Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы әкімінің халыққа есеп беру жиналысынан

26.06.2015
19:23:45
0

Қайырлы күн, құрметті жерлестер!

Бүгін сіздермен  жүздескеніме қуаныштымын.

Өлкеміздің дамуы туралы Сіздердің алдарыңыздағы есепті кездесуімді биыл да телеарна арқылы тікелей эфирде өткізуді жөн көрдім. Өйткені мұндай форматтағы кездесулер өздеріңізден түйткілді мәселелерді естіп-білуге мүмкіндік береді, бірлесе жұмыс жасауға септігін тигізеді деп ойлаймын.

 Біздің өткен жылдағы іс-қимылымыз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылды. Алға қойған міндеттерімізді Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы тапсырмалары бойынша  қайта нақтылап, іске асыруға бағыттадық.

2014 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макрокөрсеткіштері жақсы қарқынды көрсетті.

Өңір экономикасының өсімі 4%-ды құрады.

Өткен жылы облыстың өндірістік кәсіпорындары  2 трлн. 400 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,4 %-ға артық.

Мұнай өндіру 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 %-ға өсіп, 18,5 млн. тоннаға жетті.

Облыстағы мұнай-газ компанияларының барлығы дерлік мұнай өндіру көлемін арттырғандықтан біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл жерде барлық мұнайгаз өндіретін аймақтардың ішінен Маңғыстау облысының мұнай өндіру көлемін жоспардан асыра орындағанын атап өткен жөн.

Тұрақты өсім өңдеуші өнеркәсіп секторында да орын алды. Мұнда өндіріс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 18,3%-ға өсіп, 108 млрд. теңгеге жетті.

2014 жылы өңіріміз инвестициялық тартымдылығын жақсарта түсті. Облыс экономикасына өткен жылы 530 млрд. теңге инвестиция салынып, өсу қарқыны 14%-ды құрады.

Былтырғы жылы біз өңірге шетелдік инвестицияларды тарту жұмыстарының қарқынын арттырдық. 2013 жылмен салыстырғанда бұл бағытта айтарлықтай  нәтижелер бар - шетелдік инвестиция көлемі 17%-ға өсіп, 163 млрд. теңгеге жетті («Қаражанбасмұнай» АҚ, «СNPC», «CMOC», СП «Арман», «Бузачи Оперейтинг», «СиБу», «ЮВСГ»).

Инвестициялық ағымдардың еселенуіне мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуы да үлесін қосты. Өздеріңіз білетіндей, бұл бағдарламаның бірінші бесжылдығының (2010-2013) алғашқы төрт жылының ішінде 23 жоба іске қосылды.  Ал, тек өткен бір жылдың өзінде, облыста құны 57 млрд. теңге болатын 10 жаңа индустриялық жоба пайдалануға берілді.

Оның ішінде мына ірі жобаларды атап өтуге болады: Шетпе ауылындағы цемент зауыты, Қаламқас кен орнындағы газ турбиналы электр станциясы, Жетібай ауылындағы киім тігу және химиялық тазалау цехы, Таушық ауылындағы жүн өңдеу цехы, Ақтаудағы үй құрылысы комбинаты, төмен қысымды полиэтиленнен жасалған құбырлар өндіретін зауыттар.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығында біз 60-тан аса жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде  14 жобаны 2015 жылы іске қосамыз.

(ТОО «Ерсай» самоподъемная буровая установка;

 ТОО «АктауОйлМаш» машиностроительный завод г.Жанаозен;

ТОО «Морской северный терминал» расширение порта в северном направлении;

АО «НК «Казавтожол» реконструкция автодороги Шетпе-Бейнеу;

АО «НК «КазахстанТемирЖолы» железная дорога Боржакты-Ерсай;

ТОО «Центр производства и логистики Азерсун»;

ТОО «Достык-Полимер» завод по производству полимерной установки;

ТОО «Каракудыкмунай» строительство БКНС;

ТОО «ТасбулатОйл» газопоршневая электростанция;

ТОО «Атамекен» производство известняковой муки;

ТОО «Сириус» производство железобетонных изделий;

ТОО «ДСК КараойКурылысы» строительство домостроительного комбината;

ТОО «Софи Медгрупп» многопрофильная медицинская клиника;

ТОО «Медикал фарм Ча-Кур» фармацевтический комплекс)

Өлкемізге инвестиция тартуға «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағындағы өндірістік кәсіпорындардың айтарлықтай үлесі зор. Арнайы экономикалық аймақ 2003 жылы құрылғаннан бері оның аумағында 5 жоба жүзеге асырылды. Оған шамамен 29 млрд. теңге тартылып,  223 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Бюджетке 19 млрд. теңгеден астам салықтар түсті, 1000-нан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы арнайы экономикалық аймақтың дамуы жаңа қарқын алды. Бір жылдың ішінде 4 жоба іске қосылды, олар: «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» компаниясының төмен қысымды құбырлар өндірісі және «KazTrub-Industries» кәсіпорнының құбырлар мен пластмасса бұйымдары өндірісі.

Біз бұл жетістігімізбен шектелмей, биыл тағы 5 жобаны пайдалануға беруді жоспарладық (анықтама үшін: «Азерсун» өндіріс және логистикалық орталығы, «Достық-полимер» полимер қаптамасын өндіру зауыты, «Сириус Казахстан» темір-, тауар-бетон өнімдерінің зауыты, «ДСК-Қараойқұрылыс» үй құрылысы комбинаты, «Медикал фарм Ча-Кур» фармацевтикалық кешені).

Мәселен, ең ірі жобалардың бірі - әзірбайжандық инвестициямен «Азерсун» өндіріс және логистикалық орталығының» құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға беріледі. Орталықта тағам өнімдері, жеміс-жидектер мен көкөністер сақтайтын үлкен қоймалар ашылады. Осылайша, бұл жоба екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты кеңейтуге, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға және Маңғыстаудың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі –  173 млрд. теңгені, өсу қарқыны – 106% құрады.

Жалпы көлемі 587 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда  10%-ға артық. Соның ішінде көп қабатты тұрғын үйлер салу қарқыны бір жарым есеге ұлғайды.

«Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 492 маңғыстаулық отбасы баспаналы болды (Ақтау қ. – 400 пәтер, Форт-Шевченко қ. – 48 пәтер, Бейнеу – 24 пәтер, Шетпе – 20 пәтер).

Біз бұдан ары қарай халыққа арналған тұрғын үйлерді көптеп салатын боламыз. Осы жылы пәтер санын өткен жылдан екі есеге арттырайын деп отырмыз (987 пәтер).

Енді ауылшаруашылығына тоқталып өтейін.

Өткен жылдағы қуаңшылық мал шаруашылығымен  айналысатын шаруа қожалықтарына қиындық тудырғаны белгілі. Уақытында жасалған жұмыстардың нәтижесінде жем-шөптің қолжетімді бағамен сатылуына байланысты жетіспеушіліктер болған жоқ. Сондықтан мал басының аз да болса өсімін байқадық.

Шаруа қожалықтары мен тұрғындардың мал өнімдерін, оның ішінде етін өткізу мәселесінің де шешімін таптық.

Өткен жылы мұнай өндіруші компания басшыларымен кездесіп, олармен жергілікті жердің мал етін сатып алу жөнінде келіскен болатынбыз. Соның нәтижесінде мұнай компанияларына былтыр  70 тонна ет өткізілсе, биыл одан екі еседей көп ет өнімін өткізу жоспарланып отыр. Осылайша жергілікті өнімдерді пайдалана отырып, біздің мұнай компаниялары Елбасының отандық өнімдерді қолдау туралы үндеуіне үлес қосып жатыр деуге болады. 

Құрметті маңғыстаулықтар!

Қазіргі уақытта өлкемізде кәсіпкерліктің дамуы жақсы қарқын алып келеді. Ол үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Елбасының кәсіпкерлікті дамытуды ұдайы басты назарда ұстайтынын білесіздер.

Сонымен, бұл салада қандай нәтижеге қол жеткіздік?

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 41 жоба жүзеге асырылған болса, өткен жылы кәсіпкерлікті қолдауға Маңғыстау облысы үшін 2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 58 жоба мақұлданды. Ал осы жылы біз 75 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.

«Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша Ұлттық Қордан бөлінген 5 млрд. теңге қаржыға 14 жоба мақұлданды.

Бұл көрсеткіштер кәсіпкерлердің бағдарламаның тиімділігі мен артықшылығын түсініп, кеңінен қолдана бастағандарын дәлелдейді. 

Шағын және орта бизнеспен айналысатын компаниялар саны 5%-ға артып, 35 мыңға жетті.  Мұнда 98 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл - облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 35 %-ы.

Шағын және орта бизнес дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – бұл ішкі өңірлік өнімдегі бизнес субъектілері шығаратын өнімдер үлесінің артуы. Егер бұл көрсеткіш 2013 жылы 18%-ды құраса, өткен жылы 30 %-ға қол жеткіздік.

Біз үшін жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті. Былтырғы жылы біз жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жүйелі  жұмыстар атқардық.

Осы орайда өткен жылы өңірдегі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 26 мың жаңа жұмыс орны ашылды (2013 жылда – 22 213 жұмыс орны).

Сонымен бірге  арнайы «Жаңа Серпін» өңірлік бағдарламасын әзірлеп, қабылдадық.

Бұл бағдарлама негізінен жастарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Бағдарлама аясында жастарға кәсіптік білім беру,  жатақханамен қамту, стипендия төлеу, оқу кезінде тамақтану және тасымалдау мәселелері ұйымдастырылды.

Бүгінде алғашқы нәтижелер бар. Мысалы, «АқтауОйлМАШ» мекемесінің тапсырысымен Жаңаөзен қаласының 107 жұмыссыз жас тұрғыны Ақтау тренинг орталығы мен Маңғыстау энергетикалық колледжінде оқудан өтті.

Бұдан басқа, Жаңаөзен қаласының 10 жұмыссыз тұрғыны «Каспий битум» зауытына жұмысқа орналастырылды.

Жетібай мен Мұнайшы ауылдарының жұмыссыз жастарының ішінен 67 адам «Ерсай» компаниясының оқу орталығы базасында оқып жатыр.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, жастар жұмыссыздығының деңгейі төмендеп, 2,8 %-ға (2013 ж. - 7,2%), жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға жетті (2013 ж. – 5,4%).

Мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуі Ұлттық қорды есепке алғанда 1 триллионнан астам теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. 

Облыстың шығыстары жыл ішінде 23 млрд. теңгеге ұлғайтылып,  146 млрд. теңгеге жетті.

Мұндай қарқын былтырғы жылы облыс үшін басым бағыттарды белсенді дамытуға мүмкіндік берді.

Өңір дамуының стратегиялық маңызды бағыты – көлік инфрақұрылымы. Соңғы үш жылдың ішінде автокөлік жолдарын дамытуға біз тек жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты 3 есе көбейттік.

Мысалы, егер 2012 жылы барлығы 2,8 млрд. теңге бөлінген болса, 2014 жылдың аяғына қарай бұл көрсеткіш   8 млрд. теңгеден асып түсті. Ал қазірдің өзінде, біз осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 7,5 млрд. теңге бағыттадық. Осының нәтижесінде, соңғы екі жылда сапасы төмен жолдардың үлесі 36%-дан 23%-ға дейін азайды. 

Бүгінде Маңғыстауымыз төрт тарапты тоғыстыраржол торабына айналып келеді.

Өздеріңіз білетіндей өткен жылы «Бейнеу-Жезқазған» темір жол желісінің Бейнеу-Тассай станциясы аралығының құрылысы аяқталды.

Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Боржақты-Ерсай» темір жол желісі биыл аяқталатын болады.

Сонымен қатар биыл «Бейнеу-Шетпе» автожолының құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Бұдан бөлек «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолының құрылысы басталды.

Бұл – өлкеміз үшін маңызды оқиға және біз оған ерекше мән береміз. Осы инфрақұрылымдық жобаларға республикалық бюджеттен және Қаржы даму институттарының несиелері есебінен 210 млрд. теңге бағытталды (Бейнеу-Ақтау автожолы – 92,9 млрд. теңге, Бейнеу-Тассай темір жол учаскесі – 108 млрд. теңге, Боржақты-Ерсай – 9,6 млрд. теңге).

Өздеріңіз көріп отырғандай, жол қатынасының дамуына осыншама қомақты қаражат бөлініп келеді. Елбасымыздың Маңғыстау облысына деген мұндай ерекше назары мен қолдауын біз бағалаймыз.

Енді осы жолдарда сервистік қызметтерді дамытуға тиіспіз. Мәселен, биыл Бейнеу мен Шетпеде автостанциялардың  құрылысын  аяқтаймыз, бұл - тұрақты қалааралық тасымалдарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

2014 жылы ауылішілік жолдарды салу жұмыстары белсенді жүрді. Қазір біз жыл сайын әр ауданның кемінде бір селосында жол салу міндетін алға қойдық. Осылайша ауылішілік жолдарды кезең-кезеңмен салатын боламыз.

Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдарда біз орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударып отырмыз.

Жалпы, салалық «Ақбұлақ» бағдарламасына бөлінген қаражат жылдан жылға артып келеді. Егер 2013 жылы біз осы салаға 2,3 млрд. теңге бөлсек, 2014 жылы 5,6 млрд. теңге  бағыттадық.

Оның ішінде ең ірі жобалар – Бейнеу ауылішілік су құбыры мен су тазарту имаратының, Мұнайшы мен Жетібай ауылдарында су құбырының, Сайын Шапағатов ауылішілік су құбыры мен резервуардың, Дәулет ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілді.

Осылайша бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бір жылдың ішінде ауылдық жерлерді орталықтандырылған су жүйесімен  қамтуды 23%-дан 47 %-ға дейін жеткіздік. Бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпейміз. Сондықтан 2015 жылға осы мақсатта біз 6 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсайын деп отырмыз.

Өткен жылы көп уақыт бойы қордаланып келген мәселелердің бірінің шешімін таптық. Бұл - «Каспий» су тұщыту зауытын қайта іске қосу.

Өздеріңізге белгілі, бұл зауыт ұзақ уақыт жұмыс істемеді. Өткен жылы мұнда бес су тұщыту қондырғысына күрделі жөндеу жүргізілді.

Нәтижесінде зауытта тәулігіне 7 мың текше метр ауыз су өндіріледі. Жақын арада өндірістің қуатын тәулігіне 12 мың текше метрге жеткізу жоспарда бар. Бұл Құрық селосы мен Мұнайлы ауданының кейбір елді мекендерін су жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік саланы дамыту - біздің басым бағыттарымыздың бірі. Жыл сайын жергілікті бюджеттің  60%-ы әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалады. Былтыр осы мақсатқа 72 млрд. теңге қаралды, бұл қаржы алдыңғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 15%-ға  өсті.

Жыл сайын жерлестеріміздің саны артып келеді.

Туу көрсеткіші бойынша облысымыз республикада алдыңғы қатарда. Бүгінде облыста 605 мың адам тұрады, жыл сайынғы өсім 3%-ды құрады. Күніне орта есеппен50 нәресте  дүниеге келеді.

Жылдың қорытындысы халық денсаулығының неғұрлым жақсарғанын көрсетті:

сәби өлімі 4,6%-ға төмендеді;

қан айналым жүйесінің ауруынан өлім 27%-ға азайды;

туберкулезбен ауыру 100 мың адамға шаққанда71,4-ке дейін азайды.

Медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсарту мақсатында өткен жылы Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиологиялық блогы және Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхана пайдалануға берілді. 

Ауылдарда 8 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды.

Білім беру туралы.

Өткен жылы өңірімізде 2 289 орындық 19 балабақша қолданысқа берілді. Нәтижесінде облыс бойынша   3 пен 6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы 80%-ды құрады.

Өлкемізде бала туу көрсеткішінің артуына байланысты балабақшаларды көптеп салуды көздеп отырмыз.

Биылдың өзінде тек жаңа балабақшалар салу  нәтижесінде облыс бойынша 3870 балаға арналған 16 балабақша іске қосылады. 

Одан басқа балабақша құрылысын салуға жеке кәсіпкерлерді тарту қажет. Осы жылы әрбір аудан мен қала әкімі кем дегенде бір-бірден жеке меншік балабақшаның салынуын қамтамасыз етуге міндет алды.

Қазіргі уақытта облыста үш ауысымдық 2 мектеп бар.

Бұл мәселені шешу үшін өткен жылы Форт-Шевченко қаласында 550 орындық және Мұнайлы ауданы Атамекен селосында 1200 орындық мектептердің құрылыстары  басталып, биыл аяқталуын күтіп отырмыз. 

Өткен жылы облыста 3 апатты жағдайдағы мектеп болатын. Бұл жөнінде де нақты шаралар қабылданды. Маңғыстау ауданы Жыңғылды селосындағы мектеп-интернаттың құрылысын аяқтап, қолданысқа бердік. Қарақия ауданы Құланды селосы мен Жетібай станциясында мектептердің құрылыстары басталып, биыл аяқталатын болады.

Осымен облыс бойынша биыл апатты жағдайдағы мектептер мәселесін біз толықтай шешеміз.  Үш ауысымдық мектептерге келсек, бұл мәселені біз қазіргі уақытта шешілді деп айта аламыз. Бірақ жыл сайынғы бала туу көрсеткіштерін және көшіп келушілерді есепке алсақ, жаңа мектептер салу мәселесі күн тәртібінен түспейтін болады.

Мәдениет саласын қолдау - маңызды іс. Ұлттық мәдениетімізді қастерлеу, сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – баршамыздың парызымыз. Сондықтан ауылдық жерлерде көпшілік мәдени орындарды дамыту ісін қолға алып келеміз.

Өткен жылы Шебір және Аққұдық ауылдарында ауылдық клубтар, Таушық ауылында мәдениет үйі, Шетпе ауылында С.Қондыбай атындағы мұражай салынды.

Маңғыстау ауданының «Отпан тау» этнографиялық-мемориалдық кешенінде киіз үйлер алаңы мен стационарлық сахна, автотұрақ, екі пәтерлік тұрғын үй салынып, Ақшымырау ауылында ауылдық клубтың құрылысы басталды.

Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешені салынғаннан бері алғаш рет толықтай күрделі жөндеуден өтті. Үлкендерді айтпағанда, демалыс күндері Абай мәдени кешенінде 3 мыңнан аса бала түрлі үйірмелерге қатысады. Сәулеті қайтадан жаңарған қала тұрғындарының сүйікті мәдени сарайы  жақын арада халық игіліне беріледі.

Өткен жылы Ақтау қаласы халықаралық атаулы шаралардың мәдени  ошағына айналды.

Тамыз айында бірнеше елдердің қатысуымен Еуразиядағы бүкіләлемдік мұралар қалаларының 7-ші халықаралық конференциясы өткізілді.

Украин халық жазушысы Т.Г. Шевченконың  200 жылдығына арналған халықаралық конференция, «Нұр-Отан» партиясының 15 жылдық мерейтойына арналған «Береке басы - бірлікте» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.

«Киіз үйді жасаудың дәстүрлі дағдылары мен білімдері» номинациясы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді.

Өлкемізде спорт саласы белсенді дамып келеді. Өткен жылы 16 спорттық нысанды (спорттық алаңдар - 10: Жаңаөзенде - 5, Мұнайлыда - 5, спорттық залдар - 6: Ақтауда - 1, Тұщықұдықта - 1, Шебірде - 1, Мұнайлы мектептерінде – 3) іске қостық.

Ақтау қаласында мұнай компаниясының демеушілігімен спорт сарайының құрылысын бастадық.

Әр аудан орталығында, тірек селоларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстарын бастау үшін 10-нан астам жобаның құжаттамалары әзірленіп жатыр.

Дорогие мангистауцы!

Прошедший год стал для Мангистау успешным и значимым по многим причинам.

В октябре 2014 года наш регион с рабочей поездкой посетил Глава государства – Нурсултан Абишевич Назарбаев.

Президент страны дал высокую оценку развитию Мангистауской области, сделал ряд конкретных поручений и рекомендаций. Глава государства одобрил наше с вами видение развития региона, подтвердил правильность выбора наших 5 стратегических направлений: традиционной нефтегазо добычи, нефтесервиса, транспорта и логистики, туризма и строительства.

Визит Главы государства дал нам мощный импульс в реализации всех поставленных перед нами стратегических и тактических задач. Эту динамику мы должны не только сохранить, но и увеличить темп работы, сделать ее эффективной с учетом особых экономических условий.

В 2014 году была проделана большая работа, которая позволила достичь положительной динамики по всем экономическим показателям. Нашу совместную работу мы планируем продолжать. Некоторые планы я уже озвучил.

Глава государства Нурсултан Назарбаев на расширенном заседании Правительства отметил, что новые экономические условия требуют новых подходов. И мы, следуя заданному вектору, вносим коррективы в планы развития Мангистауской области на предстоящий период.

В настоящее время мировая экономика переживает непростые времена. Она испытывает нарастающее влияние как экономических, так и других факторов. Важным индикатором сложной ситуации является резкое падение цен на нефть с  102-105 долларов за баррель до значений ниже кризисного периода в 44-46 долларов за баррель.

По объективным причинам на Казахстане не могут не отразиться потрясения, связанные с непредсказуемостью мировой конъюнктуры на рынке углеводородов.

Это закономерные издержки нашей интегрированности в мировую экономическую систему.

Вместе с тем, следует отметить, что к нынешнему кризису мы подошли подготовленными и способными с честью выдержать испытание на прочность.

Во многом благодаря урокам, вынесенным из предыдущей турбулентности 2007-2009 годов, вызванной перегревом мировой финансовой системы. Своевременно созданный по поручению Елбасы Национальный Фонд является «подушкой безопасности» и позволит нам  реализовать многие программы в этот особый экономический период.

В настоящее время нами обозначены основные приоритеты сохранения экономической и социальной устойчивости Мангистауской области. 

Наиболее важным мы определили сохранение рабочих мест, недопущение роста безработицы и выполнение социальных обязательств.

Для этого мы разрабатываем План действий, в который включаются все проекты, реализуемые в области, как  за счет государственных, так и за счет частных инвестиций.

Это даст нам четкое видение на какие рабочие места мы будем трудоустраивать безработных либо высвобождаемых работников, какие специалисты необходимы для того или иного проекта и где нам необходимо будет строить общежитие, создавать условия для повышения трудовой мобильности.

Решение поставленных в плане целей и задач позволит сохранить заданные темпы развития региональной экономики и обеспечить необходимую основу для будущего качественного экономического роста.

Что уже сделано?

Для начала путем подворового обхода каждого сельского населенного пункта области мы выявили всех, кто на сегодня  действительно нуждается в работе. На еженедельной основе проводится мониторинг высвобождаемых и создаваемых рабочих мест.

С предприятиями области подписано 87 меморандумов по социальной ответственности, защищающие права порядка 60 тысяч работников в различных секторах экономики.

Теперь наша основная задача – обеспечить мониторинг их реализации, с тем, чтобы эти меморандумы исполнялись в обязательном порядке всеми сторонами. Это задача акимов всех уровней.

Экономика Мангистау сильно зависит от состояния нефтегазовой промышленности. То, насколько уверенно себя чувствуют компании отрасли зависит уверенность десятков тысяч наших граждан и их семей. В этот особый экономический период мы работаем  вплотную с нефтегазовыми предприятиями и их сервисными подрядчиками.

В этой связи мы неоднократно ставили перед Правительством вопрос о необходимости снижения налоговой нагрузки для крупных недропользователей с тем, чтобы обеспечить работой и заказами как самих нефтяников, так и их подрядчиков.

В результате проведенной совместной работы на днях было принято решение о снижении ставки  экспортной таможенной пошлины с 80-ти до 60-ти долларов США за тонну.

Что касается предприятий других отраслей, то главной нашей задачей является стимулирование внутреннего потребления продукции наших предприятий.

Каким образом?

Во-первых: через обеспечение в инвестиционных проектах и государственных тендерах местных производителей. То есть увеличение местного содержания. Работа уже начата.

Между предприятиями республики и региона подписано 68 меморандумов на сумму 310 млрд. тенге.

Первому заместителю акима области Алдашеву С.Т. и заместителю акима области Амиржанову Р.М. поручаю обеспечить мониторинг исполнения данных меморандумов.

Местными исполнительными органами региона во взаимодействии с хозяйствующими субъектами должна проводиться постоянная работа по недопущению необоснованного роста цен на социально значимые продовольственные товары.

В этих целях наши усилия будут направлены на увеличение производства продуктов питания, проведению ярмарок по реализации сельскохозяйственной продукции, заключение меморандумов акиматами районов и городов с предприятиями пищевой промышленности, и оптовой и розничной торговли о сдерживании роста цен на потребительском рынке (индекс потребительских цен за 2014 год область - 107%, РК – 107,2%;

на 1 февраля 2015 года рост по сравнению с началом года ИПЦ составил по  области – 100,5%, РК – 100,6%;

по сравнению с началом года рост: по муке – 0,6% (97 тенге за 1 кг), макаронные изделия и крупы – 1,5% (153 тенге за 1 кг), мясо – 0,6% (1098 тенге за 1 кг); молочные продукты - 1% (193 тенге за 1 л), яйца - 2% (214 тенге за дес.); 

снижение: сахар – 0,5% (186 тенге за 1 кг),

цены стабильные: овощи и фрукты (лук 118 тенге, свекла 155 тенге, картофель – 129 тенге).

Дорогие мангистауцы!

Мы являемся свидетелями глобальных изменений, которые происходят сейчас на планете. Мир столкнулся перед серьезными и многочисленными вызовами. 

Сложная геополитическая ситуация в соседних или географически близких к Казахстану странах, заставляет нас принимать превентивные меры, адекватно реагировать и самое главное, предпринимать конкретные шаги по недопущению подобной ситуации у нас в стране.

Нынешняя экономическая ситуация - вызов всем нам.

Это проверка нас всех на прочность, закалку, выдержку, стрессоустойчивость, способность принимать верные решения и оперативно реагировать на складывающиеся обстоятельства.

Как отметил Глава государства: только сильные государства и сплоченные народы достойно преодолеют серьезные глобальные испытания. А наш Казахстан – действительное сильная страна с крепкими традициями, дружным народом, мудрым и сильным Президентом!

Дорогие друзья!

2015 год объявлен Годом Ассамблеи народа Казахстана.

Мир, единство народа и стабильность общества – это наши важнейшие ценности.

Являясь примером дружбы и согласия - Казахстан продемонстрировал миру свой уникальный путь развития. Представители разных этносов активно участвуют в индустриализации, развитии предпринимательства, образования, здравоохранения, спорта.

Как отметил Глава государства: «Культура мира, духовности и согласия – это живое творчество всех   17 миллионов наших граждан, которые каждый день вкладывают свою душу и сердце в процветание нашей священной земли».

Разработан План мероприятийпо организации и проведению Года Ассамблеи народа Казахстана. Уверен, что не только государственные органы, но и всё гражданское общество,  прежде всего, этнокультурные объединения примут активное участие в реализации данного Плана.

Мы – одна семья, у нас – один шанырак, одна цель и общая ответственность за благополучие всех граждан.

Дорогие друзья!

2015 год ознаменован исторически значимыми событиями в жизни нашей страны.

В текущем году мы будем праздновать 20-летиенашей Конституции,70-летие Победыв Великой Отечественной войне,550-летие казахского ханства.

В этой связи обращаюсь ко всем мангистауцам.

Цена Великой Победы – миллионы жизней наших отцов и дедов, их отвага и героизм.

 Сегодня мы должны уделить нашим ветеранам войны и труженикам тыла особое внимание. В нашей области осталось всего 60 участников войны. Давайте не только в день Победы, но и в будничные дни помнить об их заслугах и оказывать им достойное внимание. Не сомневаюсь в том, что и наша молодежь будет стоять в авангарде добрых дел.

Құрметті жерлестер!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, қай мерекені болмасын мазмұны мен мәртебесіне лайықты атап өтудің ең дұрыс жолы – адал еңбек ету, ел дәулетін еселеу, халқымыздың тату-тәтті тіршілігін қамтамасыз ету.

Алдымызда тұрған осы ізгі мақсаттарды іске асыруға біздің толық мүмкіндігіміз бар. Оған біз бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз.

Бұған барша маңғыстаулықтардың  еліміздің экономикасы мен әл-ауқатын арттыруға екпінді еңбегімен үлес қосатынына сенімім зор.

Жаңа бастамаларыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz