Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық тобының Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша есебі

26.06.2015
19:23:45
0

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы  жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын  түсіндіру бойынша тұрғындар арасында ақпараттық жұмыстар өткізу мақсатында 2014 жылдың 11-14 желтоқсан күндері ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бекіткен бұйрығына сәйкес ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қ.Өскенбаевтың жетекшілігімен республикалық ақпараттық тобының Маңғыстау облысына сапары ұйымдастырылды.

Республикалық  ақпараттық топтың құрамына 28 адам, оның ішінде орталық атқарушы органдар қызметкерлері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ, этно-мәдени орталықтар өкілдері, жастар кіргізілді.

Республикалық ақпараттық тобы жүмысының тиімділігін арттыру бойынша топ жетекшісі өңірге шықпастан жергілікті жерде жұмыстар бойынша шара қолданғанын айта кету керек.

26 қарашада Астанада ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Жолдауды түсіндіру бойынша жұмыс барысында iс-әрекеттердiң бiртұтас алгоритмін жүргізу мақсатында ҚР Президенті ӘкімшілігініңМаңғыстау облысына жетекшілік ететін мемлекеттік инспекторы С.Аманғалидың, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиеваның қатысуымен республикалық ақпараттық топ мүшелерімен ҚР Ұлттық экономика вице-министрі төрағалығымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында пікір алысу, республикалық ақпараттық топ мүшелерінің алдын ала жұмыстарының жоспар-кестесі мен бағдарламасы, ақпараттық жазыпк-көрсету медиа-жоспары, сондай-ақ  өңірдің ерекшелігі мен өзекті проблемалары есепке алынған нақты ұсынымдар мен тілектер айтылды.

Сондай-ақ тұрғындар, еңбек ұжымдары мүшелері тарапынан  болжалданған пікірлер, кездесудегі жекелеген қатысушылардың келеңсiз көңiл-күй мүмкiндiгi және мұндай жағдайда дәлелдi жауап беру, аудиториямен  керi байланысты жолға қою туралы талқыланды.

Республикалық ақпараттық топ мүшелері өңірге шықпастан бұрын кездесулер үшiн мақсатты топтарының тiзiмiн, өңірдің әлеуметтiк-экономикалық деректерін, барлық салалар бойынша көрсеткіштерін, әрбір елді мекеннің аудандар мен қалалардың кесіндісінде оларды шешу бойынша жергілікті жердегі мейлінше өзекті проблемалар мен қабылданып жатқан шаралар тізбесін алды.

Республикалық ақпараттық топ мүшелерінеуақытында билетті брондап қою, байланыс деректері мен мәліметтерін беру және өңірге келетін күні және орналастыруы қамтамасыз етілді.

Алдынған шаралар арқасында топтың негізгі құрамы ұйымдасқан түрде 10 желтоқсанда кешкісін Маңғыстау облысына келді.

11 желтоқсан күні республикалық топ мүшелерінің облыс әкімі А.Айдарбаевпен кездесу өткізіліп, кездесу барысында облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйін, проблемалары мен оларды шешу жолдарын, жетістіктері мен келешегі туралы хабардар етті. 

Кездесу аяқталғаннан кейін әрбір кіші топ (барлығы 7 кіші топ – 5 аудан және 2 қала) бекітілген кестеге сәйкес аудандар мен қалаларға жолсапарға шықты.

Облыстық ішкі саясат басқармасы республикалық ақпараттық топтың әр мүшесіне мақсатты аудиториясы мен қозғалысы маршруты анықталған аудандар мен қалалардың елді мекендері нақты бекітілген жұмыс-кесте жоспарын қалыптастырылды.

Ұйымдастыру көмегін көрсету мақсатында республикалық ақпараттық топ мүшелерінің қатарынан әрбір кіші топқа облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, облыс әкімі аппаратының басшысы бекітіліп берілді.

РАТ жұмысының қорытындысы

Жинақталған талдау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында республикалық ақпараттық топ мүшелері 2014 жылдың 11-14 желтоқсан аралығында тұрғындармен барлығы 47 кездесу, оның ішінде Ақтау қаласы бойынша - 11, Жаңаөзен қаласында - 3, Бейнеу ауданында – 8, Маңғыстау ауданында – 5, Түпқараған ауданында – 6, Қарақия ауданында – 7, Мұнайлы ауданында – 7 кездесу өткізді.

Облыстағы 7 еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Республикалық  ақпараттық топ мүшелері Елбасының елге Жолдауын түсіндіру барысында методикалық ұсынымдарды, слайдтар, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму бойынша әкімдік дайындаған материалдарды қолданды.

Жолдауды талқылау барысында «2015-2018 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың ауқымды мемлекеттік бағдарламасының» қабылданғанынабасты екпін берді.

Инфрақұрылымдық, тұрғын үй және көліктік-логистиканы дамыту, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелерін жан-жақты баяндады.

Кездесугеқатысқандар топ мүшелеріне Елбасы Жолдауын қолдайтындарын білдіріп, толық түсіндіргеніне және сұрақтарға толық жауаптар бергені үшін алғыстарын білдірді.

Топ Жолдауды түсіндіру барысында барлығы 7 мыңнан астам адамды,  барлық нысаналы топтар: денсаулық, білім, әлеуметік қамту, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері, еңбек ұжымдары, жастар, елді мекендер тұрғындары, оралмандар, шаруашылық субъектілері, тұрғын үй шаруашылық, бюджеттік жүйе қызметкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, ҮЕҰ, БАҚ, партия көшбасшылары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және т.б. қамтылды.

Топтыңмүшелері кездесу өткізген елді мекендерде азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.

Топ мүшелерінің «Нұр Отан» партиясының аудандық және қалалық филиалдарында өткізген жеке қабылдаулары тұрғындардың қызығушылығын тудырды.

Кездесу барысында барлығы 139 сұрақ пен ұсыныс түсті. Облыс тұрғындарын мұғалімдердің еңбек ақысы, мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың ұсталуы, тұрғын үй мәселелері, республикадағы денсаулық сақтау саласының жағдайы, жас мамандарды жұмысқа орналастыруды қолдау бағдарламасының қолданысы бойынша мәселелер қызықтырды.

Тұрғын үй шаруашылығы және су және жылумен қамтамасыз ету инфақұрылымын жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау, көліктік-логистикалық инфақұрылымды, әлеуметтік инфақұрылымдарды (мәдениет үйлерін, спорт залдарын, теннис орталықтарын, саябақтар және парктер салу) дамыту және нығайту жөніндегі сұрақтары маңызды болды.

Топмүшелерінің барлығы іс жүзінде түрғындардың жағымды көңіл күйін, Елбасының бастамаларын қолдайтындығын, облыстұрғындары,әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, балабақшалардың құрылысы, үш ауысымды мектептерді жою секілді Елбасы Жолауының басты бағыттарын қолдайтындығын білдірді.

Өз кезегінде топ мүшелері жеке бастамасымен бірқатар оңды шаралар өткізді. Мысалы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы З.Оразалиева «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында сұхбат беріп, «Өзіңнен баста» республикалық акция жүргізуде ақ жолға салды.

Акция  Мемлекеттік білім беруді жинақтау  жүйесі аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын қолдау мақсатында өткізілді. Ол Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шайыр елді мекеніндегі орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жақаева Аиданың атына жеке шот ашты.

Ақпараттық топтың өңірдегі жұмысы ауқымды ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілді.

Баспа, электрондық БАҚ-да және интернет-ресурстанда барлығы 63 материал жарыққа шықты.


Соңғы жаңарту : 2015-11-02 18:24:40

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz