Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы 2014 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму

26.06.2015
19:25:11
0

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы қаңтар-наурыздағы қорытындылары туралы

Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының  «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. 

1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 588,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 104,6% құрады. 

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,8% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 546,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103,6% құрады.

Есепті кезеңде мұнай өндіру 4,5 млн. тоннаны немесе 2013 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 103,4% құрады. Табиғи газ өндіру 2,1%-ға  төмендеді (521,7 млн. текше метр). 

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 40,8%-ға өсіп, 20,1 млрд. теңгені құрады. 

Машина жасауда – 3,1 есе, резеңке және пластикалық масса бұйымдар өндірісінде – 94,7%-ға,  химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 89,3%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде – 34,6%-ға, тоқыма бұйымдар өндірісінде – 31,6%-ға өсу байқалады.

Азық-түлік өнімдері өндірісіндегі өндіру көлемі – 13,2%-ға, тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісіндегі өндіру көлемі – 22,2%-ға азайды. 

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 18,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 115,6% құрады. 

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 3,9 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2013 жылдың тиісті деңгейіне – 104,5%. 

2013 жылы 13 желтоқсанда өткізілген соңғы өзектендіруді есепке алғанда, Маңғыстау облысы бойынша Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 243 млрд.теңге болатын және жаңадан шамамен 6,3 мың жұмыс орны құрылатын 31 жоба енгізілді, оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына сметалық құны 193,8 млрд. теңге болатын және жаңадан 6,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 29 жоба, республикалық Картаға сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және 221 тұрақты жұмыс орны құрылатын 2 жоба енгізілді. 

2010-2013 жылдардағы кезеңде 23 жоба аяқталып (сметалық құны – 169,1 млрд. теңге, 2 669 тұрақты жұмыс орны құрылды. 3 жыл ішінде Индустриаландыру картасының пайдалануға берілген жобаларымен 34,5 млрд. теңгеден асатын сомаға, 2013 жылдың 12 айында 24,3 млрд. теңгеден асатын млрд. теңгеден асатын сомаға өнім өндірілді. Пайдалануға берілген жобалардың ішіндегі 12 жоба 70%-ға және одан да жоғары жүктелген, ал 9 жоба 50%-ға және одан да аз жүктелген. Өңірлік Индустриаландыру картасында 2 жоба тоқтап тұр.

2013 жылы «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру» жобасын іске асыру аяқталды. Жобаға өтініш беруші - «Caspi Bitum» БК» ЖШС. Сметалық құны - 43500 млн. теңге. Жұмыс орындарының нақты саны – 185 адам. Іске асыру орны – Ақтау қаласы. 

2014 жылы сметалық құны 43,2 млрд. теңге болатын және жаңадан 393 жұмыс орны құрылатын 3 жобаны аяқтау жоспарланған.

1.«Шетпе ауылында цемент зауытын салу». Өтініш беруші - «Каспий Цемент» ЖШС. Сметалық құны - 40000 млн. теңге. Салу кезеңіндегі жұмыс орындарының саны – 800 адам, жүзеге асыру кезеңінде – 300 адам. Іске асыру орны – Маңғыстау ауданы. 

Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн.тонна цемент өндіру. Шығарылатын өнім: 300-800 маркалы цемент. 2014 жылы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарлануда.

2.«Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен». Өтініш беруші - «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС. Сметалық құны - 1668 млн. теңге. Салу кезеңіндегі жұмыс орындарының саны – 80 адам, жүзеге асыру кезеңінде – 350 адам, жетілдірілген құрылғыларға байланысты іске асыру кезіндегі жұмыс орнын 25 адамға дейін қысқартылды. Іске асыру орны – Ақтау қаласы, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы. 

Жобалық қуаттылығы: инфузиялық дәрілік құралдардың 20 млн. бумасы. 2014 жылы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарлануда.

3.«Үй салу комбинатының құрылысы». Өтініш беруші - «ДСК-Ақтау» ЖШС. Іске асыру кезеңі – 2012-2014 жылдар. Сметалық құны – 1580,9 млн. теңге. Салу кезеңіндегі жұмыс орындарының саны – 68 адам, жүзеге асыру кезеңінде – 68 адам. Іске асыру орны – Ақтау қаласы, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы. 

Жобалық қуаттылығы: жылына 300 000 текше метр темір-бетон өнімдері. Шығарылатын өнім: қабырға панелдерін, бос орынды плиталар, тұтас қийылған плиталар, арқалық темір өндіру. 2014 жылы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарлануда.

2015 жылы 987 жаңа жұмыс орны құрылатын, 30,6 млрд. теңге сомасына 5 жобаны аяқтау жоспарланған.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс  экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және  тауарлық балық өсіруді) дамыту.

Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісілді. 

Соңғы жылдары мұнай мен газ өндірудің төмендеуіне байланысты, облыс әкімдігі Үкіметке облыстың барлық минералды-шикізат кешенін, бірінші кезекте көмірсутегі шикізатын іздеу, барлау және жете барлау бойынша жұмыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша шешім қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстарды бірнеше рет жолдады.

Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Маңғыстау облысының аумағында:

- стратегиялық әріптестердің есебінен қаржыландыру жүзеге асырылатын Жеңіс, Оқжетпес, Үстірт және І-Р-2 теңі блоктарында;

- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру жүзеге асырылатын Қансу және Жазғұрлы блоктарында;

- сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстары бойынша келісімшарттық міндетттемелерді орындау жұмыстары жалғасып жатқан Н, Жемчужина, Өзен блоктарында және Жетібай кен орындар тобында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.

ақпараты бойынша, Маңғыстау облысының шегінде орналасқан «Қансу», «Үстір», «Жазғұрлы» сияқты перспективалы учаскелер, сондай-ақ «Өзен» кен орнының өзінінің шегіндегі перспективалы объект бөлініп алынды. Сонымен қатар, ҚМГ мен Маңғыстау облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастық мақсатында 23.01.2012 жылы өзара түсіністік туралы меморандум жасасылды. «Қансу», «Жазғұрлы» және «Үстірт» жобалары ҚР Мұнай және газ министрлігінің ҚР Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнiндегi орталық комиссиясының шешімімен бекітілді. Қазіргі кезде, «Өзен» және «Қансу» учаскелерінде геология-барлау іс-шараларын өткізуге дайындық жүргізілуде.

Бейнеу ауданының аумағындағы «Шағырлы-Шөмішті» газ кен орны барланған болып табылады. Қазіргі кеде «ҚазАзот» ЖШС-нің филиалы («Шағырлы-Шөмішті») өндіруге және аталған кен орнын жете барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу жұмысын жүргізуде. 

«Шағырлы-Шөмішті» филиалы қазірдің өзінде 2 197,8 млн. теңге көлемінде инвестициялар салды, бұгінге жұмыс істейтіндердің саны 147 адамды құрайды.  

Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында мына іс-шара қосылған: «АҚЗ» ЖШС мен «Каспиан Сталь» ЖШС-ін толық жүктеу үшін металл сынықтары (қара металл сынықтары) айналымын заңнамалық деңгейде реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау». Жауаптылар – ИЖТМ және облыс әкімдігі. 

Өңірдің металлургиялық өндірістерінің проблемаларын шешу үшін, Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металл сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі Үкіметке оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде, қазіргі кезде мына нормативтік-құқықтық актілер қабылданды:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы, осындағы 248 бапқа (23 тармақ) сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылған;

- Еркін сауда аймағы туралы шарт ратификацияланып, 2012 жылғы                 8 желтоқсаннан бастап күшіне енді, онда Кедендік одақ аумағынан шығарылатын жоғарыда аталған тауарларға (7204 коды) кедендік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы үшін 15% мөлшерінде, алайда 1000 кг-ға 20 евродан кем болмауы тиіс.

Жергілікті металлургиялық өндірістерді шикізатпен жабдықтау бойынша жағдайды жақсарту мақсатында, ҚР заңнамасына ішкі және сыртқы рыногтарға сынықтар жеткізу бөлігінде жаңадан енгізілген өзгерістер туралы ақпарат облыстағы металл сынықтарын жеткізушілерге жолданды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын алуы үшін, облыс әкімдігі «АҚЗ» ЖШС-не Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасына және ҚР-н үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға енгізу бойынша қолдау көрсетті. Кәсіпорын 2013 жылғы тамыздан бастап Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының шеңберінде қаржылай көмек алуда.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 5 жоба іске асырылып, 16 жоба, оның ішінде 2014 жылы пайдалануға берілетін 5 жоба, 2015-2016 жылдары пайдалануға берілетін 11 жоба іске асырылу сатысында. 

2011 жылы №3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. 2012 жылы №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылға – 1466 млн. теңге, 2014 жылға – 1593,0 млн. теңге көздестірілген. 

Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдаудың 1 кезеңі іске асырылуда. 

Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы аяқталып, объект пайдалануға берілді. 

«Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жалғасуда. «Ақтау-Форт-Шевченко» автожолын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2012 жылы – 450 млн. теңге, 2013 жылы – 286,7 млн. теңге бөлініп, игерілді, 2014 жылға 133,1 теңге бөлінді. Жобаның жалпы құны – 1035,5 млн. теңге, ұзындығы – 12,3 км. «Таушық-Шетпе» автожолын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2013 жылы – 202,7 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2014 жылға – 255,5 теңге бөлінді. Мердігер – «Ақжол құрылыс» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 501,5 млн. теңге, ұзындығы – 5,5 км.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме  әзірленді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталды. 

«Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі таңда «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын салу және АГБС тарту жүргізілуде. Аталған мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылы –  397,6 млн.теңге, 2014 жылы – 678,0 млн.теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1355,0 млн. теңгені құрады. 2013 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 101,2%. 

2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының, оның ішінде түйенің – 7,8%-ға, жылқының – 7,3%-ға, қой мен ешкінің – 3,1%-ға төмендеуі байқалады. 

2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 1,7%-ға өсуі байқалады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2014 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 31,5 мың бірлікті құрады немесе 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 85,8 мың адамға дейін артты (01.03.2013 жылға – 80,7 мың адам).

Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 3,5 млрд. теңге сомасына 13 жоба мақұлданды.

Негізгі капиталға инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында 85,6 млрд. теңгені құрады немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2013 жылдың осындай кезеңіне – 118,4%. 

Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезеңде 17,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың қаңтар-наурызына қарағанда 0,2%-ға аз. 

Жалпы  ауданы  143,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2013 жылдың осындай деңгейіне 147,9%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – 96%.  

Сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-ақпанында 2126,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл – 2013 жылғы қаңтар-ақпандағы деңгейінен 58,2%-ға көп. Экспорт 2025,7 млн. АҚШ долларын (61,7%-ға ұлғайды), импорт 101,0 млн. АҚШ долларын (10,4%-ға ұлғайды) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2014 жылдың қаңтар-ақпанында 1924,7 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2013 жылдың қаңтар- ақпанында – 1161,4 млн. АҚШ доллары).

Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың наурызында                   2013 жылдың желтоқсанына – 102,7% (ҚР бойынша – 103,3%) , оның ішінде азық-түлік тауарларына – 103,1% (ҚР бойынша – 103,3%), азық-түлік емес тауарларға – 103,3% (ҚР бойынша – 103,2%), ақылы қызметтерге – 101,5% (ҚР бойынша – 103,3%) құрады. 

2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2014 жылғы ақпанында азық-түлік тауарларынан: жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 0,4%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны – 0,1%-ға, бірінші сұрыпты бидай ұны – 0,1%-ға, күріш – 8,8%-ға, жартылай қақталған шұжық – 1,2%-ға, сары май – 0,7%-ға, қаймақ – 4%-ға,  шай – 2,8%-ға,қырыққабат - 6%-ға, картоп – 17,1%-ға, жуа – 16,5%-ға, қызылша – 6,3%-ға, сәбіз – 4,2%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы – 3%-ға, костюм-шалбар – 1,4%-ға, ерлер шалбары – 4,4%-ға, синтетикадан жасалған жылытқышы бар әйелдер күртесі – 6,4%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 5,3%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 4,5%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 4,2%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 5,8%-ға, төсек жабдықтарының жинақталымы – 2,3%-ға қымбаттады. 

Ақылы қызметтерден: негізгі тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 3,6%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 6,3%-ға, әйелдер залындағы шаш қию үлгісі – 6,7%-ға қымбаттады.

Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-92 – 5,8%-ға, бензин Аи-95, 96 – 2%-ға, дизель отыны – 3,4%-ға қымбаттады. 

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 01.04.2014 жылға 0,7% құрады (01.04.2013 жылға – 0,8%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық еңбек рыногында) 2013 жылы 5,5%-ды құрады (2012 жылы - 5,7%).

Облыс бойынша есепті кезеңде 4829 жұмыс орны құрылды (2013 жылдың тиісті кезеңінде – 5374 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 1094 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 1176 адам қатысты. 

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар-ақпанында 176859 теңгені құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңінен 13,9%-ға көп.

Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке              82,4 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға – 144,3%), оның ішінде республикалық бюджетке –  58,1 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға – 139,7%), жергілікті бюджетке – 24,3 млрд. теңге (есепті кезеңге арналған жоспарға –156,8%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті. 

Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2014 жылғы                         1 сәуірге 14,1 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың басымен салыстырғанда 17,5%-ға ұлғайды (12,0 млрд. теңге).

Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 2014 жылға 40,1 млрд. теңгені құрады (2013 жылға қарағанда 4%-ға өсті). Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 5845,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1984,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 3861,0 млн. теңге бөлінді. 

Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында 200 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Қарақия ауданының Жетібай кентінде және Құланды ауылында әрқайсысы 624 орындық, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептерді салу қарастырылған.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2014 жылға 16,0 млрд. теңгені құрады. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2014 жылы – 926,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 585,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 340,6 млн. теңге көздестірілді. 

Республикалық бюджет есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жалғасуда. 2014 жылдың қаңтар-наурызында балалар өлімі 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 9,4-ті құрады. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркеліп (2013 жылдың 1 сәуіріне – 0), деңгей 100 мың тірі туғандарға 22,4-ті құрады. Туберкулезбен ауыру 2013 жылғы 1 сәуірдегі 100 мың халыққа шаққандағы 19,3-тен 2014 жылы 18,86-ға дейін төмендеді.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыруға  2014 жылы 7 629,7 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюдждеттен – 5549,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1966,8 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаражаты есебінен – 113,4 млн теңге сомасында қаражат көздестірілді.

Оның жиыны 7,1 млрд.теңгесі инвестициялық жобаларды іске асыруға, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5,3 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен – 1,7 млрд.теңге бөлінді.

Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектеб салу, бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін және ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты қайта құрылымдау және кеңейту; «Жұлдыз» шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құру және орнату; «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан «Кендірлі» курортты демалыс аймағына газ бұру құбырын салу және автоматтандырылған газ бөлу жүйесін тарту; Жаңаөзен қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша комбинат салу (1-3 кезеңдер); қалалық аурухананың терапевтік корпусының ғимаратын салу; 5 спорттық құрылысты салу; 6 шығар жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосын салу; ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 60 және 100 пәтерлік (пәтерлік үлгідегі жатақхана) екі тұрғын үй салу; Жаңаөзен қаласындағы әскери комиссариат ғимаратын салу сияқты жобаларды іске асыру 2014 жылы жалғасуда.

«Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарын сумен жабдықтаудың тарату желілерін салу; Жаңаөзен қаласында 50 төсек-орындық стационары бар медициналық орталық салу («ӨМГ» АҚ қаражаты); канализациялық-тазарту құрылыстарын салу (1-кезек); су тазарту станциясының резервтік жүйесін қайта құрылымдау, қала суының резервуарлық паркін кеңейту; «Мұнайлы», «Бостандық», «Рахат», «Ақсу», «Бәйтерек», «Ақбұлақ», «Мамыр», «Арай», «Астана» шағын аудандарының және Теңге, Қызылсай ауылдарының орталық көшелерін жарықтандыру желілерін салу және Жаңаөзен қаласының Қашаған, Маңғыстау, Қосқұлақов, Бейбітшілік, Достық, Абай, Мұнайшы, Мичурин және 17 маусым атты орталық көшелерінің жарықтандыру желілерін қайта құрылымдау жобаларын іске асыру ағымдағы жылы басталмақ. 

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясындағы іс-шараларды іске асыруға, Жаңаөзен қаласы үшін 2014 жылы іс жүзінде 1 321,8 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен мына іс-шаралар көздестірілген:

1)Жаңаөзен қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – 257,6 млн.теңге (республикалық бюджеттің қаражаты), оның ішінде:

- Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлерін субсидиялау – 48,0 млн. теңге;

- жаңа өндірістер құруға гранттар беру – 15,0 млн. теңге;

- моноқаладағы кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу жөніндегі шаралар көрсету (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту) – 69,4 млн. теңге;

- кәсіпкерлерді шағын кредиттеу – 125,2 млн. теңге;

2)Жаңаөзен қаласында инженерлік инфрақұрылымды дамыту – 1064,2 млн.теңге (республикалық бюджет – 1033,2 млн.теңге, жергілікті бюджет – 31,0 млн.теңге), оның ішінде:

- Жаңаөзен қаласын, Теңге мен Қызылсай ауылдарын абаттандыру – 97,1 млн. теңге;

- Жаңаөзен қаласындағы «Шұғыла» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру – 409,4 млн. теңге;

- Теңге ауылында РП-6 кВ тарату пунктін және «Рахат-1,2,3» 110/6 кВ қосалқы станциясынан Жаңаөзен қаласы Теңге, Қызылсай ауылдарының шығыс бөлігіне дейін ВЛ-6 кВ әуе желісін салу – 83,5 млн. теңге;

- Жаңаөзен қаласының қалашілік автомобиль жолдарын салу – 147,8 млн. теңге;

- Жаңаөзен қаласының «Мамыр» (Арай-2) шағын ауданында темір жол депосына апаратын автомобиль жолын салу – 59,5 млн. теңге. 


Соңғы жаңарту : 2015-11-03 16:09:24

Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz