Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын таныстырды

13.09.2017
12:33:40
2429

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен экономиканы цифрландыру жөніндегі кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет әзірлеген «Цифрлық Қазақстан» инновациялық бағдарламасын таныстырды.

Сөз сөйлеу барысында Бақытжан Сағынтаев Бағдарламаны әзірлеу кезінде цифрлық дәуірдің Қазақстан экономикасы үшін жаһандық сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері ескерілгенін баяндады. Осыған байланысты екі бағыт айқындалды: инновациялық дамудың ұзақ мерзімді институттарын құру және Бағдарламаның нақты сектордағы шынайы жобалардан тұратын прагматикалық бастауын қамтамасыз ету.

Бастапқы тәсіл ретінде Үкімет тоғыз саланы жеделдетілген цифрландыру стратегиясын таңдады. Оған қоса, энергетикаға, агроөнеркәсіп кешеніне, өнеркәсіпке, логистикаға және ақпараттық технологиялар секторына баса назар аударылды. Сонымен бірге, еліміздің флагмандық салаларын технологиялық жаңғырту және еңбек өнімділігінің ауқымды өсімі үшін жағдайлар жасауға қосымша серпінді қамтамасыз ету жоспарланған.

Сонымен қатар, экономика салаларын цифрландырудан бөлек, Бағдарлама мобильді мемлекетті дамытуға, креативті қоғам қалыптастыруға және елді цифрлық трансформациялауға қажетті жаңа инфрақұрылымды құруға негізделеді. Экожүйенің барлық төрт сегментінде цифрлық бизнестің жаңа түрлерінің пайда болуы үшін экономиканың тұтас секторын «бұзуға» арналған «мұзжарғыш жобалар» анықталды. Бүгінгі таңда мұндай «мұзжарғыштар» 23 және олардың тізімі ылғи ашық болады.

ҚР Премьер-Министрі мықты цифрлық ел цифрлық шешімдер әлеміне толық ықпалдастырылған мықты бизнестен басталатынын баса айтты. Сондықтан, Бағдарлама цифрлық технологияларды барлық басымдықты секторларда кеңінен енгізуді және бизнестің пайдалануын көздейді. Аталған бағытта кәсіпкерлер үшін диджиталдандыруға ынталандыру жүйесі құрылады.

Бұл жұмыстың басымдықтары — нормативтік базаны жетілдіру мен реттеу, кəсіпорындардың цифрлық трансформациясы үшін шығындарды азайту, цифрлық жобаларға инвестициялар тарту үшін ерекше жағдайлар жасау болады.

Мысал ретінде бүкіл тау-кен өнеркəсібіне «цифрлық кеніш» моделін тарату, бүкіл мұнайгаз секторына «интеллектуалды кен орны» жəне «мұнайды электронды есепке алу» моделін трансляциялау тұтас ел деңгейінде сервистік IT-бизнестердің өсуі үшін кластерлік тиімділік беретіні айтылды.

Бұдан өзге, экономикалық өсімнің жаңа моделінің тіректерінің бірі ретінде инновациялық агроөнеркəсіптік кешенді қалыптастыру аясында, əлемнің ең үздік тəжірибелеріне сəйкес еліміздің АӨК цифрландырудың модельдік болжамы əзірленді. Онда ауқымды мəліметтерді қамту жүйесі, анализ жасау жəне интеллектуалды жоспарлау жүйесі, кəсіпорын динамикасын цифрлық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі қамтылады.

Бағдарламаның тағы бір зəкірі цифрлық экономиканың инфрақұрылымдық негізі жəне ең алдымен интернетке жаппай қолжетімділік болады. Тұтас елді желіге кеңінен қолжетімділікпен қамтамасыз ету түпкі тұтынушыларға бағдарланған цифрлық экономиканың көптеген секторларының озық дамуы үшін жағдайлар тудырады. Олардың ішіндегі маңыздылары: ара қашықтықтан оқыту, телемедицина жəне электронды сауда.

Сонымен қатар Бағдарламада медициналық қызметтер нарығын инновациялық дамытуға мəн берілген. Бұл бағытта жасанды интеллект пен ауқымды мəліметтерді өңдеу технологияларына негізделген инновациялық шешімдерді жаппай қолдану барынша артады.

Сонымен қатар, отандық IT-секторы үшін маңызды серпін Бағдарламада қойылған 2021 жылға қарай мемлекеттік қызметтерді 80% цифрландыру міндеті болады. Отандық əзірлеушілер дербес ауқымды ІТ-шешімдер, ІТ-секторда Қазақстанның ұлттық брендтерін жасай алады. Бұл Электронды үкімет, UrbanTech жəне мемлекеттік киберқауіпсіздік тəрізді бағыттарға қатысты.

Өз сөзінің соңында Премьер-Министр Қазақстанның цифрлық трансформациядағы қомақты мақсаттары оған бүкіл қоғамның атсалысуын талап ететінін атап өтті.

«Қазақстан жылдан жылға өзінің цифрлық даму саясатын тұрақты дамытып, бағдарламаны өзекті əлемдік трендтерге сəйкес жаңа жобалармен толықтырып отыратын болады. Осы салмақты басқарушылық сын-тегеурініне мемлекеттік басқарудың ең үздік тəжірибелерінің негізіндегі бағдарламалық менеджмент моделі сəйкестендіріледі», — деді Б. Сағынтаев.

Ол бағдарламаны жүзеге асырудың барлық сатысы бойынша корпоративті жобалық кеңсесі құрылғанын атап өтті, оның жұмысын Қазақстанды цифрландыру бойынша Ведомствоаралық комиссия үйлестіреді.


17.10.2017
16:07:03
132
Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім…
17.10.2017
16:01:14
126
Кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді.Нұрсұлтан…
17.10.2017
15:55:20
123
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрлігіне бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығына…
13.10.2017
10:18:02
484
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары аясындағы келіссөздерді…
13.10.2017
10:13:24
476
Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық серіктестік орныққанын атап өтті.– Тәуелсіздік жылдарында…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz