Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Сәулет және қала құрылысы басқармасы

26.06.2015
19:23:02
0

Сәулет және қала құрылысы басқармасының негізгі функциялары, бұл – өз құзіретінің шегінде Маңғыстау облысының аумақтарын кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы және перспективалы міндеттерін шешуге бағытталған сәулет және қала құрылысын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.



Басқарма басшылары, азаматтарды қабылдау кестесі және байланыс мәліметтері



Жайлау Найзабек Мырзағалиұлы

Басқарма басшысы

Азаматтарды қабылдау кестесі:

сейсенбі, бейсенбі сағат 

15.00 – 17.00.

Байланыс мәліметтері:

8 (7292) 31-36-47 




Жайлау Найзабек  Мырзағалиұлы 1961 жылы  23 қаңтарда дүниеге келді.

1979 жылы Алматы қаласындағыВ.И.Ленин атындағы политехникалық институтының сәулет факультетіне оқуға түсіп, 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын сәулетші-жобалаушы мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы 1984 жылы ССРО Құрылыс банкі Мұнайлы бөлімшесінің техникалық бөлімінде қатардағы инженер болып басталды.

1986 жылы Маңғышлақ  облыстық агрокешеннің күрделі құрылыс бөліміне қарасты жоба және сараптау бөлімшесіне сараптаушы инженерлікке ауыстырылды. Осы мекеме жанынан ашылған «Казгипросельхоз» аймақтық жобалау институтының бөлімшесіне сәулетшілік қызметке ауыстырылып, 1988-1991 жылдары осы аталған қызметте болса, 1991-1993 жылдары ауыстырылу арқылы «Маңғышлақ» агрокомбинатының күрделі құрылыс бөлімінде аға инжненер болды.

Сәулет-құрылыс саласында мемлекеттік қызметті облыстық құрылыс, тұрғын үй және аумақтарға құрылыс салу басқармасында кадастр бойынша бас маман болып 2000 жылдың қыркүйек айынан бастады.

  2003-2005 жылдары Ақтау қаласының бас сәулетшісі қызметін атқарды.

  2005 жылғы ақпан айынан 2006 жылдың ақпан айына дейін Маңғыстау облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының сәулет және бас жоспар бөлімін басқарса, 2006 жылғы ақпанда мекеменің бөлінуі себебінен қайта құрылған Маңғыстау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып тағайындалды. Осы жылдың қараша айында облыс әкімінің жарлығымен Ақтау қаласының Бас сәулетшісі қызметіне ауыстырылып, өзіне тапсырылған жұмыспен 2007 жылғы шілде айына дейін айналысты. Ауыстыру арқылы  Маңғыстау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып қайтадан тағайындалып, осы басшылық қызметті мемлекеттік қызметтен өз өтініші бойынша босатылғанша, 2008 жылдың шілде айына дейін атқарды. 

2008  жылы Ел Ордасы Астана қаласының 10 жылдық мерей тойын өткізуге ат салысып, қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет дипломымен мараппатталды.

2012 жылдың шілде айынан бастап қайтадан Маңғыстау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының міндетін атқарады.

2012 жылдың тамыз айында құрылысшылар күнінің құрметіне Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің "Қазақстанның құрметті сәулетшісі" төс белгісімен марапатталды.



Мекен жайы:

130000 Маңғыстау облысы  Ақтау қаласы, 

14 шағын аудан,  1-ғимарат, 102 кабинет.

Байланыс мәліметтері:

Қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (7292) 31-36-47, факс: 8 (7292) 42-98-77

Электрондық поштасының мекенжайы: arh@mangystau.gov.kz 




Сәулет және қала құрылысы басқармасы ресми сайты



Соңғы жаңарту : 2017-08-11 16:53:04

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz