Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

26.06.2015
19:23:26
0

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 52 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2408 тіркелді

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ө.С. Бисақаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы, бірақ «Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                   А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары  басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________________ Ө.С.Бисақаев

«____»_____________2014 жыл

«Маңғыстау облысының сәулет және

қала құрылысы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің  басшысы

____________________ Н. Жайлау

«____»_____________2014 жыл 

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы  «17» наурыздағы

№ 52 қаулысымен бекітілген

«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1.  Жалпы ережелер

1. «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) сәулет және қалақұрылысы автомобиль жолдары саласында қызметті жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы құрылымдық бөлімшесі заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорныныңфилиалдары (бұдан әрі – ХҚО);

www.e.gov.kz«электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» порталы (бұдан әрі – портал)  арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт)беру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетінқызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік көрсетілетінқызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттіккөрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге құжаттарын немесе қызмет алушының электрондық сұрауынаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 07ақпандағы № 64қаулысыменбекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттіккөрсетілетін қызметті көрсету үдерісі құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер): 

1) көрсетілетінқызметті берушінің  кеңсесі өтінішті тіркейді;

2) көрсетілетінқызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды;

3) көрсетілетінқызметті беруші басшысының орынбасары өтінішті қарайды;

4) көрсетілетінқызметті берушінің бөлім басшысы өтінішті қарайды;

5) көрсетілетінқызметті беруші бөлімінің жауапты қызметкері өтінішті қарайды және мемлекеттік көрсетілетінқызмет көрсету нәтижесін рәсімдейді;

6) көрсетілетінқызмет берушінің басшысы мемлекеттіккөрсетілетін қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды;

7) қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетінқызмет көрсету нәтижесін жолдайды.

3.  Мемлекеттік көрсетілетінқызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

6. Мемлекеттіккөрсетілетін қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушініңкелесідей құрылымдық бөлімшелері (жұмысшылар) іске тартылады:

1) көрсетілетінқызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетінқызметті берушінің басшысы;

3)көрсетілетінқызметті берушінің басшысының орынбасары;

4) көрсетілетінқызметті берушініңбасшысы;

5) көрсетілетінқызметті берушініңжауаптықызметкері.

7. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетінқызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжат түскен сәттен бастап 15 минут ішінде алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді, бұл реттетүскен күні мен кірістелген күнін мемлекеттік тілде көрсете отырып, өтініштің оң жақ төменгі шетіне тіркеумөртабаны қойылады.

2) көрсетілетінқызметті беруші басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттың тіркелген күнінен бастапкөрсетілетінқызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;

3) көрсетілетінқызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттың тіркелген күнінен бастап құжаттармен танысады және көрсетілетінқызметті берушініңбөлім басшысына жолдайды;

4) көрсетілетінқызметті берушініңбөлімібасшысы1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттың тіркелген күнінен бастап құжаттармен танысады және көрсетілетінқызметті берушінің жауапты қызметкерінежолдайды;

5) көрсетілетінқызметті берушінің жауапты қызметкері 3 (үш) жұмыс күн ішінде қызмет алушының өтінішін қарайды, рұқсат немесе паспорт жобасын дайындайды, соданкейінкөрсетілетінқызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;  

6) көрсетілетінқызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде рұқсатқанемесе паспортқа қол қояды;

7) көрсетілетінқызметті беруші кеңсесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күн ішінде қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетінқызметті көрсету нәтижесін береді;

8. Рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет)  Регламентінің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденеді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттіккөрсетілетінқызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

9. Мемлекеттіккөрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) Орталыққа Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын, жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша мәліметті Орталықтың қызметшісі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мемлекеттік көрсетілетінқызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінің көмегімен электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық деректер түрінде алады – 15 минут. 

Орталықтың қызметшісі құжаттардың түпнұсқалығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

10. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат беріледі – 15 минут.

11. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу нәтижесін беру «кедергісіз қызмет көрсету» арқылыОрталық қызметшісінің тарапынанберілген қолхатнегізінде, онда көрсетілген мерзімде, өзінің жеке қатысуымен қол қойып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты көрсету арқылы жүзеге асырылады.

12. Көрсетілетін қызметті алушы қызметтің нәтижесін алуға белгіленген мерзімде хабарласпаған жағдайда, Орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны Орталықтың мұрағатына береді.

13. Орталыққахабарласу тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес графикалық түрде келтірілген.

14. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттіккөрсетілетін қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттерінің диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттіккөрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді жүзеге асырады;

2) 1-үдеріс – көрсетілетінқызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизация үдерісі);

3) 1-шарт – Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

4) 2-үдеріс – Порталмен көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал  түріне Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажет құжаттардың көшірмелерін бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркелу куәлігін таңдап алуы;  

6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);

7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) «электрондық үкіметтің» автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды және көрсетілетінқызметті көрсету үшін негіздерді сәйкестікке тексеруі;

10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен Портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы.Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

027074c2ff202d642ba87e0532af04be.png


ccffc522e5e25b2d83ce1c24c18a6600.png


4feda76e5cde4a4bd12abe765c6b29f8.png




Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz