Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын насихаттау бойынша 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларына арналған ақпараттандыру-түсіндіру жұмысын жүргізу барысы туралы ақпарат

26.06.2015
19:23:44
0

2014 жылдың 17 қаңтарында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Жолдауын арнады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы біздің еліміздің стратегиялық бағытын біртіндеп жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатын жүйелі құжатты ұсынды.

Ақпараттық-саяси жұмыстарды нысаналы жүргізу мақсатында жұртшылықты Жолдаумен және оның негізгі ережелерімен таныстыруға бағытталған жұмыс жүргізілді.

17 қаңтар күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы-2014: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылау өткізді. Сондай-ақ  Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде, Жаңаөзен қаласындағы орта мектептерде де талқылаулар ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнап сөйлеген сөзі облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінің 18 қаңтардағы сандарында және қалалық, аудандық БАҚ-да жарияланды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін облыстық, қалалық, аудандық баспа басылымдары және  электрондық БАҚ-ғы журналистері ішінен 19 адамнан тұратын журналистер пулы және БАҚ-да сөз сөйлеу және ұйымдастыру-түсіндіру іс-шараларына қатысу үшін жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары мен сарапшылар қатарынан тізімі жасақталды.

23 қаңтарда облыс  әкімі А.Айдарбаевтың төрағалығымен  Президенті Н.А. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған басты бағыттар мен міндеттердің орындалуына арналған облыс активінің жиыны өтті. Жиынға барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық басқармалар басшылары, кәсіпорындары мен ұйымдарының, ҮЕҰ, саяси партиялар, БАҚ өкілдері қатысты.

Сондай-ақ актив жиналыстары облыстың аудандары мен қалаларында да өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталды.

 «Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Ақтау ақпарат, «Жаңаөзен», «Қарақия», «Жаңа өмір», «Ақкетік арайы», «Мұнайлы», «Рауан» газеттерінде «Қазақстан -2050», «Біз Жолдауды қолдаймыз», «За строкой Послания» айдарларында мақалалар, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында «Жаңалықтар», «Новости», «Мәселе», «Көзбе-көз», «Резонанс», «Ашық әңгіме», «Менің құқығым», «60 минут» бағдарламалары, «Маңғыстау» радиосында «Менің құқығым», «Жолбаян», «Тандем» радиоларында «Жаңалықтар», «Новости» бағдарламалары берілді.

«Маңғыстау» газетінде – Қазақстанның мәдениет қайраткері С. Еңсегеновтың, Жаңаөзен қаласы біріккен ауруханасының бас дәрігері, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты М. Сариевтың (18 қаңтар), «Қазақ тілі қоғамының Ақтау қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б. Төлеуғалиевтың, Құрмет орденінің иегері, «Ғалымжан-Өрезек» ЖШС директоры С.Хибасовтың, Ақтау қалалық әкімшілік сотының төрағасы Ө.Садықовтың, «Өзенмұнайгаз» АҚ ардагер мұнайшысы Ж. Сәттің,  Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының балалар дәрігері В.Мұңалқызының (21 қаңтар), Маңғыстау аудандық жастар саясаты орталығының жетекшісі А.Қонарбаевтың, Мұнайлы аудандық сотының төрағасы М.Алдабергеновтың (23 қаңтар), «Огни Мангистау» газетінде –

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Соловьеваның, медициналық және

фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитеті Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Е. Қосмағанбетовтың (18 қаңтар), облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г. Қалмұратованың, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Б. Ұлықбановтың, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары К. Оралбаеваның (21 қаңтар),  «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ басқарма бастығы А.Жакуповтың, облыстық мәслихат аппаратының экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша кеңесшісі Н.Қарасаевтың, «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік жеке меншік әріптестігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Р.Мырзахметованың (23 қаңтар), т.б.  лебіздері жарияланды.

Маңғыстау облысы әкімінің бекітуімен «Қызу желі»,  «Горячая линия» жобасы бойынша облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау», қалалық «Ақтау ақпарат», «Жаңаөзен», аудандық «Қарақия», «Жаңа өмір», «Рауан», «Мұнайлы», «Ақкетік арайы»  газеттерінде және «Қазақстан-Ақтау» телеарнасындағы «Ашық әңгіме», «Ауыл және әкім», «Көзбе-көз», «Резонанс»  бағдарламаларында тікелей эфирде мемлекеттік органдар, мекемелер мен  кәсіпорын  басшыларының шығу кестесі бекітілді.

Осыған орай Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар  департаментінің орынбасары Қ. Қосбаевтың (8 қаңтардағы «Ашық әңгіме» бағдарламасы), Маңғыстау облысы білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы   Е. Өмірзақтың  (15 қаңтардағы «Ашық әңгіме» бағдарламасы), Маңғыстау облысы салық департаментінің басшысы Қ.Искаковтың  (29 қаңтардағы «Ашық әңгіме» бағдарламасы), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Б. Өтепбаевтың (3 ақпандағы «Резонанас» бағдарламасы), облыстық энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Қ.Берішбаевтың (25 ақпандағы «Маңғыстау», 27 ақпандағы «Огни Мангистау» газеттері), облыстық мәдениет басқармасының басшысы Б. Базарбаевтың  (12 наурыздағы «Ашық әңгіме» бағдарламасы), облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н. Жайлаудың (13 наурыздағы «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттері), т.б. сұхбаттары жарыққа шықты.

Елбасының  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен насихаттау мақсатында құрамы 68 адамнан тұратын 7 облыстық ақпараттық насихаттау тобы (АНТ) құрылды.

Облыстық АНТ құрамына облыс әкімінің орынбасарлары,  мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» партиясы МОФ-ның өкілдері, жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдары, этно-мәдени орталықтар, ардагерлер мен жастар өкілдері енгізілді.

Ақпанның  3-12 күндері аралығында бекітілген кестеге сәйкес облыстық АНТ мүшелері поселкелер, селолар, селолық округтер тұрғындары, мекемелер, кәсіпорындар мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында Жолдауды насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ 20-22 ақпан күндері ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы  М.Әзілханов бастаған,  құрамы министрліктер өкілдерінен тұратын республикалық ақпараттық-насихат тобы (АНТ)  Маңғыстау облысында болып, кездесулер өткізді.

Республикалық және облыстық АНТ мүшелері  облыста барлығы 82 кездесу, оның ішінде Ақтау қаласында – 27, Жаңаөзен қаласында – 5, Бейнеу ауданында – 9, Маңғыстау ауданында – 14, Қарақия ауданында – 5, Түпқараған ауданында – 8, Мұнайлы ауданында - 14 кездесу өткізді.

Осы күндері облыста барлығы 82 кездесу өткізіліп, кездесулерге 6557 адам қатысты. Кездесуге қатысушылар тарапынан барлығы 88 сұрақ пен ұсыныс  түсті.

Сондай-ақ 2013 жылдың 14 наурызындағы облыс әкімі А.Айдарбаевтың  бекіткен кестесіне сәйкес 18 наурыздан бастап әр сейсенбі сайын облыс әкімдігінің конференц-залында аудандар мен қалалардың мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен баспасөз - брифингі өткізіле бастады.


Соңғы жаңарту : 2015-11-02 18:24:40

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz