Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

26.06.2015
19:23:26
0

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 57 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2414 тіркелді 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ұ. Ұланова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы, бірақ «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулысы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                                А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының экономика 

және бюджеттік жоспарлау басқармасы» 

мемлекеттік мекемесі басшысының 

міндетін атқарушы

______________________С.Б. Нарешова

«28» наурыз  2014 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы «28» наурыздағы № 57

қаулысымен бекітілген

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтi (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдар (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары болып табылады. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулысымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен өтінішті алу рәсімдері (іс-қимылдары) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтiнiшті тіркеу;

2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қарауы, ақшалай қаражаттың қажеттілігін есептеу, құжаттарды тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссияның қарауына енгізу;

3) түскен құжаттарды тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссияда қарау және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ұсыну;

4) әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы қаулы қабылдау және оны көрсетілетін қызметті беруші мен сенім білдірілген өкілге (агентке) жолдау;

5) келісім жасасу;

6) қызметті алушының дербес жеке шоттарына көтерме жәрдемақы сомасын аудару;

7) қызметті алушыға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредитті ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара  іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия;

4) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі;

5) сенім білдірілген өкіл (агент).

7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау: 

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды 15 минуттың ішінде қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ақшалай қаражаттың қажеттілігін есептейді және құжаттарды қабылдағаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде құжаттарды тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссияның қарауына енгізеді;

3) тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде түскен құжаттарды қарайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным береді;

4) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі комиссияның ұсынымдары келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы қаулы қабылдайды және оны көрсетілетін қызметті беруші мен сенім білдірілген өкілге (агентке) жолдайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, сенім білдірілген өкіл (агент) және қызмет алушы қаулы қабылданғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде келісім жасасады;

6) көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік жеті күн ішінде қызмет алушының дербес жеке шоттарына көтерме жәрдемақы сомасын аударады;

7) сенім білдірілген өкіл (агент) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте отыз жұмыс күнінің ішінде қызмет алушыға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредитті ұсынады.

8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес блок-схема сүйемелденеді. 

4a79967e73b1192141e2d6f5f9dd6e70.png






Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz