Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті

26.06.2015
19:23:14
0

Негізгі мақсаттары  және атқаратын қызметтері:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамен) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аймақтық органы болып табылады.


Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, басқа да  нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитеті Төрағасының бұйрықтарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.


Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары, есеп-шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық тағайындаулы нысандары бар.


Департаменттің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Төрағасымен бекітіледі.


Департамент өзінің құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден тұрады. Оның құрамына төмендегідей оқшауланған құрылымдық бөлімшелері енеді:

1) Жаңаөзен қалалық  басқармасы.

Қызмет көрсету аумағы - Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызыл-Сай, Құланды ауылдары, “Болашақ” теміржол станциясы, “Кендерлі” демалыс аймағы;

2) Бейнеу ауылдық бөлімі.

Қызмет көрсету аумағы - Бейнеу ауданы;

3) Түпқараған аудандық бөлімі.

Қызмет көрсету аумағы - Түпқараған ауданы, “Қаражанбас” кен орны;

4) Қарақиян аудандық бөлімі.

Қызмет көрсету аумағы - Қарақиян ауданы;

5) Мұнайлы аудандық бөлімі.

Қызмет көрсету аумағы - Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауданы, “Қаламқас” кен орны.




Басшылары, азаматтарды қабылдау кестесі және байланыс мәліметтері:


Тайжанов Ерлік Серікбайұлы

Департамент басшысы

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Бейсенбі  17.00 – 19.00 

Байланыс мәліметтері:

8 (7292) 46-00-18, 46-00-99



ҚР Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің басшысы - ОҰҚ генерал-майоры Ерлік Серікбайұлы Тайжанов.

Генерал-майор Тайжанов 1960 жылдың 30 мамыры Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Есперлі ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы ауылшаруашылығы саласында механизатор  болып бастаған. 1980-1984 жылдары КСРО ІІМ Қарағанды Жоғары мектебінде тергеуші-криминалистика факультетінде оқыған.

МҚК-ҰҚК органдарында 1984 жылдан бастап қызмет атқарады. Жедел және басқарушылық құрам мамандарын дайындау бойынша Алматы, Кмев және Мәскеуде өткізілген КСРО ҰҚК жоғары курстарын аяқтаған. 1984 жыл мен 1993 жыл аралығында Қызылорда облысы бойынша МҚКБ-ның жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған. ОҰҚ-ның құрметті қызметкері атағын иеленген, МҚК-ФҚҚ ардагері, заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

1984-1993 ж.ж. - Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің кіші жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аға тергеушісі, тергеу тобының жетекшісі, ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес бөлімінің басшысы, жемқорлық және контрабандамен күрес бөлімінің басшысы;


1993-1997 ж.ж. -Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке құрам бойынша инспекция басшысы, ұйымдастырушылық-штаттық бөлім басшысы, кадрлар басқармасы басшысының орынбасары;

1997-2000 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті лаңкестікпен күрес қызметінің басшысы, ҚР Солтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының бірінші орынбасары;

2000-2001 ж.ж.- Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы;

2001-2009 ж.ж. Қазақстан Республикасы Астана қ. бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы;

2009-2010 ж.ж. - БТА банк басқармасы төрағасының орынбасары;

2013-2015 ж.ж. - Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы елшілігінің кеңесшісі;

Қоян-қолтық ұрыс бойынша КСРО спорт шеберлігіне үміткер, каратэ-до бойынша 5 дан иегері, каратэ бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық Федерациясының құрметті президенті. Астанадағы карате-до шито-рю Федерациясының Президенті.



Мекен-жайы: 

130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 

24 ы/а , 3 ғимарат

Байланыс телефоны: 

8 (7292) 46-00-18, 46-00-99

Эл. пошта:

dknbmo@mail.ru



Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті (ҰҚК) ресми сайты:    http://knb.kz/


Соңғы жаңарту : 2017-03-02 10:44:38

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz