Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын насихаттау бойынша 2013 жылдың қаңтар-қазан айларына арналған ақпараттандыру-түсіндіру жұмысын жүргізу барысы туралы ақпарат

26.06.2015
19:23:44
0

2012 жылдың 14 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жыл сайынғы Жолдауын арнады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы біздің еліміздің стратегиялық бағытын біртіндеп жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатын жүйелі құжатты ұсынды.

Ақпараттық-саяси жұмыстарды нысаналы жүргізу мақсатында жұртшылықты Жолдаумен және оның негізгі ережелерімен таныстыруға бағытталған жұмыс жүргізіледі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнап сөйлеген сөзі облыстық, қалалық, аудандық БАҚ-да жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылдың  14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен насихаттау мақсатында  облыстық және республикалық ақпараттық-насихат топтарының мүшелері облыс тұрғындарының арасында насихат жұмыстарын жүргізді.

Ақпанның  6-8 аралығында бекітілген кестеге сәйкес құрамы 55 адамнан тұратын 7 облыстық АНТ мүшелері қалалар мен аудандардың әр поселкесінде, селосы мен селолық округінде кездесулер өткізіп, тұрғындардың арасында Жолдауды насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұған мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» ХДП МОФ өкілдері, оқу орындарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері кірді.

Республикалық АНТ мүшелері  Ақтау қаласында – 8, Жаңаөзен қаласында – 5, Бейнеу ауданында – 8, Маңғыстау ауданында – 11, Қарақия ауданында – 3, Түпқараған ауданында – 4, Мұнайлы ауданында - 7 кездесу өткізіп, кездесуге 3099 адам қатысты.

Кездесуге  қатысушылар тарапынан барлығы 29 сұрақ пен ұсыныс  түсті.

Сондай-ақ  20-22 ақпан күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед және 3-4 қазан күндері ҚР Көлік және коммуникация министрі А.Қ. Жұмағалиев бастаған  құрамы министрліктер өкілдерінен тұратын республикалық ақпараттық-насихат топтары (АНТ)  Маңғыстау облысында болып, кездесулер өткізді.

Сондай-ақ облыстық АНТ мүшелері аудандар мен қалалардың әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріне қатысты.

Республикалық АНТ мүшелері  Ақтау қаласында – 21, Жаңаөзен қаласында – 4, Маңғыстау ауданында – 7, Қарақия ауданында – 5, Түпқараған ауданында – 9, Мұнайлы ауданында - 5 кездесу өткізіп, кездесуге 6116 адам қатысты.

Кездесуге  қатысушылар тарапынан барлығы 80 сұрақ пен ұсыныс  түсті.

Ішкі саясат басқармасы облыстық және республикалық АНТ мүшелеріне көмекші құрал ретінде ақпараттық материалдар жинақтарын әзірледі. Жинаққа Жолдаудың мәтіні, облыс әкімінің облыс активіндегі Жолдауды жүзеге асыру бойынша сөйлеген сөзі, ақпараттық-насихат  топтарының мүшелеріне ұсынымдар, облыстағы аудандар мен қалалардың әлеуметтік - экономикалық  дамуы туралы мәліметтер кіргізілді.

«Маңғыстау» газетінде «Елбасының Жолдауына – жасампаз елдің қолдауы», «Огни Мангистау» газетінде «Казахстан-2050», «Ақтау ақпарат» газетінде «Елбасы Жолдауына қолдау», «Мұнайлы» газетінде «Елбасы Жолдауы – 2012»,  «Ақкетік арайы» газетінде «Елбасы Жолдауына бүкіл халықтық қолдау», «Рауан» газетінде «Жолдауға қолдау», «Жаңа өмір» газетінде «Елбасы Жолдауы – ел қамын ойлау», «Қарақия» газетінде «Жолдауға қолдау» айдарлары және Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында «Жаңалықтар», «Новости», «Мәселе», «Таңшолпан», «Көзбе-көз», «Резонанс», «Ашық әңгіме», «Менің құқығым», «60 минут» бағдарламалары, «Маңғыстау» радиосында «Менің құқығым», «Жолбаян» радиосында «Жаңалықтар», «Новости» бағдарламалары берілді.

Жолдаудың басты бағыттары бойынша «Қызу желі» жобасы аясында, мемлекеттік органдар басшыларының облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде және «Қазақстан-Ақтау» телеарнасындағы «Ашық әңгіме» бағдарламасына  шығу кестесіне сәйкес   қаңтар-қазан айларында облыс әкімінің орынбасарларының, аудандар мен қалалардың әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен БАҚ-да 28 материал жарық көрді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Ахметовтің өкімімен бекітілген жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен «www.e-gov.kz» порталында  интернет-конференцияларды  өткізу кестесіне сәйкес  2013 жылғы 25-27 маусым аралығында Маңғыстау  облысының  әкімі А. Айдарбаевтың қатысуымен Елбасының 2012 жылғы  14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру туралы интернет-конференция өтті.

Интернет-конференцияның өткізілетіні туралы хабарландырулар облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде, облыс әкімдігінің www.mangystau.gov.kz, ішкі саясат басқармасының www.uvp.mangystau.kz сайттарында жарияланып, облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында «Жаңалықтар», «Новости» бағдарламаларында және «жүгіртпе жол» арқылы хабарландырулар эфирге шықты.

Маңғыстау облысының тұрғындары интернет-конференцияға белсенді қатысты. Облыс әкімінің атына барлығы 32 сұрақ пен ұсыныс-тілек келіп түсіп, оның ішінде 1 сұрақ мазмұны жоқтығына байланысты, 1 сұрақ қайталануы себепті, 2 сұрақ мағынасыз және түсініксіз болғандықтан қабылданбады. Қалған 28 сұрақтың жауаптары берілді. 28 сұрақтың 17-сі мемлекеттік тілде, 11-і орыс тілінде қойылды. Облыс әкімі тарапынан барлық сұрақтарға толық жауаптар мен түсініктемелер берілді. Сұрақтарға берілген жауаптар «www.e-gov.kz» порталында орналастырылды.  

Соңғы жаңарту : 2015-11-02 18:24:40

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz