Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Әлемнің жетекші компанияларымен келіссөздер жүргізілді

06.10.2017
21:24:57
783

Бүгін Ақтауда өткен халықаралық бизнес форум аясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов әлемнің жетекші жеті компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді.

Атап айтқанда, 2005 жылы негізі қаланған Дубайлық «DP WORLD» компаниясының өкілімен екі жақты келісімшарттың шарттары талқыланды. Бұл компаниямен облыс басшысы бұған дейін де бірнеше рет кездесу өткізген. Айта кетейік, шетелдік мекеме көп уақыттан бері әлемдік нарықта жүк тасымалдаумен айналысады.  

Ал, малайзиялық «Reach Energy» компаниясы қара алтынды тиімді игеру бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан мекеме. Аталмыш кәсіпорын мұнайлы өлкеде көгілдір отынды қайта өңдеп, оны сұйытумен айналысуға дайын екенін жеткізді. Егер екі жақты келіссөздер оң шешімін тапса, олар 2018 жылдың соңына дейін 55 мың тонна газ өндіретін болады.

Тағы бір малайзиялық «One Ocean Environment Sdn Bhd» компаниясы Маңғыстау өңірінде өз жұмысын бастауға дайын. Машинажасау және электртехника жабдықтарын орнату саласында 40 жылға жуық тәжірибесі бар мекеме. Компанияның қазіргі мақсаты облысымызда энергия көздерін тарту және су тұщыту саласы бойынша инвестиция салуды көздеп отыр.

«Saj Group» компаниясы түрлі салада қызмет көрседі. 17 жылдық тәжірибесі бар мекеменің Мысыр, Канада, Судан, Замбия және Қазақстанда бөлімшесі орналасқан. Мұнайхимия және мұнайды қайта өңдеумен айналысатын компания біздің өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салуға ниетті.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов келіссөз жүргізген «TECDRY» компаниясы өңірімізде құрылыс саласында жұмыс істегісі келетінін айтты. Өйткені, бұл компания әлемдік нарыққа мұнайхимия саласындағы қалдықтарды тазалау және түрлі салады жасыл технологияны енгізу бойынша тәжірибесі мол.

Ал, 2014 жылы құрылған түркиялық «Enerwo Energy» компаниясының бас директоры Огуз Зейрек өңір басшысына нақты жоспарымен таныстырды. Олар Маңғыстау облысында битум зауытын салу мақсатында келгенін айтты. Себебі, бұл аймақта жаңа бағыттағы жол құрылыстары салынуда.

Мемлекет тарапынан шетелдік инвесторларға жасалып жатқан жеңілдіктерді атап өткен халықаралық компания өкілдері Маңғыстау облысында жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.

 Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


17.10.2017
15:38:00
196
Бүгін Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Бекмұрат Жүсіпов журналистермен кездесу өткізді. Онда…
16.10.2017
14:02:43
375
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Біріккен Араб Әмірлігінен келген (БАӘ) Шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян мен…
16.10.2017
12:31:58
311
Бүгін облыстық әкімдікте өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.   Алғашқы болып Маңғыстау…
13.10.2017
12:03:03
581
Биыл Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданының құрылғанына 25 жыл. Аудан орталығы - Форт-Шевченко қаласы. Түпқараған ауданына…
13.10.2017
11:51:02
539
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен Аракс кемесіндегі мұнай қалдықтарын тазарту жұмыстары басталды. Айта кетейік,…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz