Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Жаңа қазақ әліпбиі – ұлттық стрaтегиялық мақсат

12.10.2017
15:54:11
543

Бүгін Ақтау қаласында «Қазақ әліпбиін латын әріптерімен таңбалаудағы ерекшеліктер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Республика бойынша алғашқылардың бірі болып ұйымдастырылған жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі  институтының директоры, Ұлттық комиссия төрағасы Ерден Қажыбек және тіл тізгінін ұстаған білікті мамандар мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар күні кешеЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасын кеңінен талқылап, жобаға қатысты өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Түркия, Әзірбайжаннан арнайы шақырылған ғалымдар латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары мен тиімді тұстарына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті. Себебі, аталмыш қос мемлекет түркітілдес елдерінің арасында алғашқы болып қаріп ауыстырғандардың қатарында. Сондай-ақ, алқалы жиында филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова:  «Жаңа қазақ әліпбиі – ұлттық стрaтегиялық мақсат» атты ғылыми баяндамасын оқыды. Шараның негізгі мақсаты осы. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесін кеңінен насихаттау, оның маңыздылығын жеткізу, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру.   

Конференцияда сөз алған  Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттік маңызды іс, ұлттық мүддеге арналған бағдарлама. Негізгі меже – Мәңгілік ел. Елбасы Н. Ә.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Халқына Жолдауында: «... Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», - деп Жолдауында айтқандай, әліпбиді өзгерту  Мәңгілік Елдің Мәңгілік тілі үшін қажет. Көздеген мақсатқа жетудің жолы – осы», - деді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


17.10.2017
15:38:00
194
Бүгін Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Бекмұрат Жүсіпов журналистермен кездесу өткізді. Онда…
16.10.2017
14:02:43
373
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Біріккен Араб Әмірлігінен келген (БАӘ) Шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян мен…
16.10.2017
12:31:58
308
Бүгін облыстық әкімдікте өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.   Алғашқы болып Маңғыстау…
13.10.2017
12:03:03
580
Биыл Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданының құрылғанына 25 жыл. Аудан орталығы - Форт-Шевченко қаласы. Түпқараған ауданына…
13.10.2017
11:51:02
538
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен Аракс кемесіндегі мұнай қалдықтарын тазарту жұмыстары басталды. Айта кетейік,…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz