін 93 кеме кіру жасалған, 400 мың тоннадан аса жүк ауыстырып тиелді. Елбасының биылғы Жолдауында Құрық портының екінші фазасын – автомобиль өткелін жүзеге асыру қажеттілігі баса айтылды.

  Қазіргі кезде паромды кешеннің автомобиль құрамдас бөлігінің нысандары салынуда. Теңіз акваториясында автомобиль пирсы үшін түпті тереңдету жұмыстары жүргізілуде, бұл жүк автотранспортын ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. Құрық паромды кешенін пайдалануға беру Қазақстанның теңіз қақпасын кеңейтеді және Транскаспий халықаралық көлік бағытының тізбегін тұйықтайды.

  Паром кешенін аралап көргеннен кейін, Асқар Мамин Құрық портындағы паром кешенінің екінші фаза құрылысына қатысты жиналыс өткізді.

  –Маңғыстау – еліміздің көліктік-логистикалық хабы, транзиттік дəлізі. Мұнда соңғы жылдары жаңа жобалар жүзеге асып, жаңа нысандар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іске асып жатқан стратегиялық жобалардың бірі – Құрық паром кешені. Бұл – аймақтық жоба Азия мен Еуропаға жол ашады. Бұл жоба белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі тиіс. Алдағы уақытта Ақтау порты мен Құрық паром кешені транзиттік жүк легін арттыра түседі. Паром кешенінің 2-кезеңі белгіленген уақытта пайдалануға берілуі тиіс, – деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин.

  –Құрық порты - өңір үшін стратегиялық маңызды жоба. Құрық портындағы паром кешені еліміздің және Маңғыстау облысының көлік-логистикалық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болады. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі көптеген жұмыстар атқаруда. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қойған міндеттерді орындау үшін барынша көп шаралар қабылданып жатыр. Бұл үшін нақты жұмыс жоспары және жасалатын жұмыс көлемінің нақты кезеңдері бар. Қазіргі негізгі міндет - жергілікті тұрғындар үшін жағдай жасау, соның ішінде жаңа жұмыс орындарын ашу. Бүгінгі таңда 600 жас адам қайта оқудан өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар алда жалғасын табады, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

  Одан кейін, Асқар Мамин Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында салынған зауыттарға барып, жұмысымен танысты. Алғашқы өндіріс орны - «Шыныпластикалық құбыр» зауыты.  Кәсіпорын шығаратын құбырлар мұнай-газ саласында қолданылады. Шыны талшықты құбырлар - «Қазақстанда жасалған» брендімен экспортталатын тауарлардың бірі. Ақтаудағы шыны талшықты құбырлар шығаратын зауыт - мемлекет қолдауымен қуатын еселеген кәсіпорындардың бірі. Темірге қарағанда орнатылуы тез, әрі салмағы да жеңіл шыны құбырын шығаратын өндіріс орнында 3 цех іске қосылған. 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Жылына 260 км. құбыр шығарады.

  Үкімет басшысының бірінші орынбасары бастаған топ темірбетон өнімдерін шығаратын зауытқа да барды. Өндіріс орны «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 150 дана тетрапод шығару. Өнімді дайындауға қажетті негізгі шикізат: құм, цемент, қиыршақ тас және арматура. Жоба құны 768 млн. теңге. Зауыт аумағында 200 жұмыс орынын ашу көзделген.

  Асқар Мамин барған келесі нысан – «Ақтау трансформатор зауыты». Бұл кәсіпорынның жылына 6 млрд. тенгеге өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Зауыттың іске қосу мерзімі 2014 – 2017жж. Мақсаты - Қазақстандағы импорт тәуелділігін азайту. Шығарған өнімнің 50 пайызын Түркменістан еліне экспорттайды. Салынған инвестиция құны 2 млрд. тенгені құрайды. Зауыт іске қосылғаннан кейін 150 адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорын шикізат өнімдерн отандық өндірушілерден алады. Қазақстандық үлесі 85% - тен жоғары. Шығаратын өнімі КТП, КРУ, ОРУ, БКТП 250-2500 кВА бетонды корпуста кернеуі 6-10, 35 кВ трансформаторлар.

  Сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында Асқар Мамин республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс жұмысымен танысты. Европа, Түркия, Кавказ елдері және Орта Азияның маңызды халықаралық транзиттік көлік дәлізіне «Құрық» порты - «Құрық» селосы (ұзындығы 22 км) және «Бейнеу-Ақжігіт» – Өзбекстан шекарасы (ұзындығы 85 км) автомобиль жолдары жатады. «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолы аса маңызды көлік инфрақұрылымдық нысаны. Ол Құрық портынан басқа елдерге жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


14.12.2017
19:00:47
78
Тәуелсіздік қарсаңында Мұнайлы ауданында «Керуен» ауыз су өңдеу цехы іске қосылды.  Кәсіпорын 12 адамды тұрақты…
14.12.2017
18:33:50
81
Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бірнеше нысан ашылды. Ел игілігіне берілген жаңа кәсіпорынның…
13.12.2017
20:13:48
205
Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушыны анықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шара Елордамыз Астана қаласының 20…
13.12.2017
19:30:30
224
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 15-сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған өңір бюджетінің жобасы бекітілді. «Осы жылғы…
13.12.2017
14:48:01
205
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов  Нидерланды Королдігінің Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы төтенше және өкілетті…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz