Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Елбасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

17.10.2017
16:01:14
1844

Кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жанармай тапшылығы Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігі тарапынан нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін уақтылы шешім қабылдамауы салдарынан орын алып отырғанын айтты.

– Энергетика министрлігі еліміздің отын-энергетика мәселелеріне, соның ішінде ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге жауапты. Елімізде оның тапшылығына байланысты орын алған ахуал Үкімет пен Энергетика министрлігі тарапынан немқұрайлылық пен жауапсыздыққа жол берілгенін көрсетіп отыр. Сіз биылғы мамыр айында мұнай өңдеу зауыттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесін бекіттіңіз. Күзде үш зауыттың екеуі жөндеу үшін тоқтатылатынын білдіңіз. Мұндай жағдай жыл сайын қайталанып келеді. Соны біле тұра, алдын-ала дайындалып, халықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде жанар-жағармай жеткізуге тиіс едіңіз. Олай болмады, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы министрліктің жанар-жағармай нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бұған дейінгі шараларының тиімділігі төмен болғанын атап өтті.

– Сіз ұсынған жақсы бастамалар аз емес. Олар менің тарапымнан да, Үкімет тарапынан да қолдау тауып келеді. Жанармай тапшылығын болдырмау үшін бағаны мемлекеттік реттеуден бас тарту ұсынылды. Алайда, нарықта тағы да жанар-жағармай жетіспеушілігі орын алды. Осыған байланысты, Үкіметтің ұсынысы бойынша сізге сөгіс жарияладым. Бұл – қызметтен босатылғанмен бірдей, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қанат Бозымбаев Қазақстан Президентіне Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстарының барысы туралы мәлімдеді.

– Екі мұнай өңдеу зауытын жетілдіріп, жаңғырту биыл аяқталады. Қараша айында Павлодардағы зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Атыраудағы мұнай өңдеу зауытындағы жұмыстарды осы жылдың 16 желтоқсанына дейін аяқтау көзделген. Мұнда мұнай өнімдерінің көлемін арттыруға және олардың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін катализдік крекинг қондырғысы бірінші рет пайдаланылатын болады.  

Қ.Бозымбаев Мемлекет басшысына Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында да жоғары октанды бензин шығаруға арналған катализдік крекинг қондырғысын салу жоспарланып отырғаны туралы мәлімдеді.

Энергетика министрі келесі жылы Қазақстан нарығы жоғары сапалы жанармаймен, соның ішінде авиациялық жанармаймен қамтамасыз етілетінін айтты.

Соңында Қазақстан Президенті нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін жауапкершілік жүктелетінін тағы да ескертіп, жанармай тапшылығын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.


16.01.2018
18:31:42
10835
Америка Құрама Штаттары, Вашингтон қаласыҚазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ…
16.01.2018
18:08:17
10897
Қымбатты отандастар!Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда.Жүз…
26.12.2017
12:32:11
12094
Келіссөз барысында күн тәртібіндегі екіжақты экономика мәселелері, цифрлық технологияларды пайдалану кезіндегі бірлескен жұмыстардың перспективалары, сондай-ақ…
26.12.2017
12:29:09
12203
Мемлекеттер басшыларының ресми кездесу рәсімінен соң шағын құрамдағы келіссөздер жүргізілді.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келуге…
26.12.2017
12:20:08
10335
Мемлекет басшысы сұхбат барысында биыл елімізде өткен шараларды қорытындылап, журналистердің мейлінше өзекті сауалдарына жауап берді.Атап…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz