Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Президенті Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

17.10.2017
15:55:20
1393

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрлігіне бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударып, олардың орындалуының аралық қорытындылары жөнінде айтты.

– Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдарда 5,2 триллион теңгені құрайтын 1060 жоба іске қосылды. Соның арқасында 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама іске асырылғаннан бері жүзеге асқан жобалар 8 триллион теңгенің өнімін берді. Бұл – еліміз үшін аса маңызды жетістік. Біз бұған дейін өндірілмеген өнімнің 500 түрін шығарамыз, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелеріне назар аударды.

– 2010 жылдан бері республикалық маңызы бар 5 мың шақырым жолдың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға дейін тағы 4500 шақырым жол іске қосылады. Қазір республикалық автомобиль жолдарының 85 пайызы жақсы күйде. Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасы және Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Бейнеу – Шетпе, Көкшетау – Петропавл бағыттары бойынша жолдар пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ертіс өзені арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ірі көпір салынды. Осы жобаларды іске асыруға 75 мың адам тартылды. Бұл ретте, барлық құрылыс материалдарының 90 пайызы Қазақстанда жасалған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті «Құрық» теңіз порты мен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының экономикалық маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, Елбасы «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне тоқталып, оның аясында 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынғанын айтты.

– 9 облыста тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық бағдарламалар халықтың тұрмысын жақсартуға арналған. Жинақтағанымыздың бәрін қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағыттадық, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті министрліктің басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.

– Индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әлі де экономикамыздың әртараптығын қамтамасыз ете алмай отыр. Өңдеу өнеркәсібінің ішкі жалпы өнімдегі үлесі айтарлықтай өзгерген жоқ. Жалпы, қойылған міндеттерді орындауға қажетті барлық жағдай бар. Сіз экономикалық және әлеуметтік басымдықтарды іске асыруға толық жауаптысыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізді одан әрі дамытып, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.


11.12.2017
12:33:18
498
Қазақстан Президенті Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атсалысқан азаматтармен кездесті. Мемлекет басшысы ЭКСПО конгресс-орталығы ғимаратында…
11.12.2017
12:24:07
485
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда,…
11.12.2017
12:15:09
480
Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың, отандық академиялық қоғамдастықтың, азаматтық…
11.12.2017
12:07:26
497
Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Қазақстан Президентіне Индустрияландыру картасының…
04.12.2017
10:31:11
1246
2017 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан Республикасының үкіметтік делегациясының Астанаға сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz