Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы 2013 жылғы 2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму

26.06.2015
19:25:11
0

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қорытындылары туралы

 Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 2 273,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 101,9% құрады.

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,4% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 2 101,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 101,5% құрады.

Есепті кезеңде мұнай өндіру 18,0 млн. тоннаны құрады немесе 2012 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 102,1%. Табиғи газ өндіру 4,1%-ға (2 180,7 млн. текше метр) төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 24%-ға өсіп, 93,7 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өнімдері өндірісінде – 37,8%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде – 22,4%-ға, машина жасауда – 29%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 16,6%-ға (арту, «ҚазАзот» ЖШС-нің өнеркәсіпті қайта құру және жаңғырту бағдарламасынан кейін өндірісті біртіндеп іске қосуына байланысты), дайын металл бұйымдар өндірісінде 280%-ға (дайын металл бұйымдар өндірісінде «KEPPEL KAZAKHSTAN» ЖШС, «ГММОС КАЗАХСТАН» ЖШС кәсіпорындарындағы өндіріс көлемінің артуы сесебінен) өсу байқалады.

Тоқыма бұйымдар өндірісіндегі көлем – 19,6%-ға, резеңке және пластикалық масса бұйымдар өндірісіндегі көлем – 29,6%-ға, тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісінде – 10,4%-ға азайды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 59,3 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 117,0% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 18,9 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2012 жылдың тиісті деңгейіне – 128,8%.

Маңғыстау облысы бойынша Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280,1 млрд.теңге болатын және жаңадан шамамен 8,8 мың жұмыс орны құрылатын 34 жоба енгізілді. Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына сметалық құны 230,9 млн. теңге болатын және жаңадан 8,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 32 жоба, республикалық Картаға сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және 354 тұрақты жұмыс орны құрылатын 2 жоба енгізілді.

2010-2012 жылдардағы кезеңде 23 жоба аяқталды (сметалық құны – 131,4 млрд. теңге, 1 828 тұрақты жұмыс орны құрылып, оның ішінде «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісі» жобасы бойынша сметалық құн 65,1 млрд. теңгені құрады).

2013 жылы сметалық құны 43,5 млрд. теңге болатын және 286 тұрақты жұмыс орны құрылған 1 жоба аяқталды, ол:

«Caspi Bitum» БК» ЖШС-нің «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру» жобасы.

Кәсіпорынның қатысушылары – «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) және «CITIC Kazakhstan» («CITIC Group» 100% еншілес кәсіпорны, ҚХР).

Жобаның сметалық құны – 43 500 млн. теңге. Құрылысын салу кезеңінде құрылған жұмыс орнының саны – 1200, пайдалану кезеңінде – 325 адам. Шикізат: Қаражанбас кен орнының мұнайын қайта өңдеу, жылына - 1 млн. тонна. Негізгі өнім: жылына - 40 кг және 100 кг жентіктелген битум түріндегі 406,5 мың тонна жоғары сапалы жол битумдары.

2014 және кейінгі жылдары сметалық құны 51,3 млрд. теңге болатын және жаңадан 1000-нан астам жұмыс орны құрылатын 5 жобаны аяқтау жоспарланған.

Облыс әкімі 2013 жылғы қаңтарда мемлекеттік органдардың басшылары тұлғасында жауапты адамдарды белгілеу арқылы, ҮИИДМБ аясында 2012 жылы пайдалануға берілген кәсіпорындарды жүктеуді және жобалық қуаттылығына шығаруды қамтамасыз етуді бекіту жоспарын бекітті.

2012 жылы пайдалануға берілген жобалар бойынша қуаттылықтарды жүктеу кәсіпорындардың меншікті бағдарламаларына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Индустрияландыру картасының 2010-2012 жылдары пайдалануға берілген жобаларының ішінен 40%-дан кем өндірістік қуаттылыққа ие мына жобалар өнім шығаруды бастаған жоқ:

1) «Ақтау қаласындағы газбетон зауыты» «Концерн Сфинкс» ЖШС –«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында кәсіпорынға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша көмек көрсетілді. Жоба аталған бағдарламаның 1 бағытының аясында 2012 жылы мақұлданды. Жоба іске асырылды, алайда Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің технологиялық жабдықтарды кеденнен өткізу рәсіміне қатысты (ҚҚС-н төлеу бойынша келіспеушілік) талаптарына байланысты жобаны жоспарланған мерзімде пайдалануға беруге мүмкіндік болмады.  Кеден органдарының барлық талаптары 2012 жылдың тамызында алынып тасталды.

Қазіргі кезде жабдықтарды түпкілікті жинақтау және іске қосуды реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Екінші жартыжылдықта осы жұмыстар аяқталып, кәсіпорын өнім шығаруға кіріспек.

2) «Металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы» «ТеңізСервис» ЖШС– жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған, толық жүктеу Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру бойынша жұмыстар басталғаннан кейін күтілуде.

3) «Теңіз металл конструкцияларын өндіру бойынша өнеркәсіптік кешен» «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС- жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған, толық жүктеу Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру бойынша жұмыстар басталғаннан кейін күтілуде.

4) «Теңіз операцияларын қолдау базасы» «Балықшы» ЖШС - жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған, толық жүктеу Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру бойынша жұмыстар басталғаннан кейін күтілуде.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс  экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және  тауарлық балық өсіруді) дамыту.

Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісілді.

Соңғы жылдары мұнай мен газ өндірудің төмендеуіне байланысты, облыс әкімдігі Үкіметке облыстың барлық минералды-шикізат кешенін, бірінші кезекте көмірсутегі шикізатын іздеу, барлау және жете барлау бойынша жұмыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша шешім қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстарды бірнеше рет жолдады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ақпараты бойынша, Маңғыстау облысының шегінде орналасқан «Қансу», «Үстір», «Жазғұрлы» сияқты перспективалы учаскелер, сондай-ақ «Өзен» кен орнының өзінінің шегіндегі перспективалы объект бөлініп алынды. Сонымен қатар, ҚМГ мен Маңғыстау облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастық мақсатында 23.01.2012 жылы өзара түсіністік туралы меморандум жасасылды. «Қансу», «Жазғұрлы» және «Үстірт» жобалары ҚР Мұнай және газ министрлігінің ҚР Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнiндегi орталық комиссиясының шешімімен бекітілді. Қазіргі кезде, «Өзен» және «Қансу» учаскелерінде геология-барлау іс-шараларын өткізуге дайындық жүргізілуде.

Бұдан басқа, бүгінге «ҚазАзот» ЖШС мен уәкілетті орган арасында Бейнеу ауданының «Шағырлы-Шөмішті» газ кен орнындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасы тиісті келісулерден өтуде.

Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында мына іс-шара қосылған: «АҚЗ» ЖШС мен «Каспиан Сталь» ЖШС-ін толық жүктеу үшін металл сынықтары (қара металл сынықтары) айналымын заңнамалық деңгейде реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау». Жауаптылар – ИЖТМ және облыс әкімдігі.

Өңірдің металлургиялық өндірістерінің проблемаларын шешу үшін, Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металл сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі Үкіметке оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде, қазіргі кезде мына нормативтік-құқықтық актілер қабылданды:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы, осындағы 248 бапқа (23 тармақ) сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылған;

- Еркін сауда аймағы туралы шарт ратификацияланып, 2012 жылғы  8 желтоқсаннан бастап күшіне енді, онда Кедендік одақ аумағынан шығарылатын жоғарыда аталған тауарларға (7204 коды) кедендік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы үшін 15% мөлшерінде, алайда 1000 кг-ға 20 евродан кем болмауы тиіс.

Жергілікті металлургиялық өндірістерді шикізатпен жабдықтау бойынша жағдайды жақсарту мақсатында, ҚР заңнамасына ішкі және сыртқы рыногтарға сынықтар жеткізу бөлігінде жаңадан енгізілген өзгерістер туралы ақпарат облыстағы металл сынықтарын жеткізушілерге жолданды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын алуы үшін, облыс әкімдігі «АҚЗ» ЖШС-не Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасына және ҚР-н үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға енгізу бойынша қолдау көрсетті.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 24 жобаны іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен  қамтамасыз ету қажет.

2011 жылы №3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. 2012 жылы №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылға – 1466 млн. теңге, 2014 жылға – 1593,0 млн. теңге көздестірілген.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдаудың 1 кезеңі іске асырылуда.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы аяқталып, объект пайдалануға берілді.

«Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу кезең-кезеңімен аяқталуда.

1. «Ақтау-Форт-Шевченко» автожолын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2012 жылы – 450,0 млн. теңге, 2013 жылы – 286,676 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2014 жылға 133,080 теңге бөлінді. Мердігер – «Нияз-Мұхаммедс» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 1 035,456 млн. теңге, ұзындығы – 12,294 км.

2. «Таушық-Шетпе» автожолын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2013 жылы 202661 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2014 жылға 255,525 теңге бөлінді. Мердігер – «Ақжол құрылыс» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 501,464 млн. теңге, ұзындығы – 5,5 км.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме  әзірленді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталды.

ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны  9,3 млрд. теңгені құрайды. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жобалары ішінен «Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын салу аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылдан бастап  «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын салу және АГБС тарту басталды.

 Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7227,2 млн. теңгені құрады. 2012 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 96,6%.

2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрінің, оның ішінде түйенің – 0,6%-ға, қой мен ешкінің – 5,1%-ға төмендеуі байқалады.

 Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 31,5 мың бірлікті құрады немесе 2012 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 9,8%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 85,8 мың адамға дейін артты (01.01.2013 жылға – 80,7 мың адам).

Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 3,2 млрд. теңге сомасына 41 жоба мақұлданды.

Негізгі капиталға инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсанында 439,6 млрд. теңгені құрады немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2012 жылдың осындай кезеңіне – 105,7%.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі меншікті қаражат есебінен 244,9 млрд. теңгені немесе 55,7%, шетелдік инвестициялар есебінен – 92,1 млрд. теңгені (20,9%), қарыз қаражат есебінен – 60,7 млрд. теңгені (13,8%), бюджет қаражаты есебінен – 41,8млрд. теңгені  (9,5%) құрады.

 Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезеңде 154,3 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 0,2%-ға көп.

Жалпы  ауданы532,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2012 жылдың осындай деңгейіне 95,5%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – 96%. 

Сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 9 019,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейінен 17,4%-ға көп. Экспорт 8 318,7 млн. АҚШ долларын (15,3%-ға ұлғайды), импорт 700,5 млн. АҚШ долларын (48,6%-ға ұлғайды) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылдың қаңтар-қарашасында 7 618,2 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылдың қаңтар- қарашасында – 6 738,9 млн. АҚШ доллары).

Тұтыну бағаларының индексі 2013 жылдың желтоқсанында 2012 жылдың желтоқсанына – 103,4% (ҚР бойынша – 104,8%) , оның ішінде азық-түлік тауарларына – 103,1% (ҚР бойынша – 103,3%), азық-түлік емес тауарларға – 103,7% (ҚР бойынша – 103,3%), ақылы қызметтерге – 103,6% (ҚР бойынша – 108,0%) құрады.

2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2013 жылғы қарашада азық-түлік тауарларынан: жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 0,6%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны – 4,3%-ға, бірінші сұрыпты бидай ұны – 1,4%-ға, вермишель – 2,9%-ға, күріш – 8,8%-ға, ұнтақ жарма – 16%-ға, сұлы жармасы – 15,4%-ға, арпа жармасы – 11,7%-ға, тары – 4,6%-ға, шошқа еті – 0,8%-ға, қой еті – 0,9%-ға, жартылай қақталған шұжық – 4,7%-ға, сары май – 3%-ға, қаймақ – 6,6%-ға,  сүзбе – 1,2%-ға, шай – 0,9%-ға, картоп – 13,3%-ға, жуа – 14%-ға, қызылша – 1,8%-ға, сәбіз – 3,1%-ға, тұз – 1,6%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы – 5,6%-ға, костюм-шалбар – 3,9%-ға, ерлер шалбары – 4,4%-ға, синтетикадан жасалған жылытқышы бар әйелдер күртесі – 6,4%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 5,3%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 4,5%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 4,2%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 5,8%-ға, төсек жабдықтарының жинақталымы – 2,3%-ға қымбаттады. 

Ақылы қызметтерден: негізгі тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 3,6%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 6,3%-ға, әйелдер залындағы шаш қию үлгісі – 6,7%-ға қымбаттады.

Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-92 – 5,8%-ға, бензин Аи-95, 96 – 2%-ға, дизель отыны – 3,4%-ға қымбаттады.

Облыс бойынша жүк айналымы есепті кезеңде 8598,7 млн. тонна/км көлемінде қалыптасты немесе 2012 жылдың осындай кезеңіне – 111,3%.

Облыс бойынша байланыс қызметтерінің көлемі есепті кезеңде 7843,0 млн. теңге көлемінде қалыптасты немесе 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейіне – 85,1%.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 01.01.2014 жылға 0,6% құрады (01.11.2013 жылға – 0,6%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық еңбек рыногында) 2013 жылдың 3 тоқсанында 5,5%-ды құрады  (2012 жылдың 3 тоқсанында - 5,6%).

Облыс бойынша есепті кезеңде 23403 жұмыс орны құрылды (2012 жылдың тиісті кезеңінде – 34685 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 3485 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 2497 адам қатысты.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 183 029 теңгеді құрады, бқл 2012 жылдың осындай кезеңінен 15,6%-ға көп.

Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке  288,9 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға – 103,2%), оның ішінде республикалық бюджетке –  195,6 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға – 104%), жергілікті бюджетке – 93,3 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға –101,6%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2014 жылғы 1 қаңтарға 12,0 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың басымен салыстырғанда 11,1%-ға ұлғайды (10,8 млрд. теңге).

 Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 2013 жылға 37,4 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 6,5%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2013 жылы – 8716млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6 029,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1 604,1 млн. теңге бөлінді.

Қарақия ауданының Жетібай кентінде және Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданында, Жаңаөзен қаласының Бостандық шағын ауданында әрқайсысы 624 орындық орта мектептердің,  Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабында, Басқұдық, Баянды және Батыр ауылдарында әрқайсысы 960 орындық орта мектептердің, Қарақия ауданының Болашақ ауылында 80 орындық және Құрық ауылында кәсіптік-техникалық лицейдің үлгі ғимаратының құрылыстары аяқталды.

Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында әрқайсысы 1200 орындық орта мектептің, Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің құрылыстары жалғасуда. Маңғыстау ауылының Жыңғылды ауылында 200 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар нақтыланған бюджет  бойынша 2013 жылға 16,2 млрд. теңгені құрады (осындай кезеңмен бір деңгейде). Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2013 жылы – 5844,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2 986,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 658,5 млн. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасына «Г» блогы жапсарламасының, Мұнайлы ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың, Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың аяқталды. Бейнеу ауданының Атамекен ауылында, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Атамекен, Баянды ауылдарында, Маңғыстау ауданының Жармыш, Шайыр, Шебір, Тұщықұдық ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары аяқталды.

2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында балалар өлімі 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 11-ді құрады. Ана өлімінің 2 жағдайы тіркеліп (2013 жылдың 1 қаңтарына – 1), деңгей 100 мың тірі туғандарға 11,2-ді құрады. Туберкулезбен ауыру 2012 жылғы 1 қарашадағы 100 мың халыққа шаққандағы 68,3-тен 2013 жылы 77,1-ге дейін төмендеді.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыруға іс жүзінде жиыны 10,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюдждеттен – 8,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,1 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаражаты есебінен – 760,0 млн теңге (оның ішінде 200,0 млн. теңге – жергілікті бюджеттің кірісіне аударылған әлеуметтік міндеттемелер) бөлінді.  

 «Жұлдыз» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның; «Бостандық» шағын ауданында 624 орындық орта мектептің; Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің;  «Рахат-3» шағын ауданында сумен жабдықтау жүйесінің (1,2 кезектер); «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарында электрмен жабдықтау жүйесінің; Жаңаөзен қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша комбинаттың (3-кезең); «Өркен» шағын ауданында 5 аулалық және 3 балалар оойын алаңдарының құрылыстары 2013 жылы аяқталып, Қашаған және Маңғыстау көшелері бойынша қалаішілік автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

«Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп; бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін және ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты қайта құрылымдау және кеңейту; «Жұлдыз» шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құру және орнату; Жаңаөзен қаласында 50 төсек-орындық стационары бар медициналық орталық салу («ӨМГ» АҚ қаражаты) сияқты жобаларды іске асыру жалғастырылып, 2014 жылы аяқтау жоспарлануда.

«Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен жер асты жабдығын  жөндеу және диагностикалау бойынша цех және ұңғымаларды тұншықтыру үшін сұйықтық дайындау бойынша тораптар пайдалануға берілді. Арнайы техникаға қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталықтың құрылысы жоспарлануда.

Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар аясында, Жаңаөзен қаласында учаскелік полиция пункттеріне арналған 10 орынжайдың, «Шаңырақ» шағын ауданындағы Жедел басқару орталығының, «Рубеж» стационарлық бақылау бекетінің, екі стационарлық полиция пунктінің, Теңге және Қызылсай ауылдарындағы тірек пункттердің құрылыстары аяқталып; 2014 жылы аяқтаумен 6 шығар жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосының, 60 және 100 пәтерлік (пәтерлік үлгідегі жатақхана) екі тұрғын үйдің, Жаңаөзен қаласындағы әскери комиссариат ғимаратының құрылысы жалғасуда.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясындағы іс-шараларды іске асыруға, Жаңаөзен қаласы үшін 2013 жылы іс жүзінде 930,8 млн. теңге бөлінді.  01.01.2014 жылғы жағдай бойынша 930,5 млн. теңге игерілді немесе 100%. Бағдарлама аясында: Теңге, Қызылсай ауылдарының аяқталмаған учаскелерінде инженерлік желілер салу; қаланың қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу; Жаңаөзен қаласының Көктем шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді абаттандыру сияқты 3 жлбаны іске асыру аяқталды.

   


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz